ҚТЖ "ҰК" АҚ- "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалы Шымкент станциясының есепке алу тобының жетекші маманы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Магистральдық желінің Шымкент бөлімшесі ұсынған деректер негізінде SAP HRP-де жұмыс берушінің кадр ісін жүргізу жөніндегі актілерінің уақтылы қалыптастырылуына, қалыптастырылу мерзімдерінің сақталуына жауапты болады;
- жалақы есептеуді жүзеге асырады, қызметкерлердің дербес шоттарын жүргізеді, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес Компанияның құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің жалақысынан алынатын салықтардың сомасын айқындайды;
- Банк-клиент жүйесінде қызметкерлер мен зейнеткерлерге жалақыны, өзге де төлемдерді аудару үшін төлем тапсырмаларын қалыптастырады;
- Компанияның құрылымдық бөлімшесінің сұратуы бойынша екі жұмыс күні ішінде қызметкердің жалақысын есептеу жөніндегі анықтаманы қалыптастырады және ұсынады;
- персоналмен еңбекақы төлеу жөніндегі есеп айырысуларға байланысты шаруашылық операцияларының бухгалтерлік және салықтық есеп тіркелімдерінде толық, уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді;
- еңбекке ақы төлеу бойынша, есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар бойынша, берілген қарыздар бойынша персоналмен есеп айырысулар бойынша есеп айырысуларға түгендеу жүргізеді;
- есеп беруге берілген ақшалай қаражаттың мақсатты жұмсалғанын және магистральдық желінің Шымкент бөлімшесінің басшысы бекіткен аванстық есептердің дұрыс жасалғанын растайтын құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Саладағы мамандығы: Есеп және аудит; Қаржы, Экономика;
- Жұмыс тәжірибесі: өтіліне талап қойылмайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар