Мониторинг және жедел ден қою қызметінің менеджері

«Қазпошта» АҚ «Qazpost Digital» филиалы Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
116

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) Қоғамның төлем карточкалары бойынша күмәнді операцияларға мониторинг жүргізу, алаяқтық операцияларды анықтау, тергеу және алдын алу мақсатында, карточка ұстаушыларының олардың қатысу дәрежесін айқындау
    2) Карточкалық операциялар бойынша филиалдарды сүйемелдеу: карточкаларды жабу, карточкалық шоттарды жабу, карточкаларды бұғаттау / бұғаттан босату, карточкалар бойынша өнімдерді өзгерту, қаржы институттарын порталау, карточка бойынша лимиттер мен шектеулерді өзгерту, карточкаларды активтендіру, ПИН-код есептегішін нөлге келтіру, филиалдардың өтініштері бойынша Қоғамның карточкалық жүйесіндегі клиенттердің досьесіне өзгерістер енгізу
    3) Басқа құрылымдық бөлімшелер қызметкерлеріне консультациялық қолдау көрсету
    4) Менеджердің құзыретіне жататын жазбаша сұрауларға уақытылы ден қою (электрондық пошта, телеграмм, құжаттандыру)
    5) Бөлім басшысының, Басқарманың немесе Қоғам басшылығының өзге тапсырмаларын орындау
    6) Бөлім алдында тұрған өзге де міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету
    7) Бөлім жұмысының тақырыбы бойынша УМиКПКО басшылығының жекелеген тапсырмаларын орындау
    8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық, банктік және өзге заңмен қорғалатын құпияны сақтау
    9) БВУ-мен хат алмасу

Талаптар:

  • Жоғары білім және/немесе бейін бойынша орта арнаулы: экономика және/немесе математика және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе банк ісі.
  • Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Шарттар:

  • ауысымдық жұмыс кестесі