Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының орталық қойма жүк тиеушісі "ҚазТрансОйл" АҚ

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
91

Қаралған саны:
682

   Конкурс туралы

Міндеттер:

1)   жүк тиеу, түсіру, қойма ішіндегі қайта өңдеу жұмыстарын орындау, сұрыптау, орналастыру, тасымалдау, орау және т.б. қолмен, ең қарапайым тиеу - түсіру құралдары мен тасымалдау құралдарын пайдалана отырып;

2)   қоймаларда және көлік құралдарында жүктің бекітілуі мен жабылуын орындау, люктерді, борттарды, қозғалмалы құрамның есіктерін ашу және жабу, жүк түсірілгеннен кейін қозғалмалы құрамды тазалау, қызмет көрсетілетін тиеу-түсіргіш құралдар мен тасымалдау құралдарын тазалау және майлау;

3) қоршаулардың, қауіпсіздік құралдарының, блоктау және сигнал беру құрылғыларының, жеке, топтық және ұжымдық қорғау құралдарының, өткелдердің, өтпелердің, алаңдардың, баспалдақ құрылғыларының, перилдердің жағдайын тексеру, сондай-ақ олардың ластануы мен кептелуінің болмауы;

4) нақты тапсырма алғаннан кейін, жұмыстарды орындау үшін наряд-рұқсат немесе басшының ауызша бұйрығын ресімдегеннен кейін, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық алғаннан кейін ғана жұмыс істеу;


Талаптар:

1)      жүк тиеу және түсіру ережелері;

2)жүктің қоймада және көлік құралдарында орналастыру, бекіту, жабу ережелері;

 3)ең қарапайым тиеу-түсіргіш құралдар мен тасымалдау құралдарын пайдалану ережелері;

4) жүк тиеу және түсіру кезінде көтеру - тасымалдау механизмдерімен шартты сигнализация;

5) ашық теміржол қозғалмалы құрамына және автокөліктерге жүк тиеу кезінде рұқсат етілген габариттер, теміржол вагондарынан жүк түсіру және оларды штабельге орналастыру кезінде;


Шарттар:

Конкурс негізінен Маңғыстау облысының тұрғындары арасында өткізіледі. Егер жергілікті еңбек нарығында сәйкес кандидаттар болмаса, екінші кезекте басқа өңірлерден кандидаттар қарастырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім