HR-консалтинг департаментінің жобалар басшысы
«Samruk Business Academy» ЖММ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Жоба бойынша ресурстар мен жұмыс көлемін жоспарлауды ұйымдастырады, сметалық құжаттаманы және техникалық ерекшелікті дайындайды, тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін анықтау, қажетті ақпаратты жинау, сондай-ақ шарттық жұмыстарды (шартты әзірлеу, шарт талаптары мен мазмұнын тапсырыс берушімен келісу) жүзеге асырады.
- Келіссөздер жүргізеді, жеткізушілерді іздеу, іріктеу және бағалауды жүзеге асырады, мекеме үшін тиімді шарттарға қол жеткізу және жобаны табысты іске асыра алатын провайдерді таңдау мақсатында ынтымақтастық талаптарын келіседі.
- Жалақыға шолу жүргізу қызметтерін ұсынатын провайдерлермен өзара іс-қимыл жасайды.
- Жалақыға шолу жүргізу бойынша провайдермен шарт жасасуды әкімшілендіреді, жалақыны талдау үшін қажетті материалдарды толтырады.
- Тапсырыс берушінің қызметкерлеріне лауазымдарды сипаттау және бағалау, бизнес-социологиясы бойынша оқыту сессияларын өткізеді.
- Лауазымдарды грейдтеу және персоналды бағалау жобалары бойынша қызметкерлердің жалпы жиналыстарын ұйымдастырады және өткізеді.
- Лауазымдарды талдау мен сипаттауды жүзеге асырады және оларды лауазым иелерімен келіседі.
- Іске асырылып жатқан жобалар шеңберінде лауазымдар мен персоналды бағалайды.
- Тұрақты және ауыспалы сыйақы төлеу жүйесінің жалпы тұжырымдамасының тиімділігін талдайды.
- Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және сыйақы беру мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарға талдау жүргізеді.
- Қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
- Тапсырыс берушінің құзыреттер бойынша бағалау процесінің тиімділігін талдайды, құрылымдалған тереңдетілген сұхбат жүргізеді.
- Жобаның мәртебесін талқылау үшін тапсырыс берушімен аралық кездесулер ұйымдастырады.
- Лауазымдарды бағалау, қызметкерлерді марапаттау жүйесі және персоналды бағалау бойынша презентациялық материалдарды дайындайды.
- Тапсырыс берушінің Бақылау кеңесі / Директорлар кеңесі / Бағалау комитеттерінің отырыстарына лауазымдарды бағалау және қызметкерлерге сыйақы төлеу мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде қатысады.
- Тапсырыс берушілер үшін қорытынды презентациялық материалдарды дайындайды және барлық материалдарды электрондық және қағаз форматында ұсынады.
- Тапсырыс берушінің Бақылау кеңесі / Директорлар кеңесі / Бағалау комитеттері үшін лауазымдарды бағалау, қызметкерлерге сыйақы төлеу және бизнес-социологиясы мәселелері бойынша талдамалық есептер мен презентациялар әзірлейді.
- Ұсынылатын құралдар, әдіснамалар және шешімдер бойынша оқыту іс-шараларының бағдарламалары мен материалдарын әзірлейді.
- Департамент сарапшыларының мөлшерлемелерін есептеуге арналған материалдарды қалыптастырады, лауазымдарды грейдтеу, сыйақы жүйесін жетілдіру және персоналды бағалау қызметтері бойынша сметалық есептерді жүргізеді.
- Жобаға тартылған Департамент қызметкерлеріне қолдау көрсетеді, олардың кәсіби дамуына, лауазымдық міндеттерін толық меңгеруіне ықпал етеді, білім мен сараптамасын бөліседі.
Талаптар:
- Персоналды басқару / экономика / қаржы / менеджмент саласында жоғары білім.
- Hay Group сертификатының болғаны құпталады.
- Адам ресурстарын басқару және/немесе HR-консалтинг саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Лауазымдарды бағалау жүйесін енгізу немесе сүйемелдеу тәжірибесі.
- Басшылық лауазымда немесе жобаларды басқару бойынша кемінде 2 жыл тәжірибесінің болғаны құпталады.
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің негіздерін білу.
- Еңбекті мөлшерлеу, ұйымдық дизайн және персоналды бағалау негіздерін білу.
- Жобаларды басқару негіздерін білу.
- Лауазымдық жалақы схемаларын әзірлеу және модельдеу тәжірибесі.
- Лауазымдарды бағалау және талдау құралдарын (Hay және/немесе Mercer әдіснамалары), нарықтық деректер мен жалақы шолуларын талдау және интерпретациялау дағдыларын білу.
Шарттары:
- Жұмыс уақыты: 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру.
- Лауазымдық жалақы, тоқсан қорытындысы бойынша сыйақы, материалдық көмек.
- Әлеуметтік пакет: фитнес және стоматологиялық қызметтер.
- Жыл сайынғы 30 күнтізбелік күндік ақылы еңбек демалысы.
- Қызметтік тасымалдау (развозка).
Ұқсас вакансиялар
«KTZ Express» АҚ Бухгалтерлік және салықтық есеп департаментінің салықтық есеп және әкімшілендіру тобының менеджері
АО «KTZ Express» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
29.06.2026 | 444
от 482 846
ТЧЭ-19 бухгалтерлік есеп бөлімінің 1 санатты бухгалтері "ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС Екібастұз пайдалану локомотив депосы-"Павлодар"
ТЧЭ-19 ЕКИБАСТУЗСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группы | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар облысы
03.07.2026 | 224
320 110 - 335 395
Алтынкөл станциясы бойынша "Кедентранссервис" АҚ филиалының бухгалтері
ГР Алтынколь Алматы АО «Кедентранссервис» | Еңбекпен толық қамтылу
| Пиджім а.
02.07.2026 | 187
от 494 675