«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңындағы тасымалдар» филиалының 3 деңгейдегі бухгалтерлік есеп менеджері

от 410 783
Филиал "Пригородные перевозки" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
23

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Локомотив бригадалары мен филиал басқармасы аппаратының қызметкерлеріне "Фаворит" АЖ-да еңбекақы, іссапар шығыстарын, аурухана парақтары мен демалыс парақтарын есептеу, сондай-ақ атқару парақтары бойынша және қызметкерлердің өтініштері бойынша ұстап қалулар жүргізу;
  • ай сайын "Фаворит" АЖ уәкілетті органдардың қаулыларына сәйкес атқару парақтарына, алименттерге және өзге де ұстап қалуларға сәйкес қызметкерлердің жалақысынан ұстап қалуды жүргізеді;
  • Сот орындаушыларына берешек сомаларын ұстап қалу және аудару туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, есеп түрінде ақпаратты уақтылы ұсыну;
  • тоқсан сайын "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға "еңбек жөніндегі есеп" ФҚ-6 қаржылық есептілік нысанын қалыптастыру және ұсыну және "әлеуметтік сипаттағы жалпы шаруашылық шығыстар"БФҚ-25-ке таратып жазу;
  • "Жолаушылар тасымалы" АҚ-на жалақы, іссапар және демалыс шығыстары бойынша қаржыландыруға өтінімдер жасау, қалыптастыру және ұсыну;
  • адами ресурстарды басқару және заң жұмысы жөніндегі топпен бірлесіп актуарлық есептеулерді қалыптастыруға, жалақыға, сыйлықақыларға, іссапар шығыстарына және демалыс шығындарына өтінім жасауға және ұсынуға қатысады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Есеп және аудит; Қаржы; Экономика
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр