«Kaz M-I» ЖШС
Қазақстан-Америка бірлескен кәсіпорны KAZ M-I 2008 жылдың соңында құрылды. Бірлескен кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары бұрғылау сұйықтықтарын өндіру және сату, бұрғылау қалдықтарын қайта өңдеу, мұнай өндіру реагенттерін және құбыр қосымшаларын жеткізу, ұңғыманың механикалық тазартуы үшін құралдарды жеткізу және т.б.
M-l SWACO - әлемдік бұрғылау сұйықтықтары нарығының 40%-дан астамын қамтитын халықаралық мұнай-газ сервис компаниясы, 60 жылдан астам тарихы бар, мұнай-газ өндіру кәсіпорындарын бұрғылау, ұңғымалардың өнімділігін арттыру, өндіру, экологиялық шешімдер сияқты салаларда реагенттермен, технологиялармен және қызметтермен қамтамасыз етеді.
M-I SWACO компаниясы әлемнің 75-ден астам елінде филиалдары бар, әлемдік мұнай-газ саласының маңызды бөлігі.