Артқа

Жүректің әміріне бағынып, ата жолын қуғанда. Екі ҚТЖ қызметкерінің жұмысқа орналасу тарихы

28 ақп. 2023
Жүректің әміріне бағынып, ата жолын қуғанда. Екі ҚТЖ қызметкерінің жұмысқа орналасу тарихы

Бүгін біз сіздермен QSamruk.kz көмегімен сүйікті жұмысын тапқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ екі қызметкерінің оқиғасымен бөлісеміз.  

Вадим Савиков «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Ақмола бөлімшесі» филиалының Астана пайдалану локомотив депосы Атбасар ТЧЭ-11 электровоз машинисінің көмекшісі болып істейді.

«Оқудан кейін бірден машинист болып істей бастадым. Таңдауым  кездейсоқ емес еді - кім болғым келетінін нақты білдім. Барлық нәрседе атамды үлгі тұтып, жолын қудым», - дейді Вадим.

QSamruk.kz порталында бос жұмыс орны туралы жабарландыру жарияланғанын Вадимге достары айтқан. 

 «Портал өте ыңғайлы, барлығы түсінікті, егжей-тегжейлі көрсетілген. Сауалнаманы толтырғаным сол, бірнеше күннен кейін тиісті қызметке қатысты бос орын пайда болды. Іріктеу байқауынан сүрінбей өтіп, міне, компанияның бір бөлігі атандым», - деп әңгімелейді ол.

Вадим ең бірінші кезекте өзіне жақсы әріптестер жолыққанына қуанады. Ұжым өте тату және әрдайым көңілді. Ал бұл өте маңызды. Әріптестер, әсіресе бастапқыда болатын қиындықтарды ескерсек, әрқашан кеңес беруге және көмекке келуге дайын.

 «Әрине жұмыс оңай емес, бірақ мәртебелі, қадірлі. Жалақымыз тәуір және қызмет жолында өсу мүмкіндігі бар. Қазіргі заманда бұл жайттардың орны елеулі екенін жоққа шығаруға болмас. Сапар алдында әбден тынығып, ұйқымды қандыруға тырысамын. Түнгі ауысымды жақсы өткіземін, бірақ одан кейін ағза мен уақыт ырғағы бұзылып, дұрыстап ұйықтау қиынға соғады. Алайда өз жұмысымды сүйетіндіктен, бұл маған ләззат сыйлайды», - дейді Вадим.

Мақаламыздың тағы бір кейіпкері – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы Астана учаскесі «Тальго» жолаушылар пойызының жолсерігі қызметіне кіріскен Айжан Мұқажанова. 

Бұған дейін Айжан 7 жыл Степногорск қаласында банкте жұмыс істеген. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын оқып тауысқан. Жаңа белесте Айжанды жұмыс кестесі, пойыздар мен саяхаттарға деген сүйіспеншілік қызықтырған. 

Жасыратыны жоқ, ел арасында жылдам тарайтын ауызекі әңгімелер ақпарат берудің ең оңтайлы және тиімді түрлерінің бірі екені анық. QSamruk.kz туралы Айжанға да досы жеткізген және сайттағы бос жұмыс орындарын үнемі қарап отыруды ұсынған.

 «Порталды пайдалану, мазмұнын қарау оңай. Жұмысты тезірек табуға көмектесетін көптеген қызықты мүмкіндіктер бар», - дейді «Тальго» жолсерігі.

Ұлттық тасымалдаушы ұжымына қосылу үшін Айжан кәсіби білімді тексеретін тестілеуден, содан соң басшылықпен сұхбаттан өткен. Қазір ол штатқа қабылданды.

«Әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасау, терезенің сыртында зуылдаған табиғат бедерлері – жолсеріктер сапары осындай. Алайда, мұның артында қажырлы еңбек тұрғанын есте ұстаған жөн. Жолсеріктің жұмысында мазасыз сәттерге төзімділік, адамдармен тіл табыса білу, шыдамдылық пен жинақылық жол жүру кезінде туындайтын түрлі жағдайларды, сұрақтар мен қиындықтарды шешу үшін аса қажет қасиеттер», - дейді Айжан.

Жолсерік - болат магистральдың бет-бейнесі десек, қателеспеспіз. Аталмыш қызметкерлер әрдайым көркем де көрікті келбетте жүргені абзал: кәсіби де ұстамды, сұлу, жинақы түр-сипат, мұқият көзқарас және тағы басқа. Ең бастысы – жауапкершілік пен ерен еңбекке құштарлықты жоғалтпау.

«Жұмысымдағы анық артықшылық - бұл 6 күн жұмыс істеу мен 6 күн демалатын қолайлы кесте. Сондықтан өз таңдауыма ризамын. Бұл қызыққа әрі шытырман оқиғаға толы қызмет түрі», - дейді Айжан.

Еске салайық, QSamruk.kz мыңдаған адамдарға «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында сүйікті жұмыс табуға мүмкіндік беруде. Бос жұмыс орындары туралы ақпаратты порталда 495 ұйым және олардың филиалдары орналастырады. 140 000-нан астам үміткер тіркелген. 2019 жылдан бастап 30 000-нан астам бос жұмыс орны туралы мәлімет жарияланса, платформа іске қосылғалы жұмыс іздеушілер бос орындарға 275000-нан астам рет қызығушылық танытқан.