Лисаков газ шаруашылығының электргаз дәнекерлеушісі — «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалы Лисаков қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Құрметті ізденуші!
Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
- Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
- Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
- Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.
Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.
Міндеттері:
- Қолмен доғалық, плазмалық және газдық дәнекерлеу — орташа күрделіліктегі бөлшектерді, тораптарды, конструкцияларды және құбырөткізгіштерді конструкциялық болаттардан, шойыннан, түсті металдардан және олардың қорытпаларынан; сондай-ақ көміртекті болаттардан жасалған тораптардың, конструкциялардың және құбырөткізгіштердің күрделі бөлшектерін барлық дәнекерлеу тігігінің кеңістіктік (позициялық) жағдайларында дәнекерлеу. Қолмен оттегілік, плазмалық және газдық тура сызықты және фигуралық кесу; бензоқұралмен және керосинқұралмен кесу аппараттарын тасымалданатын, стационарлық және плазмалық кесу машиналарында қолдана отырып, әртүрлі болаттардан, түсті металдардан және қорытпалардан жасалған күрделі бөлшектерді белгілеу (сызба/разметка) бойынша әртүрлі позицияларда кесу. Орташа күрделіліктегі және күрделі аппараттарды, тораптарды, құбырөткізгіштерді автоматты және механикалық дәнекерлеу — әртүрлі болаттардан, шойыннан, түсті металдардан және қорытпалардан. Әртүрлі позицияларда әртүрлі болаттардан, шойыннан, түсті металдардан және қорытпалардан жасалған күрделі бөлшектерді қолмен электрдоғалық ауамен қақтау (строгание). Шойыннан жасалған конструкцияларды дәнекерлеу. Машиналар, механизмдер, конструкциялар және құймалардағы ақауларды күрделі бөлшектерге механикалық өңдеуге және сынақтық (пробалық) қысымға дайындау үшін қаптау (жапсыру). Күрделі конструкцияларды ыстықтай түзету. Әртүрлі күрделі дәнекерленген металлконструкциялардың сызбаларын оқу.
Талаптар:
- Орта білім немесе орта арнаулы білім, «Электрогазбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша арнайы даярлық
- Жұмыс тәжірибесі: мамандық бойынша кемінде 1 жыл
Шарттар:
- Жұмыс орны: қ. Лисаковск
Қажетті қабілеттер
- - Ответственно и внимательно выполняю поставленную перед собой
Ұқсас вакансиялар
"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Павлодар материалдық-техникалық жабдықтау базасының электр газбендәнекерлеушісі
Павлодарская база материально-технического снабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар облысы
02.09.2026 | 142
232 758 - 242 651
Сервистік орталықтың 4-5-6 разрядты электр газ дәнекерлеушісі (04.02.2026 жылғы № 48-12-10/503 өтінім) - 1 бірлік Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
24.08.2026 | 1543