«Қазгермұнай» БК» ЖШС
«Қазгермұнай» БК» ЖШС – Қазақстанның мұнай шығару секторындағы ірі компаниялардың бірі болып табылады. Компания өзінің көмірсутек шикізатын барлау, өңдеу, шығару және өткізу қызметтерін және Қызылорда облысының Оңтүстік Торғай ойпатындағы Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында жүзеге асырады.
Орталық Ақшабұлақ кен орны
Мұнай кен орны №7 іздеу скважинасының бұрғылау нәтижелері бойынша 1989 жылы ашылған. Ірі Құмкөл кен орнынан оңтүстікке қарай 75 шақырым жерде орналасқан және 235 шаршы километр алаңын алып жатыр. Бұл мұнай өндірудің қорлары мен көлемі бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС ең ірі кен орны болып табылады. Кен орны 1996 жылдың қазан айынан бастап өңделіп жатыр.
Шығыс Ақшабұлақ кен орны
№2 скважинаны бұрғылаумен 1989 жылы ашылған.
Орталық Ақшабұлақ кен орнынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Кен орны 1999 жылдың қазан айынан бастап өңделуде.
Оңтүстік Ақшабұлақ кен орны
№3 скважинаны бұрғылаумен 1989 жылы ашылған.
Газ-мұнай кен орны оңтүстік жағынан өңделіп жатқан Орталық Ақшабұлақ кен орнына тікелей жалғасып жатады. Кен орны 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап өңделуде.
Нұралы кен орны
Нұралы құрылымы 1983 жылы ашылған.
Құрылым Ақшабұлақ кен орнынан солтүстік-батысқа 35 км орналасқан және 350 шаршы километр алаңын алып жатыр.
Бұл қорлар мен өндіру көлемі бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС екінші кен орны болып табылады. Мұнай ең алғашқы рет 1987 жылы табылған, ал өндіруі 1996 жылдың маусым айында басталған.
Ақсай кен орны
Ақсай газ-мұнай кен орны 1988 жылы ашылған.
Ақшабұлақ кен орнынан батысқа қарай 25 км орналасқан және 296 шаршы километр алаңды алып жатыр. Осы кезде кен орны уақытша тоқталып тұр. Кен орны бойынша 2011 жылдың аяғында кен орнын өңдеу бойынша жобалық құжаттар бекітілген. 2014 жылы кен орнының аббатандыруы мен пайдалануға өндірістік ендіруі аяқталды.