ИНЖИНИРИНГ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕР – ТЕХНОЛОГЫ

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
1836

   Конкурс туралы

Болуы тиіс:

  • кадрларды дайындаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша кемінде 5  жыл жұмыс өтілі.

Білуі тиіс:          

  • Қазақстан Республикасының Заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, мұнай өңдеу өнеркәсібінің объектілерін жобалауға қатысты әдістемелік және басқа материалдарды;
  • қарамағындағы инженерлердің жұмысын, технологиялық схемаларды, жабдықтардың жұмыс істеу параметрлерін;
  • күрделі құрылыс нысандарының шикізаттарына, материалдарына, дайын өнімдеріне қойылатын техникалық талаптарды;
  • өнім конструкцияларын, технологиялық процесс жобаланатын өнімнің химиялық құрамын;
  • ұқсас жобаланатын үздік технологиялардың техникалық сипаттамаларын, экономикалық көрсеткіштерін;
  • автоматтандырылған жобалау негіздерін;
  • есептеуіш техникалардың, коммуникациялардың және байланыстардың заманауи құралдарын;
  • жобалау құжаттамаларды әзірлеу және ресімдеу бойынша басшылыққа алатын материалдарды;
  • жабдықтар мен консрукциялардың жұмыс істеу принциптерін, дайындау және құрастыру технологияларын, материалдардың түрлері мен қасиетін;
  • жабдықтарды техникалық пайдалану қағидаларын;
  • патент жүргізу негіздерін;
  • өнім өндіру технологиясын;
  • жобаланатын объектілер үшін материалдардың, энергия қорларының, шикізаттардың шығынын;
  • жоспарлы-алдын-алу жөңдеу жүйелерін;
  • объектілерді жобалау, салу, пайдалану мәселелері бойынша әдістемелік және басқа да басшылыққа алатын материалдарды;
  • жобаланатын объектілерге қойылатын техникалық және экологиялық талаптарды;
  • объектілерді жобалайтын кездегі еңбекті ұйымдастыру талаптарын;
  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын және нормаларын, Қазақстан Республикасының экологиялық кодексін.

Қажетті дағдылар:

  • жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру дағдылары
  • іскерлік қарым-қатынас дағдылары
  • компьютерлік бағдарламаларды білу