ИНЖИНИРИНГ БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕР (ЖЗШ ЖӨНІНДЕГІ)
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Болуы тиіс:
- І санаттағы инженер: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы инженер лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
- ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санаты жоқ инженер лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
- Инженер: жұмыс өтіліне талап қойылмайтын тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе тиісті мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі және І санаттағы техник лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Білуі тиіс:
- Қазақстан Республикасының Заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, мұнай өңдеу өнеркәсібінің объектілерін жобалауға қатысты әдістемелік және басқа материалдарды;
- қарамағындағы инженерлердің жұмысын, технологиялық схемаларды, жабдықтардың жұмыс істеу параметрлерін;
- күрделі құрылыс нысандарының шикізаттарына, материалдарына, дайын өнімдеріне қойылатын техникалық талаптарды;
- өнім конструкцияларын, технологиялық процесс жобаланатын өнімнің химиялық құрамын;
- ұқсас жобаланатын үздік технологиялардың техникалық сипаттамаларын, экономикалық көрсеткіштерін;
- автоматтандырылған жобалау негіздерін;
- есептеуіш техникалардың, коммуникациялардың және байланыстардың заманауи құралдарын;
- жобалау құжаттамаларды әзірлеу және ресімдеу бойынша басшылыққа алатын материалдарды;
- жабдықтар мен консрукциялардың жұмыс істеу принциптерін, дайындау және құрастыру технологияларын, материалдардың түрлері мен қасиетін;
- жабдықтарды техникалық пайдалану қағидаларын;
- патент жүргізу негіздерін;
- өнім өндіру технологиясын;
- жобаланатын объектілер үшін материалдардың, энергия қорларының, шикізаттардың шығынын;
- жоспарлы-алдын-алу жөңдеу жүйелерін;
- объектілерді жобалау, салу, пайдалану мәселелері бойынша әдістемелік және басқа да басшылыққа алатын материалдарды;
- жобаланатын объектілерге қойылатын техникалық және экологиялық талаптарды;
- объектілерді жобалайтын кездегі еңбекті ұйымдастыру талаптарын;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын және нормаларын, Қазақстан Республикасының экологиялық кодексін.
Қажетті дағдылар:
- жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру дағдылары
- іскерлік қарым-қатынас дағдылары
- компьютерлік бағдарламаларды білу
Ұқсас вакансиялар
БСАЖ ЦЕХЫНЫҢ СУ-ХИМИЯЛЫҚ РЕЖИМ ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕРІ
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
10.07.2026 | 1846
ИНЖИНИРИНГ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕР – ТЕХНОЛОГЫ
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
10.07.2026 | 1836
ИНЖИНИРИНГ БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕР–ТЕХНОЛОГЫ
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
10.07.2026 | 1844