Тасымалдау құжаттарын өңдеуші операторы Ақтау порт стансасы

311 868 - 326 111
Мангистауское отделение магистральной сети Маңғыстау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
23

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Кезекшілікті қабылдау кезінде қабылдау-жөнелту жолдарындағы жағдаймен танысады, жүк пойыздарының есептен шығарылмаған құрамдарын салыстырып тексереді.

Тасымалдау құжаттарын қабылдау мен өңдеуді жүзеге асырады.

Пойыздарды нақты құрам бойынша есептен шығаруды, сондай-ақ салмағы мен ұзындығының азаюына байланысты ағытылған вагондарды және құрамды толықтыру үшін тіркелген вагондарды табиғи парақ пен жеделхаттардағы вагон нөмірлерін салыстыру арқылы есепке алады.

Жүк құжаттарын локомотив машинисіне ДУ-40 кітабына міндетті түрде қол қойдыру арқылы тапсырады.

Станция кезекшісінің нұсқауы бойынша жөнелтілетін пойыздың тепловоз машинисіне Ф.ДУ-61 бланкін жеткізеді.

Техникалық және коммерциялық ақаулары бар вагондардың дұрыс тіркелуі мен ағытылуын тексереді.

Тасымалдау құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Жүк вагондарын санақтан өткізуге қатысады.

Тасымалдау құжаттарының толықтығын салыстырып тексереді және ТГНЛ бойынша құжатқа енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Мәліметтердің дұрыс енгізілмеуі немесе құжат графаларының, оның ішінде 6.22-графаның (өту пункті) қате толтырылуы анықталған жағдайда, вагонды қалыптастыру жоспарының дұрыстығын нақтылау үшін ағытады.

4775 анықтамасы бойынша уақытша әкелу мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық бағыттар бойынша вагондар мен контейнерлерге қатысты ТСМП жүйесіндегі ТДТС нөмірлерін бақылауды жүзеге асырады. Кеден бекеті НИП «Кеден» жүйесінде ТДТС ресімделген ППВ нөмірі бойынша мәліметтерді енгізбеген жағдайда, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор АСОУП жүйесіне әрбір шетелдік вагон мен контейнер бойынша деректерді енгізеді. Сұрау салу: (:912 0:4775 1 вагон №).

Жергілікті вагондардың тасымалдау құжаттарына күнтізбелік мөртаңбаларды қояды, олардың нөмірлерін тасымалдау құжаттарын тапсыру журналына тіркейді, жол ведомостарын және жүкқұжаттарды тауар кассасына, ал вагон парақтарын аға жүк қабылдап-тапсырушыға береді. Құжаттарды тапсыру журналына тауар кассирі мен жүк қабылдап-тапсырушы қол қояды.

Ауысымдар бойынша құжаттарды тапсыру кітабын жүргізеді.

Ақаулы вагондардың есебін жүргізеді.

Жөнелту және келу бойынша номенклатуралық жүктерді тіркеу кітабын жүргізеді, номенклатуралық жүктерді ХУ-5 нысаны бойынша әскерилендірілген күзетке, ал жеңіл тұтанатын жүктерді НОРП-49 талаптарына сәйкес ХУ-3 нысаны бойынша ұсынады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық-кәсіптік)
  • Саласы бойынша мамандығы: Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру.
  • Еңбек өтілі:  талап етілмейді

Қосымша талаптар:

Нормативтік және техникалық білімін тексеру үшін 2 жылда 1 рет аттестациядан өтеді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж