Жетекші бухгалтер
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС Астана қ.Міндеттері:
Банктегі ағымдағы, депозиттік және өзге де шоттар бойынша ақша қаражатын есепке алуға қатысты бастапқы құжаттарды уақтылы қабылдауды, тексеруді және өңдеуді қамтамасыз ету.
Банктегі ағымдағы, депозиттік және өзге де шоттар бойынша ақша қаражатын есепке алу операцияларының дұрыс әрі уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету.
Жалақыны есептеу, мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге салықтар мен алымдарды есептеу және аудару, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға сақтандыру жарналарын аудару, банк мекемелеріне төлемдер, басқа да төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру, ұйымның ай сайынғы есептік ведомосын қалыптастыру.
Товарищество мүлкін түгендеуге қатысу, міндеттемелерді түгендеу; тиісті түгендеу тізімдемелерін жасау; ақша қаражатын түгендеуге қатысу.
Есепке алудың тиісті учаскелері бойынша есептілік жасау үшін деректерді дайындау, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалау, оларды архивке тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдеу.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есеп беруге тиесілі сомалар бойынша есеп айырысуларға байланысты бухгалтерлік есеп шоттарында операцияларды көрсету, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын және құжат айналымы тәртібін сақтау; Есеп беруге тиесілі тұлғалардың аванстық есептерін толтыру дұрыстығын тексеру; Есеп беруге тиесілі тұлғалардың аванстық есептерді ұсыну мерзімдерін және қызметкерлердің пайдаланылмаған ақша қалдығын қайтару мерзімдерін бақылау.
Салықтар бойынша және салықтық регистрлер бойынша салықтық есептілікті уақтылы және сапалы қалыптастыру әрі ұсыну.
Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша лицтік шотты бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру; Салық органы бойынша салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерге қатысты салыстыру актісін жасау.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына статистикалық есептілікті қалыптастыру және ұсыну. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бухгалтерлік және салықтық есепке қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау. Товариществоның Есеп саясатын және Салықтық есеп саясатын әзірлеуге және олардың өзектілігін қолдауға қатысу.
Біліктілік шеңберінде және басшылықтың тапсырмалары шегінде басқа да жұмысты орындау
Талаптар:
Жоғары кәсіби білім, «Кәсіби бухгалтер» сертификатының болуы міндетті, «Дипифр русс» сертификатының болуы құпталады
Бухгалтер ретінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
Бухгалтерлік есепті және салықтық есептілік нысандарының қалыптасуын білу;
ХҚЕС (МСФО), ҚР Салық кодексін, ҚР Еңбек кодексін; Кеден
кодексін ҚР;
Тексеруші және бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
Білуі: 1С, Салық төлеушінің кабинеті, СОНO, ЭСФ, СНТ, ИСНА, Банк-Клиент;
Excel және Microsoft Office-тің басқа да қолданбаларын жақсы білу және қолдану;
Бухгалтерияның барлық учаскелерін білу (негізгі құралдарды есепке алу, тауар-материалдық қорларды есепке алу, дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу, ақша қаражатын есепке алу, есеп беруге тиесілі тұлғалар бойынша есеп, жалақыны есептеу, салықтар және т.б
Шарттары:
Жеткізу (тасымалдау)
8-00-ден 17-00-ге дейінгі бескүндік жұмыс аптасы, 12-00-ден 13-00-ге дейін түскі ас, сенбі, жексенбі — демалыс күндері
30 күн демалыс
Ұқсас вакансиялар