Шығыс Қазақстан өндірістік филиалының автокөлік қызметі жүргізушісі (4-разряд)

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Зайсан қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
91

   Конкурс туралы

Құрметті үміткер!

Біздің компаниямызға көрсеткен қызығушылығыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Вакансияға жауап бермес бұрын, конкурсқа іріктеудің міндетті шарттарымен танысып шығуыңызды сұраймыз:

  1. Берілген деректердің (білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және т.б.) дұрыстығына үміткер жауап береді.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарламадан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы анықтама ұсыну қажет.
  1. Өтінеміз, жеке кабинетіңіздегі тиісті хабарламаларды қадағалаңыз.
  2. Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.


Міндеттері:

  • автокөлік құралдарына күнделікті техникалық тексеріс жүргізеді;
  • ТО-1, ТО-2 техникалық қызмет көрсетуге қатысады;
  • ағымдағы жөндеу бойынша автокөлік құралдарының жөндеу жұмыстарына қатысады;
  • жұмыс барысында автокөлік пен жабдықтың ақауларын анықтаса, қажетті өлшеулерді, аспаптар мен датчиктердің көрсеткіштерін жүргізеді, жұмысты дереу тоқтатып, автокөлік құралының істен шығуына жол бермеу үшін ақауларды жоюға кіріседі;
  • қызмет көрсетілетін автомобильдердің агрегаттарының, механизмдерінің және аспаптарының тағайындалуын, құрылысын, жұмыс істеу принципін және жұмысын білуі тиіс;
  • автокөліктерді отынмен, майлау материалдарымен және салқындатқыш сұйықтықпен толтыру;
  • автокөлікті жүкті тиеу және түсіру үшін беру, тиеуді бақылау, жүктің автокөлік кузовында орналасуы мен бекітілуін қадағалау, желіде жұмыс барысында механизмдерді бөлшектеуді талап етпейтін ұсақ ақауларды жою;
  • желіге шығар алдында автокөліктің техникалық жай-күйін тексеру және қабылдау, оны тапсыру және автошаруашылыққа қайтып келгеннен кейін белгіленген орынға қою.

Талаптар:

  • Білімі - орташа;
  • Кәсіби салада жұмыс тәжірибесі - 2 жыл;
  • Категориясы көрсетілген жүргізуші куәлігі;
  • Автокөлік құралдарын техникалық пайдаланудың қағидаларын; Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қағидаларын; жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын; қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктердің тізбесін білуі тиіс.

Шарттары:

  • ҚР ЕК сәйкес ресімдеу.
  • Жұмыс кестесі ауысымдық.