Лауазымдық жауапкершілік:
БӨ 4-разрядты аппаратшысы білуі қажет:
- қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы;
- қызмет көрсетілетін учаскедегі физика-химиялық реакциялар мен процестердің мәні;
- процестерді реттеудің технологиялық режимдері мен ережелері: реагенттерді дайындау; пульпалардың жіктелуі; қождарды сілтіден айыру; магний фторидін жуу және кептіру; ФБА ерітінділерін сүзу; өндіріс айналымдары мен қалдықтарын қайта өңдеу;
- негізгі және қосалқы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен пайдалану ережелері;
- арматура және коммуникациялар схемасы;
- шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттері;
- шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар;
- шикізат пен өнімнің шығуын есептеу әдістемесі;
- сынамаларды іріктеу ережесі, талдау жүргізу әдістемесі;
- шикізат пен дайын өнімге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар;
- қауіпті химиялық заттар туралы негізгі мәліметтер (бұдан әрі мәтін бойынша – ҚХЗ). ҚХЗ қауіпсіз жұмыс ережелері. ҚХЗ есепке алу, сақтау және қолдануды ұйымдастыру.
- электртехнологиялық персонал үшін рұқсат берудің екінші тобы көлеміндегі электр қауіпсіздігі.
БӨ 5-разрядты аппаратшысы білуі тиіс (қосымша):
- технологиялық схема және өндіріс регламенті;
- технологиялық процестерді жүргізу және реттеу тәртібі: ФБА ерітінділерін түзету, ФБА ерітінділерін тазарту және буландыру, ФБА кристалдарын алу;
- жүзеге асырылатын процестердің физика-химиялық негіздері;
- негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының конструкциясы;
- жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді сақтау ережелері;
- бақылау талдаулары мен есептеулерді жүргізу әдістемесі;
- бейорганикалық және органикалық химия негіздері;
- ВС- 5, ВС-6; ВС-7 сору желдеткіш жүйелерінің құрылысы мен пайдалану ережесі;
- қойма орынжайларда ҚХЗ сақтау нормалары.
БӨ 6-разрядты аппаратшысы білуі тиіс:
- өндірістің технологиялық схемасы;
- химиялық реакциялар мен технологиялық процестердің физика-химиялық негіздері мен мәні;
- негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының конструктивтік ерекшеліктері;
- химиялық учаске жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
- алынған өнімнің сапасына әсер ететін жағдайлар;
- шикізатты, жартылай фабрикаттарды тұтыну және дайын өнімнің шығу нормалары.
БӨ 4,5,6-разрядты аппаратшысы қосымша білуі тиіс:
- «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік актілердің талаптары, жұмыс орнындағы электр қауіпсіздігі;
- жұмыс нұсқаулары;
- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері;
- «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі;
- ҚР еңбек заңнамасының негіздері;
- өндіріс экономикасы;
- сапа менеджменті, Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергоменеджмент, қоршаған ортаны қорғау жүйелері (СМЖ, ДҚжЕҚҚМЖ, ЭНМЖ, ҚОМЖ).
Білім:
4-6-разряд үшін – жалпы орта және кәсіптік даярлықтан төмен емесДағдылар:
БӨ 4-разрядты аппаратшысы орындай білуі тиіс:
- технологиялық процестерді жүргізу: реагенттерді дайындау, пульпаларды жіктеу, қождарды сілтіден айыру, магний фторидін жуу және кептіру, сұйықтықты тазарту, ФБА ерітінділерін сүзу, шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді дайындау, өндіріс айналымдары мен қалдықтарын қайта өңдеу;
- технологиялық регламент пен жұмыс нұсқаулығына сәйкес еріту, сүзу, сығу, булау, кристалдану, центрифугалау, кептіру және басқа да технологиялық регламентке және жұмыс нұсқаулығына сәйкес физика-химиялық операциялар;
- жұмыс ерітінділерін дайындау, вакуум жасау, қыздыру, ерітіндіні араластыру, тазартылған ерітіндіні қажетті консистенцияға жеткенше буландыру;
- ерітіндіні кристаллизаторға немесе вакуумды кристалдау қондырғысына жіберу;
- кристалдану процесін, температураны бақылау және реттеу;
- қатаң белгіленген мөлшерде аппараттарға шикізат пен материалдарды дайындау, мөлшерлеу және тиеу;
- теміржол цистерналарынан шикізатты цистерналардан қоймаға айдау үшін желіні баптай отырып қабылдауды жүргізу;
- МЕМСТ және ТУ сәйкес дайын өнімнің ыдысын таңбалауды және орауды жүргізу;
- аралас цехтардан бөшке ыдыстары мен теміржол цистерналарын қабылдауды жүргізу, жарамдылық пен тазалықты бақылауды жүргізу;
- дайын өнімді электрокар көмегімен және қолмен автомашиналарға тиеу;
- температуралық режимдерді бақылау, жабдықты авариялық тоқтату, бөшкелер мен цистерналарға құйылатын өнімнің мөлшерін көзбен және бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу;
- технологиялық жабдыққа, резервуарларға, бу және ыстық су құбырларына, технологиялық құбырларға қызмет көрсету;
- сынамаларды іріктеу және талдау нәтижелері бойынша химиялық реакциялардың барысына тұрақты бақылау жүргізу;
- сынама алуды жүргізу, нұсқаулықта көзделген талдауларды орындау;
- стандартты өнімнің шығуын қамтамасыз ету;
- технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерін алдын алу және жою;
- бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану;
- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;
- технологиялық жабдықтың жұмысында күрделі емес жөндеу және жекелеген ақауларды жою
- резервуарларды, түйіспелі құтыларды, технологиялық құбырларды тазалау, майұстағышты тығыздағышты ауыстыру.
БӨ 5-разрядты аппаратшысы қосымша білуі тиіс:
- технологиялық процестерді жүргізу: ФБА ерітінділерін түзету, ФБА ерітінділерін тазарту, ФБА ерітінділерін буландыру, ФБА кристалдарды алу;
- сұйықтықтарды тазартудың күрделі технологиялық процесін жүргізу;
- үлкен жауапкершілік пен сақтықты қажет ететін күрделі химиялық реакцияларды жүргізу;
- материалдар мен реагенттерді қабылдауды, сәйкестендіруді және есепке алуды жүргізу;
- технологиялық схемалар мен қондырғыларды бөлшектеу және құрастыру;
- қатаң белгіленген мөлшерде процесс барысында шикізат пен материалдарды дайындауды, есептеуді және жүктеуді жүргізу;
- реттеу құрылғыларын басқару;
- жұмыс нұсқауларына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу;
- талдау және бақылау нәтижелері бойынша процесті түзету;
- желдету жүйелерін іске қосу және тоқтату;
- біліктілігі төмен аппаратшыларға басшылық ету.
БӨ 6-разрядты аппаратшысы қосымша білуі тиіс:
- шикізат пен басқа компоненттерді дайындау мен есептеу, дайын өнімнің шығуын жүргізу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау;
- технологиялық процестің барысына дербес бақылау жүргізу;
- айрықша жауапкершілікті және айналымда ерекше сақтықты талап ететін күрделі химиялық реакцияларды өз бетінше жүргізу;
- бақылау талдауларын жүргізу, реакцияның аяқталу сәтін анықтау;
- химиялық учаскедегі ауысым жұмысын бақылау және үйлестіру;
- технологиялық тәртіп нормаларынан ауытқу себептерін анықтау және жою;
- дайын өнімді түсіру және ресімдеу.
Қосымша:
Лауазымдық жалақының мөлшері:
4 разряд 148 630 теңгеден бастап 308 198 теңгеге дейін;
5 разряд 163 493 теңгеден бастап 339 018 теңгеге дейін;
6 разряд 179 842 теңгеден бастап 372 920 теңгеге дейін.
Білетін тілдер:
-