Күрделі құрылыс департаментінің директоры

«QazaqGaz Processing » ЖШС Мақат к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
39

   Конкурс туралы

Негізгі міндеттері

  • Газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде (Pre-FEED, FEED, EPC, пайдалануға енгізу) Күрделі құрылыс департаментінің қызметін ұйымдастыру және басқару.
  • Күрделі құрылыс жобаларының бекітілген мерзімдерге, бюджетке, сапа талаптарына, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жобалық көрсеткіштерге сәйкес іске асырылуын қамтамасыз ету.
  • EPC/EPCM мердігерлерінің, құрылыс мердігерлерінің, техникалық консультанттардың, жобалау ұйымдарының, жабдық жеткізушілерінің және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.
  • Құрылыс-монтаж жұмыстарына құрылыс бақылауын, техникалық қадағалауды және мониторингті ұйымдастыру.
  • Құрылыс кестесінің сақталуын, жобаның негізгі кезеңдері мен бақылау нүктелерінің (Milestones) уақтылы орындалуын бақылау.
  • Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын, орындалатын жұмыстардың жобалық құжаттамаға, нормативтік талаптарға және халықаралық стандарттарға сәйкестігін бақылау.
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, құрылыс нормаларының, экологиялық талаптардың, еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі (HSE) талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
  • Құрылыс тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру және оларды төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
  • Мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде жұмыстардың көлемін, мерзімдерін, құнын және сапасын бақылау.
  • Өзгерістерді басқару (Management of Change), техникалық ауытқуларды, талап-арыздарды және жұмыс көлемінің өзгерістерін қарау процестерін үйлестіру.
  • Инжинирингтік бөлімшелердің, құрылыс мердігерлерінің, пайдалану қызметінің және жобаға қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
  • Объектілердің Mechanical Completion, Pre-Commissioning, Commissioning кезеңдеріне және пайдалануға тапсыруға дайындығын бақылау.
  • Іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу және объектілерді өнеркәсіптік пайдалануға енгізу үшін құрылыс дайындығын қамтамасыз ету.
  • Күрделі құрылыс бюджетінің (CAPEX) қалыптастырылуын және орындалуын ұйымдастыру, инвестициялық қаражаттың игерілуін және тиімді пайдаланылуын бақылау.
  • Құрылыс барысы, негізгі тәуекелдер және бюджеттің орындалуы бойынша Компания басшылығына басқарушылық есептілікті дайындау.

Біліктілік талаптары

Білімі

  • Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, мұнай-газ құрылысы, технологиялық объектілер құрылысы, машина жасау, энергетика немесе өндірістік инженерия саласында жоғары білім.
  • Жобаларды басқару саласындағы қосымша білім артықшылық болып табылады.

Жұмыс тәжірибесі

  • Мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика немесе құрылыс саласында кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Күрделі құрылыс саласында басшылық лауазымдарда кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Газ өңдеу зауыттарын (ГӨЗ), мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ), мұнай-химия кешендерін, СТГ (LNG) объектілерін немесе ұқсас өнеркәсіптік объектілерді салу жөніндегі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру тәжірибесі міндетті.
  • EPC/EPCM келісімшарттары бойынша құрылыс жобаларын басқарудың практикалық тәжірибесі.
  • Халықаралық мердігерлермен және инжинирингтік компаниялармен жұмыс тәжірибесі.
  • Жобалау кезеңінен бастап объектілерді өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге дейінгі жобаларды іске асыру тәжірибесі.
  • Құны 500 млн АҚШ долларынан асатын жобаларды басқару тәжірибесі артықшылық болып табылады.

Кәсіби білім

Үміткер келесі бағыттар бойынша терең білімге ие болуы тиіс:

  • ірі өнеркәсіптік объектілердің күрделі құрылысын ұйымдастыру;
  • EPC/EPCM жобаларын іске асыру модельдері;
  • мұнай-газ объектілерін салу технологиялары;
  • Mechanical Completion, Pre-Commissioning, Commissioning және Project Handover процестері;
  • Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары;
  • API, ASME, ISO, IEC халықаралық стандарттары;
  • келісімшарттарды басқару (FIDIC талаптарын білу артықшылық болып табылады);
  • құрылыс тәуекелдерін басқару;
  • құрылыс сапасын басқару жүйелері (QA/QC);
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау (HSE) талаптары;
  • өзгерістерді басқару (MOC);
  • күнтізбелік-желілік жоспарлау және құрылыс барысын бақылау әдістері.

Қаржылық және басқарушылық құзыреттер

  • Күрделі құрылыс бюджетінің (CAPEX) қалыптастырылуы мен орындалуын басқару.
  • Жоба құнын және инвестициялардың тиімді игерілуін бақылау.
  • Құрылыс мерзімдері, құны және жұмыс көлемі бойынша ауытқуларды талдау.
  • Мердігерлік шарттарды басқару.
  • Құрылыс блогының KPI көрсеткіштерін қалыптастыру.
  • Құрылыс тәуекелдері мен жоба өзгерістерін басқару.

Басқарушылық құзыреттер

  • Ірі құрылыс ұжымдарын басқару.
  • Күрделі өнеркәсіптік объектілердің құрылысын ұйымдастыру.
  • Халықаралық EPC/EPCM мердігерлерін басқару.
  • Мердігер ұйымдар мен техникалық консультанттардың жұмысын үйлестіру.
  • Мемлекеттік органдармен, Тапсырыс берушімен және өзге де мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимыл жасау.
  • Жоғары жауапкершілік пен шектеулі мерзім жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау.
  • Көшбасшылық және келіссөздер жүргізу дағдыларының жоғары деңгейі.

Бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеруі

  • Primavera P6.
  • Microsoft Project.
  • SAP PS / SAP S/4HANA.
  • Oracle Primavera Unifier (болғаны жөн).
  • Power BI.
  • Microsoft Office (Excel – жоғары деңгейде).

Тілдерді білуі

  • Қазақ тілі – еркін меңгеруі.
  • Орыс тілі – еркін меңгеруі.
  • Ағылшын тілі – Upper-Intermediate деңгейінен төмен емес (келіссөздер жүргізу, техникалық және келісімшарттық құжаттамамен жұмыс істеу, халықаралық EPC/EPCM мердігерлерімен, инженерлік консультанттармен және жабдық жеткізушілерімен өзара іс-қимыл жасау).

Артықшылықтары

  • Ірі газ өңдеу зауыттарын (ГӨЗ), мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ), мұнай-химия кешендерін немесе СТГ жобаларын салу тәжірибесі.
  • Bechtel, Technip Energies, Worley, Fluor, KBR, Saipem, McDermott және басқа халықаралық EPC компанияларында немесе ірі инвестициялық жобаларда Тапсырыс беруші құрамында жұмыс тәжірибесі.
  • PMP, PMI-SP, AACE, FIDIC, MRICS немесе басқа халықаралық кәсіби сертификаттардың болуы.
  • Құны 500 млн АҚШ долларынан асатын жобаларды табысты аяқтап, өнеркәсіптік пайдалануға енгізу тәжірибесі.