Артқа

Сауия Жәкиева, ҚМГ Қашаған Б. В., «ҚОРДАҒЫ ЖҰМЫС – бұл біздің балаларымыздың өмірі үшін Қазақстанды үздік мекенге айналдыру мүмкіндігі»

03 нау. 2021
Сауия Жәкиева, ҚМГ Қашаған Б. В., «ҚОРДАҒЫ ЖҰМЫС – бұл біздің балаларымыздың өмірі үшін Қазақстанды үздік мекенге айналдыру мүмкіндігі»

Кейіпкеріміз және де ҚазҰЗУ оқытушысы, бизнес-коуч болып табылады. Бұрын ол «Самұрық-Қазына» АҚ-да, сондай-ақ Agip KCO, PFD International (Теңізшевройл) және PhilipMorris-те жұмыс істеді.

Сізді Қор командасына қосылуға не түрткі болды?

Мені оның мұраты – ұлттың әл-ауқатын арттыру жағы шабыттандырды. Қордың ел экономикасының дамуына қолайлы ықпал ету мүмкіндігі бар деп сенемін. Мен өз жұмысым арқылы Қазақстанның әл-ауқатына және осында балаларымның өмірі үшін жақсы мекен құруға ықпал ете алдым.

Өз мұратын орындау үшін Қорға бизнесті толыққанды трансформациялау қажет болды. Трансформацияны адамдар жүзеге асырады, сондықтан мен жұмыс істеуге келген кадр қызметіне жаңа ойлау қабілеті бар кәсіби басқарушыларды тарту және баулу міндеті жүктелді. Бұл дегеніңіз, бизнес иелерінің ойлауымен, коммерциялық ұстамдылықпен және инновацияны ілгерілетуге дайындықпен.

Жоғары кәсіби трансформатор-мамандармен жұмыс істегенімді және ауқымды өзгерістерге қатысқанымды мақтан тұтамын. Бұл өзгерістер қазіргі уақытта да жалғасып жатқан Қордың қайта құрылуының негізі болып саналады.

Сіз қазір қандай лауазымдасыз?

Қазіргі уақытта «ҚМГ Қашаған Б.В.» компаниясының персоналды басқару директорымын. Компания ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қатарына кіреді, Солтүстік Каспий жобасындағы қазақстандық үлесті басқарады және басқа халықаралық акционерлермен қатар Қашаған кен орнында операциялар жүргізуге қатысады.

Болашақта компания Қазақстанның көмірсутек шикізатын өндіру және сату бойынша ірі жобаларды өз бетінше іске асыруды жоспарлап отыр. Сондықтан персоналды басқарудың негізгі міндеті - құзыреттер мен кадрлық әлеуетті дамыту. Бұл тікелей кен орнында өндіріс үшін, соның ішінде шетелдік персоналды алмастыру үшін мамандарды іріктеу және даярлау. Солтүстік Каспий жобасында қазақстандық персонал 90%-дан астам үлеске ие, бұл ел тарихындағы алғашқы теңіз кен орны үшін жақсы көрсеткіш болып табылады.

Жұмысым қызықты, өйткені үнемі дамып, өз ісімдегі ерекше және ынталы кәсіпқойлардан үйренемін, олардың көпшілігі – еліміздің мұнай-газ саласының ардагерлері. Бұл менің қызметіме ерекше мән береді.

Қор туралы жұмыс беруші ретінде айтып беріңізші.

Менің ойымша, Қорды тамаша жұмыс беруші ретінде сипаттауға болады. Мұнда мансаптық және жеке өсу үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Командаға 2014 жылы аға менеджер ретінде қосылдым. Бір жылдан кейін халықаралық трансформация командасына өту және бизнес-үдерістерді реинжинирингтеу бойынша жобаны жүргізу мүмкіндігі пайда болды. Қорда алған тәжірибем мен білімім коммерциялық блоктың HR-бизнес-серіктесі лауазымына іріктеуден өтуге көмектесті. Салалық сарапшылармен және топ-менеджерлермен жұмыс істеу көкжиекті кеңейтуге мүмкіндік берді және күрделі шешімдерді дербес қабылдауға үйретті.

Кәсібіңізде жетіле беруді жалғастырасыз ба?

Жақында кәсіби дамудың заманауи құралдарының бірі болып табылатын бизнес-коучингпен айналысуға кірістім. Осы жылы халықаралық деңгейдегі ICF коуч сертификатын алдым. Сонымен қатар, ҚазҰЗУ қабырғасында HR-менеджмент курсын оқытуды жалғастырып, білімімді жас ұрпақпен бөлісіп келемін. Балалар өте ақылды, білімді, этикалық және экологиялық принциптері жоғары, әлемді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылуда. Мен бұл артықшылықты, олар үшін тәлімгер болу және дамуына қолдау көрсету ерекше бағалаймын.

Кейде Қазақстанның HR-менеджерлері қауымдастығының жобаларына қатысу үшін уақыт табамын.

Жұмысты жанға жағымды істермен бірге алып жүруге мұрша бола ма?

Бос уақытымды отбасыммен өткіземін. Белсенді демалысты жақсы көреміз. Жазда – 40 шақырымдық велокросс, жүгіру, теннис және табиғат аясындағы тынығу. Қыста – тау шаңғысы, коньки және сырғанау. Сондай-ақ, бізде жұма күндері әртүрлі елдердің тағамдарынан дәм татып, олардың мәдениеті мен дәстүрлерін талқылайтын отбасылық дәстүр бар.