«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы қаржы департаментінің бюджеттік қаржыландыру және өтінімдерді өңдеу жөніндегі менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Дирекция филиалдарын, дирекцияның құрылымдық бөлімшелерін қызмет мерзімін ұзарта отырып, арнайы жылжымалы құрам күрделі, деполық жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы орталықтандырылған шарттар бойынша, теміржол көпірлерін жөндеу бойынша, жол теміржол техникасын жөндеу бойынша, ЛЖС үшін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға өтінімдерді қарайды, өңдейді және қалыптастырады;
- өзара есеп айырысуды жүргізу қағидаларына сәйкес еншілес ұйымдармен жасалған шарттар бойынша қаржыландыруға өтінімдерді қалыптастырады;
- дирекцияның құрылымдық бөлімшелері, Дирекция филиалдары мәлімдеген қаржыландыру сомаларының негізділігін бақылайды және тексереді;
- дирекцияның құрылымдық бөлімшелері, Дирекция фидирекцияның орталықтандырылған шарттары бойынша қаржыландырудың жалпы тізілімін жүргізеді;
- бюджеттік қаржыландыру және өтінімдерді өңдеу жөніндегі функционалдық бағыттың құзыреті шегінде Компания дирекция директоры атынан жасасатын шарттар бойынша шарттардың және оларға қосымша келісімдердің, хабарламалардың (бұзу туралы, өсімпұл есептеу туралы) жобаларын келіседі;
- дирекция директоры атынан компания жасаған шарттар бойынша қаржыландыруды талдауды және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;
- қаржыландыруға келіп түскен өтінімдердің күнделікті мониторингін жүргізеді;
- филиалдардан, құрылымдық бөлімшелерден қаржыландыруға түскен өтінімдер бойынша күнделікті ақпарат дайындайды;
- шарттарды қамтамасыз етуді және жетекшілік ететін шарттар бойынша аванстық төлемді қайтаруды қамтамасыз етуді орындау ретінде берілген банктік кепілдіктердің түпнұсқаларын қайтару мәселесін белгіленген тәртіппен пысықтайды;
- шарттардың түпнұсқаларын, шарттарға қосымша келісімдерді, хабарламаларды сақтауды жүзеге асырады.
Қосымша талаптар:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Экономика, Есеп және аудит, Қаржы, Менеджмент;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар