«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қызылорда 1 класс стансасының парк бойынша кезекшісі

от 246 730
Кызылординское отделение магистральной сети Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
18

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Жұмысқа уақытылы келуге, тынығып келген, белгіленген арнайы киіммен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілген болуы тиіс. Өзімен бірге қызметтік куәлігін, еңбек қауіпсіздігі және электр қауіпсіздігі бойынша куәлігін, ПТЭ, ИСИ, ИДП бойынша куәліктерін алып жүруге міндетті.

Кезекшілікке кіріспес бұрын сағат 08:40/20:40-та станция бастығының әкімшілік ғимаратына келіп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мақсатты нұсқамадан өтіп, кезекшілікке кірісу алдындағы нұсқама журналында қол қоюы тиіс.

2. Теміржол жолдарында болған кезде және технологиялық жұмыстарды орындау барысында еңбек қауіпсіздігі мен жеке қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жұмыс орнын, сеніп тапсырылған техникалық құралдарды, жұмыс беруші берген арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдарын ұқыпты ұстауға міндетті.

3. Кезекшілікті қабылдау кезінде станцияның ТРА талаптарына сәйкес жолдардың бекітілу сенімділігін, тежегіш табандардың жарамдылығын, күрбелдердегі пломбалардың болуын және сөрелердің құлыпталу сенімділігін тексереді.

4. Өзінің пайдалануындағы мүліктің және басқа қызметкерлердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді.

5. Жолаушылар және жүк пойыздарын өз посты маңындағы белгіленген орында қарсы алып, шығарып салады. Маневрлік жұмыстарға қатысқан кезде пойыздарды тұрған жерінен қарсы алып, шығарып салады.

6. Станция кезекшісінің немесе маневрлік диспетчердің нұсқауы бойынша вагондарды пойыз құрамынан ағытады, тепловозсыз қалдырылған құрамдарды немесе жеке вагондарды станция жолдарында қажетті мөлшердегі тежегіш табандармен бекітеді және ТРА талаптарына сәйкес оларды уақытылы алып тастайды.

7. Станция кезекшісінің нұсқауы бойынша локомотив машинистеріне жасыл және қызыл диагональ жолағы бар ақ түсті бланкілерді, жол жазбаларын, хабарламаларды (ДУ-50, ДУ-54, ДУ-64 және т.б.) тапсырады. ДУ-67 нысанындағы тежегіш табандар мен вагондарды бекіту құрылғыларының нөмірлік есебін жүргізу журналын толтырады.

8. СЦБ құрылғылары орталықтандырудан ажыратылғанда немесе олардың қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда, көрсетілген маршрут бойынша бағыттамаларды күрбелмен ауыстырады және аспалы құлыппен бекітеді.

9. Пойыздарды қабылдау және жөнелту кезінде, сондай-ақ маневрлік жұмыстар жүргізілгенде бөгде адамдар мен малдың маршрутқа кіруіне жол бермеу мақсатында маршрутты күзетуді қамтамасыз етеді.

10. СЦБ және байланыс құрылғылары істен шыққан жағдайда жолдың бос екендігін және пойыздарды қабылдау мен жөнелту маршруттарының дайындалуын тексереді.

11. Құжаттардың, мүкәммалдың және қатаң есептегі құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.

12. СЦБ құрылғылары жұмысының ақаулары, қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін қиындықтар немесе штаттан тыс жағдайлар анықталған кезде бұл туралы дереу станция кезекшісіне немесе маневрлік диспетчерге хабарлайды және олардың нұсқауы бойынша авариялық немесе штаттан тыс жағдайды жою шараларын қабылдайды.

13. Теміржол көлігі объектілерінен жүк немесе материалдық құндылықтардың ұрлану фактілері анықталған кезде, сондай-ақ станция жолдарында, пойыз құрамдарының жанында немесе басқа теміржол объектілерінде күдікті бөгде адамдар байқалған жағдайда бұл туралы дереу тікелей басшысына хабарлайды.

14. Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік органдар актілерінің, Компания қызметіне қатысты өзге де құжаттардың, еңбек шартының, корпоративтік басқару кодексінің және Компанияның басқа да жергілікті актілерінің талаптарын қатаң сақтайды.

15. Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын қатаң сақтайды.

16. Өз жұмыс орнында ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, ISO 45001, ISO 50001, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттары талаптарына негізделген интеграцияланған менеджмент жүйесінің енгізілуін, талаптарының сақталуын және жұмыс күйінде болуын қамтамасыз етеді.

17. Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану арқылы еңбек өнімділігін және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды.

18. СЦБ және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда маневрлік жұмыстарды жүргізу процесіне қатысады.

19. Тежегіш табандардың, құжаттардың, мүкәммалдың және қатаң есептегі құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.

20. Пойыздың толық құраммен келгенін, соңғы вагонда белгі беру сигналының болуын бақылайды, ал ұзын құрамды пойыздарды кері жылжыту кезінде маршруттың дайындығын және оның күзетілуін тексереді.

21. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасайды.

22. Жоспарлы және жоспардан тыс техникалық сабақтарға қатысады.

23. Вагондарды кері жылжытуға рұқсат алмай немесе қозғалыс бағыты бойынша бірінші вагонда болмай, кері жылжыту жөнінде команда беруге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Біліктілік талаптары:

1. Білімі, біліміне қойылатын талаптар

Білімі:

Міндетті: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта (техникалық және кәсіптік) білім.

Біліміне қойылатын талаптар:

Міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін, теміржол көлігі кәсіпорындарының экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін Серіктестіктің жергілікті актілерін, қозғалыс қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және теміржол көлігіндегі электр қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған теміржол көлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін Компания мен Серіктестіктің жергілікті актілері мен нұсқаулықтарын, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындауға қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттарды білу.

Қалаулы: мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу, коммуникабельділік, іскерлік қасиеттер, ұжымда серіктестік қарым-қатынасты қолдай білу.

2. Мамандығы

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім:

- тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).

Орта (техникалық және кәсіптік) білім:

- көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша);
- теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.

3. Жұмыс тәжірибесі

Қызмет бағыты бойынша:

Кемінде 1 жыл мынадай лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы:

- пойыз құрастырушы;
- вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші;
- бағыттама постының кезекшісі;
- тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор;
- сигналшы;
- станция кезекшісі жанындағы оператор;
- орталықтандыру постының операторы;
- сұрыптау дөңесінің операторы.

Немесе жоғарыда көрсетілген лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Қалаулы: магистр дәрежесінің немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы.

Басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі:

Талап етілмейді.

4. Дағдылары

Міндетті:

- менеджмент және тәуекелдерді басқару жүйелерінің құралдарын меңгеру;
- даму жоспарларын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру;
- Серіктестіктің еңбек ресурстарына қажеттілігін есептеу;
- қойылған міндеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, жетекшілік ететін бөлімшелердің жұмысын жүйелі жоспарлау;
- ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын іске асыру және жұмыс барысында басымдықтарды дұрыс айқындау;
- жұмыс уақытын ұтымды бөлу.

Қалаулы:

- әртүрлі көзқарастар арасында келісімге келе білу және сындарлы диалог жүргізу;
- командада жұмыс істеу дағдыларына ие болу;
- көшбасшылық және коммуникативтік дағдыларды меңгеру;
- көпшілік алдында сөйлеу дағдыларының болуы.

Қосымша талаптар:

1) еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;

2) Серіктестік басшылығының және тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;

3) іскерлік әдеп нормаларын және корпоративтік мәдениетті сақтау;

4) құпиялылық талаптарын және Серіктестік пен Компанияның жергілікті актілерінің нормаларын бұзбай, шынайы ақпаратты уақтылы ұсыну;

5) өзінің пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

6) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, комплаенс мәдениетін қалыптастыру, іскерлік беделді нығайту және Серіктестікке деген сенімді арттыру мақсатында келесі шараларды жүзеге асыру:

а) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысу;

б) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, сондай-ақ Серіктестіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттары мен талаптарын сақтау;

в) жеке мүдделердің Серіктестік пен Компания мүдделеріне қайшы келуіне әкелетін жағдайлар мен мән-жайларға жол бермеу. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда (немесе оның туындау ықтималдығы болған кезде) бұл туралы тікелей басшысына немесе Серіктестіктің комплаенс-бақылаушысына жазбаша түрде хабарлау;

г) Серіктестік қызметкерінің жасаған немесе жасап жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы белгілі болған кез келген дерек бойынша Компанияның «сенім телефонына», не өзінің тікелей немесе жоғары тұрған басшысына және (немесе) Серіктестіктің комплаенс-бақылаушысына дереу хабарлау;

д) Компанияның қызметкер этикасы мен мінез-құлқына қатысты ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;

е) Компанияның мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөніндегі ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;

ж) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Серіктестіктің жергілікті актілері талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу және профилактикасын жүргізу;

з) құрылымдық бөлімше жетекшілік ететін процестерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен комплаенс саясаттарының талаптарын енгізу;

8) өзіне сеніп тапсырылған негізгі құралдар, материалдар және учаскелерде орналасқан өзге де мүлік үшін материалдық жауапкершілік атқарады;

9) «Қорғаныстың үш желісі» моделіне сәйкес Серіктестіктің тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі және ішкі бақылау шеңберіндегі функцияларды іске асырады;

10) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген процестер мен операцияларды сапалы әрі уақтылы орындау;

11) қызметтік құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократизм көріністеріне жол бермеу, бюрократизм фактілері анықталған жағдайда Серіктестіктің жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қажетті шараларды қабылдау;

12) Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік органдар актілерінің, Жалғыз акционердің және Серіктестік қызметіне қатысты өзге де құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;

13) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру