ЖШС "КТ-ТЕЛЕКОМ PR жөніндегі бас менеджер
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Компанияның қызметі туралы баспасөз релиздерін, ресми түсіндірмелерді, сұхбаттарды, мақалаларды, анықтамалық, презентациялық және өзге де ақпараттық материалдарды дайындау;
- Бұқаралық ақпарат құралдарымен, салалық алаңдармен, сарапшылар қауымдастығымен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
- Компанияның коммуникациялық және PR-стратегиясын іске асыруға қатысу;
- Компанияның қатысуымен өткізілетін баспасөз конференцияларын, брифингтерді, сұхбаттарды, форумдарды, көрмелерді, дөңгелек үстелдерді және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және ақпараттық сүйемелдеу;
- Компания басшылығы үшін тезистерді, баяндамаларды, анықтамаларды, БАҚ сұраныстарына жауаптарды және өзге де материалдарды дайындау;
- Компания қызметі мен іске асырылып жатқан жобаларды бұқаралық ақпарат құралдарында және цифрлық коммуникация арналары арқылы ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
- Компанияның корпоративтік ақпараттық ресурстары мен әлеуметтік желілеріне арналған контентті дайындау және орналастыру;
- Ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды талдау, талдамалық анықтамалар мен есептерді дайындау;
- Компанияның беделін басқару және брендтің оң имиджін қалыптастыру жұмыстарына қатысу;
- Компанияның жобалары мен бастамаларын ілгерілетуге бағытталған коммуникациялық науқандарды дайындауға және іске асыруға қатысу;
- Ақпараттық материалдарды дайындау және коммуникациялық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
- Коммуникациялық және маркетингтік мақсаттарға арналған фото-, бейне-, презентациялық және өзге де материалдарды дайындауға қатысу;
- Компанияның коммуникациялық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
- Қызметкердің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша есептілікті дайындау;
- Департамент директорының және Компания басшылығының өз құзыреті шегіндегі өзге де тапсырмаларын орындау.
Талаптар:
- Журналистика, қоғаммен байланыс, маркетинг немесе халықаралық қатынастар саласы бойынша жоғары білім;
- Коммуникациялар, қоғаммен байланыс, маркетинг, медиа, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл, корпоративтік коммуникациялар саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі.
Кәсіби білім:
- PR, корпоративтік коммуникациялар және беделді басқару негіздері;
- Бұқаралық ақпарат құралдарымен, блогерлермен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және сарапшылар қауымдастығымен өзара іс-қимыл қағидаттары;
- Қазақстан Республикасының жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары, коммуникациялар, дербес деректерді қорғау және зияткерлік меншік саласындағы заңнамасы;
- Баспасөз релиздерін, түсіндірмелерді, сұхбаттарды, ақпараттық хабарламаларды, баяндамалар тезистерін және презентациялық материалдарды дайындау тәртібі.
PR саласының негізгі қағидалары мен теориясы:
- PR әдіснамасы мен құралдары;
- Дағдарыстық коммуникациялар және дағдарысты еңсеру технологиялары;
- Бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
- Жұмыс құжаттарының түрлері және оларды дайындау әдістемесі;
- PR-іс-шараларын (брифингтерді, баспасөз конференцияларын және т.б.) ұйымдастыру және өткізу;
- Қоғаммен байланыс саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе;
- Дағдарыстық және дағдарысқа қарсы коммуникациялар негіздері;
- Іскерлік қарым-қатынас әдебі және қызметтік хат алмасуды жүргізу тәртібі;
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті деңгейде меңгеру.
Еңбек жағдайлары:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- 5/2 жұмыс кестесі, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Жалақының уақытылы төленуі;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы – 24 күнтізбелік күн.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы-«магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі» баспасөз қызметінің бас маманы (Астана станциясының орналасқан жері)
Акмолинское отделение магистральной сети | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
25.06.2026 | 663
416 848 - 431 504
Маркетинг маманы (аутстаффинг секторы) (көшірме)
«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
16.06.2026 | 1556