Артқа

Қарапайым да тиімді кеңестер. Заңды қалай оқу керек?

04 мам. 2021
Қарапайым да тиімді кеңестер. Заңды қалай оқу керек?

Лайфхак №. 1 Оқудың қажеті жоқ

Заңдарды үтір-нүктесіне дейін жаттап алам деу бос әурешілік. Нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) өте көп – тіпті жүздеген мың, оның үстіне халықаралық шарттар бар.

Тіпті қызметі тар ауқымда деп есептелетін корпоративтік заңгерлер (мысалы, компанияның негізгі қызметі) үлкен ақпарат қорымен айналысады. Мәселен тек еңбек қатынастары мәселесін қарастыру керек болғанымен, осы бір тақырыптың өзінде Еңбек кодексін ғана емес, сонымен қатар оған байланысты құжаттарды - заңды және заңға тәуелді актілерді зерделеу қажет. Ал олардың бәрін игеру мүмкін емес екендігі айқын. Заңгерлер жиі жұмыс істейтін кейбір қағидалар ғана есте қалады.

Заңгерге НҚА-ға ден қойып, нақты жағдайға қолданылатын қажетті нормаларды таба білуі абзал. Қазіргі заманғы технология заңгерге қажетті НҚА табуға және өзгерістерді бақылауға көмектеседі.

Лайфхак №2. Мұқият зерделеңіз

Сонымен, НҚА оқу жеткілікті, бірақ ерекше ден қоя оқыған жөн. Әрбір тармақта құқықтық және қисынға салатын мағына тосып тұрады.

Белгілі бір жайт бір немесе бірнеше байланысты НҚА-ның бірнеше нормаларынан құралуы мүмкін.

Оқу кезінде тиісті қағиданың сіздің жұмысыңызда немесе өміріңізде қалай қолданылуы мүмкін немесе бұрын қолданылғаны туралы бірден елестетіп, белсенді сілтемелер арқылы өтіп (кейінге қалдырмай) - белгілі бір тақырып/жағдай бойынша құқық нормаларының жалпы көрінісін құра отырып, байланысты ақпаратты тауып, оқып шығуды ұсынамын. Осылайша салыстыру, сараптау және түсіну кезінде ақпарат шашыраңқы күйде емес, тұтас түрде игеріліп, қажет сәтте жадыда жаңғырады.

Лайфхак №3. Технологиялар көмекке келеді

Заңгерлер ұзақ уақыттан бері қағаз құжаттарды пайдаланбайды. Ол үшін нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық жүйелері (АЖ) бар. Ондағы ақпарат күн сайын жаңартылады.

АЖ бетінде дәл керек уақытқа қажетті нормаларды іздеуге болады; мысалға тікелей НҚА-да оған қатысты құжаттарға сілтемелер бар.

Жүйеде жұмыста жиі қолданылатын құжаттарды «таңдаулылар» қатарына қосуға және тақырыптар бойынша жүйелеуге, өзгерістерді бақылауға белгілеуге болады. Бұдан әрі АЖ пайдаланушыны платформадағы пуш-хабарламалар арқылы және/немесе электрондық поштаға таңдалған/бақылауға белгіленген НҚА-ға өзгерістер енгізілгені туралы құлағдар етеді.

Сондай-ақ АЖ жаңалықтар таспаларында пайдаланушыны жаңа, өзгертілген НҚА немесе жоспарланған өзгерістер туралы жалпы хабардар етеді.

Лайфхак № 4. Дұрыс байыптау

Норманың мағынасын дұрыс түсіну үшін, әдетте, құжаттың басында орналастырылған, нормада қолданылатын терминологияны немесе кейбір жалпы қырларын айқындайтын немесе нақтылайтын тармақтарды ескеру қажет.

НҚА-ны байыптау кезінде заңнама қағидаттары олардың сөздік саралануының тура мағынасына сәйкес тарқатылуы тиіс екенін есте сақтаған ләзім. Байланысты мағыналық тұстан сөйлемді бөлек жіктеуге (бұрмалай қолдану) жол берілмегені жөн.

Құқық нормаларын жақсы ұғыну үшін құқықтың жалпы қағидаттарын дұрыс түсіну керек, кейде заң нормасының нақты мағынасын анықтау үшін оны қабылдаудың тарихи шарттарын ескерген де абзал.