"KEGOC" АҚ "Сарбай ЖЭТ" филиалының материалды-техникалық жабдықтау және шаруашылық қамту қызметінің маманы, Рудный қ.
Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Рудный қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидаларына, нормаларына сәйкес үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсетуді және олардың тиісті жай-күйін қамтамасыз етеді;
- санитария құралдарын, кеңсе тауарларын және шаруашылық мүкәммалын сатып алуға жылдық сатып алу жоспарын қалыптастырады және қорғайды;
- өрт сөндіру және өрт сумен жабдықтау құралдарының жарамдылығына бақылау жүргізеді, өрт эвакуациялау жоспарларын жаңартады, тиісті журналдарды жүргізе отырып, өрт сөндіргіштерге тоқсан сайын тексеру жүргізеді;
- филиал базасында жарықтандыру, жылыту, энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жарамды күйінде профилактикалық жұмыстарды және қолдауды, филиал базасының кондиционерлеріне, тоңазытқыштарына техникалық және профилактикалық қызмет көрсетуді бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;
- күзгі-қысқы кезеңде ғимараттар мен үй-жайларды жұмысқа дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
- аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және қатысады, сенбіліктер, филиал базасы ғимараттарының қасбеттерін мерекелік безендіруді жүргізеді;
- негізгі құралдарды сатып алуға, негізгі құралдарды есептен шығаруға техникалық-экономикалық негіздемелер дайындайды;
- филиал аумағындағы коммуналдық қызметтер (ҚТҚ шығару және көму, септиктерді айдау, дератизациялау, дезинфекциялау және дезинсекциялау жөніндегі қызметтер), кондиционерлер мен тоңазытқыштарға техникалық қызмет көрсету, филиал аумағын көгалдандыру бойынша жылдық бюджетті қалыптастырады және қорғайды. SAP ERP жүйесіне жылдық коммуналдық өтінімдерді енгізеді және бекітеді. Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жетекшілік ететін қызметтерге шарттар жасасады. Қызметтерге арналған шарттарға сәйкес көлемдердің орындалуын бақылайды. ЅАР жүйесіне қызметтер бойынша шоттар енгізеді, төлем үшін құжаттарды дайындайды;
- филиал базасын жылу энергиясы ыстық сумен жабдықтау және суық сумен жабдықтау бойынша есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін береді, есепке алу аспаптарын тексеруді және оларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
- жасалған шарттарға сәйкес қоқысты шығаруға өтінім береді;
- аутстаффинг бойынша ұсынылған қызметкерлердің жұмысын бақылайды, аутстаффинг қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді, орындалған жұмыстар актісін ресімдейді, SAP ERP бағдарламасына деректерді енгізеді, арнайы киім беруді бақылайды және есепке алуды жүргізеді;
- арнайы киімді береді, алады, таратады, арнайы киімнің есебін жүргізеді, кию нормаларына сәйкес, SAP ERP бағдарламасында есептен шығаруды уақтылы жүргізеді. Жеке есеп карточкаларын жүргізеді.
Талаптар:
-
Білім деңгейі - Жоғары / орта кәсіптік;
- Білім беру профилі-Экономика / электрмен жабдықтау / Құқықтану / бухгалтерлік есеп және аудит;
- Қажетті тәжірибе-Жоғары білім қажет емес. Орта кәсіптік білімінде кемінде 1 жыл.
- MS office тәжірибелі пайдаланушы.
Шарттар:
- Бос орын Рудный қ. орналасқан.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар
Ш. Шоқин атындағы Қапшағай ГЭС Ғимараттар мен гидроқұрылыстарды пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер Ғимараттар мен гидроқұрылыстарды пайдалану және жөндеу цехтары.
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Қонаев қ.
23.07.2026 | 106
Бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармасының бас бухгалтерінің орынбасары
ТОО «Уранэнерго» | Еңбекпен толық қамтылу
23.07.2026 | 27
Инвестициялық жобалар және бизнесті қолдау департаментінің аға менеджері.
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
22.07.2026 | 5517