«KMG Green Energy» ЖШС
«KMG Green Energy» ЖШС
0

Оценка компании соискателями

0%

Кәсібилілік

0%

Сыпайылық

0%

Кері байланыстың жылдамдығы

«KMG Green Energy» ЖШС

«KMG Green Energy» ЖШС

«KMG Green Energy» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ) 100% еншілес компаниясы болып табылады және ҚМГ компаниялар тобының жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын дамыту және климаттық күн тәртібін жүзеге асыру бойынша негізгі операторы ретінде әрекет етеді. Компания жобаларды жобалау сатысынан бастап объектілерді пайдалануға беруге дейін сүйемелдеуге белсенді түрде қатысады.

Компания портфеліндегі негізгі энергетикалық жобалар:

  1. Жаңаөзен қаласында (Маңғыстау облысы) қуаты 247 МВт гибридті электр станциясын салу
  • Қатысушылар құрылымы: Eni – 51%, ҚМГ – 49%. Бұл ретте «KMG Green Energy» гибридті топтың әкімшісі ретінде әрекет етеді.
  • Белгіленген қуаты (247 МВт): Күн электр станциясы 50 МВт, Жел электр станциясы 77 МВт, Газ электр станциясы 120 МВт.
  • Іске асыру мерзімдері: 2024–2027 жылдар.
  • Экологиялық және технологиялық әсері: CO2 шығарындыларын жылына 327 мың тоннаға дейін қысқарту (төмен көміртекті генерацияның үлесі ~37%). ГазЭС Маңғыстау облысындағы ҚМГ нысаналы объектілерінің тұрақты электр энергиясымен жабдықталуын қамтамасыз ету үшін ЖЭК-тің ауытқып тұратын генерациясын теңгерімдейді.
  1. Электр энергиясын жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт ЖЭС салу («Мирный» жобасы)
  • Қатысушылар құрылымы: TotalEnergies – 60%, «Самұрық-Энерго» қоры – 20%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%.
  • Орналасқан жері мен қуаты: ҚР Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мирный кенті. ЖЭС қуаты 1 ГВт құрайды, электр энергиясын жинақтау жүйесінің (ЭЭЖЖ) сыйымдылығы – 300 МВт / 600 МВт·сағ.
  • Іске асыру мерзімдері: 2026–2029 жылдар.
  • Өндірістік және экологиялық көрсеткіштері: болжамды өндіру көлемі – жылына шамамен 3,8 млн МВт·сағ. CO2 шығарындыларын жыл сайынғы қысқарту 3 млн тоннадан асады.

Компаниядағы бос орындар

Еншілес компаниялардағы бос орындар