"Жолаушылар тасымалы "АҚ "Оңтүстік" Жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалының кадр бөлімінің инспекторы

347 984 - 368 664
Региональный филиал по пассажирским перевозкам "Южный" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
26

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиал директорының еңбек заңнамасына, ережелеріне, нұсқаулықтары мен бұйрықтарына сәйкес филиал қызметкерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етеді;
  • жеке құрамды есепке алу, қызметкердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беру, еңбек кітапшаларын сақтау және толтыру және кадрлар бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізу, сондай-ақ филиал қызметкерлерін көтермелеу мен марапаттауға ұсыну үшін материалдар дайындау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
  • демалыс кестелерін жасау және орындау бойынша жұмысты, филиал бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйін және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
  • жеке құрамды есепке алу және кадрлармен жұмыс бойынша белгіленген есептілікті жасаудың дұрыстығы мен уақтылығын жүзеге асырады;
  • бөлім бойынша Мемлекеттік сатып алу жоспарында көрсетілген шарттардың талаптарын уақтылы орындауды қамтамасыз етеді;
  • бөлім қызметкерлерінің филиалдың бухгалтериясына қаржыландыруға өтінімдерді уақтылы ұсынуын қамтамасыз етеді;
  • қызметкерлердің материалдық көмек көрсетуге өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
  • еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының есебін жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;
  • конкурстық комиссияның отырыстарын өткізуді қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Құқықтану; әлеуметтік жұмыс; экономика; менеджмент; Қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; психология; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; қоғаммен байланыс; әлеуметтану; саясаттану; персоналды басқару және / немесе теміржол мамандықтары
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы