Жетекші инженер-технолог
«QazaqGaz Processing » ЖШС Ақсай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Негізгі міндеттері
- Газ өңдеу, мұнай-химия және энергетика объектілері бойынша Pre-FEED, FEED, EPC және құрылыс кезеңдерінде технологиялық шешімдерді әзірлеу, сүйемелдеу және келісу.
- Келесі технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тексеру және келісу:
- Process Design Basis;
- Process Description;
- Design Philosophy;
- Process Flow Diagrams (PFD);
- Piping & Instrumentation Diagrams (P&ID);
- Heat & Material Balances.
- Табиғи газды өңдеу, бөлу, құрғату, тазарту, сығымдау және тауарлық өнімді дайындау процестері бойынша технологиялық есептеулер жүргізу.
- Қондырғылардың негізгі технологиялық параметрлерін (қысым, температура, шығын, ағындардың құрамы және т.б.) айқындау және оңтайландыру.
- Технологиялық схемаларды, лицензиялық технологияларды және негізгі технологиялық жабдықтарды таңдауға қатысу, негізгі технологиялық жабдыққа (компрессорлар, жылу алмастырғыштар, сепараторлар, колонналар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар және т.б.) техникалық ерекшеліктерді әзірлеу.
- EPC мердігерлері, жобалау ұйымдары және технология лицензияларын берушілер әзірлеген технологиялық құжаттаманы тексеру және келісу.
- Жобалық шешімдердің халықаралық стандарттарға, Тапсырыс берушінің техникалық талаптарына және Қазақстан Республикасы нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігін талдау.
- Техникалық сұраныстарды (RFI, TQ) қарауға қатысу, технологиялық мәселелер бойынша техникалық қорытындылар мен ұсынымдар дайындау.
- Технологиялық шешімдерге қатысты инженерлік өзгерістерді басқару (Management of Change, MOC) рәсімдеріне қатысу.
- Технология лицензияларын берушілермен, жабдық жеткізушілерімен, EPC/EPCM мердігерлерімен және жобаның басқа қатысушыларымен техникалық кеңестер мен келіссөздерге қатысу.
- HSE мамандарымен және сабақтас инженерлік бағыттармен бірлесіп HAZID, HAZOP, LOPA және SIL талдауларына қатысу.
- Жобаланатын және қолданыстағы технологиялық қондырғылардың өнімділігін талдау, өндірістегі шектеуші факторларды анықтау және технологиялық процестердің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
- Mechanical Completion, Pre-Commissioning, Commissioning және Start-up кезеңдерінде инженерлік қолдау көрсету, технологиялық ескертулерді жоюға қатысу.
Біліктілік талаптары
Білімі
Келесі бағыттардың бірі бойынша жоғары білім:
- химиялық технология;
- химиялық инженерия;
- мұнай-газ ісі;
- мұнай мен газды өңдеу технологиясы;
- көмірсутек шикізатын өңдеу технологиясы;
- жылу энергетикасы;
- өнеркәсіптік инженерия;
- немесе өзге де бейіндік инженерлік білім.
Жұмыс тәжірибесі
- Мұнай-газ, мұнай-химия немесе энергетика саласындағы технологиялық жобалау бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Pre-FEED, FEED және EPC жобаларына қатысқандығын растайтын тәжірибесі.
- Газ өңдеу, мұнай өңдеу немесе газ-химия объектілерін жобалау немесе инженерлік сүйемелдеу тәжірибесі.
- Технология лицензияларын берушілермен, жобалау ұйымдарымен және EPC/EPCM мердігерлерімен практикалық жұмыс тәжірибесі.
- Ірі өнеркәсіптік объектілердің құрылысына, іске қосу-баптау жұмыстарына немесе жаңғырту жобаларына қатысу тәжірибесі құпталады.
Кәсіби білімдері
Үміткер келесі бағыттар бойынша терең білімге ие болуы тиіс:
- табиғи газды және көмірсутек шикізатын өңдеу технологиялары;
- газды бөлу, құрғату және тазарту процестері (Amine Sweetening, TEG Dehydration және т.б.);
- газды сығымдау, салқындату және дайындау процестері;
- термодинамика, жылу және масса алмасу негіздері;
- технологиялық қондырғыларды жобалау қағидаттары;
- халықаралық стандарттар мен нормалар (API, ASME, ISO, IEC және т.б.);
- Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптары;
- Pre-FEED, FEED және EPC жобаларын іске асыру қағидаттары;
- Mechanical Completion, Pre-Commissioning, Commissioning және Start-up процестері.
Кәсіби құзыреттері
- Технологиялық есептеулерді орындау (Material Balance, Heat Balance, Hydraulic Calculations).
- Технологиялық схемаларды әзірлеу және оңтайландыру.
- PFD, P&ID және өзге де технологиялық құжаттаманы тексеру және верификациялау.
- Негізгі технологиялық жабдыққа техникалық ерекшеліктер мен техникалық талаптарды әзірлеу.
- Технологиялық жобалау мәселелері бойынша техникалық қорытындылар дайындау.
- Технологиялық процестердің тиімділігін талдау және оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу.
- Техникалық сұраныстарды және инженерлік өзгерістерді қарау.
- Техникалық құжаттамамен жұмыс істеу және сабақтас инженерлік бағыттармен өзара іс-қимыл жасау.
HSE және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыреттері
- HAZID, HAZOP, LOPA және SIL талдауларына қатысу.
- Технологиялық тәуекелдерді бағалау және оларды төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
- Жобалық шешімдердің өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.
- Технологиялық қондырғыларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеруі
- Aspen HYSYS.
- Honeywell UniSim Design (құпталады).
- Microsoft Office (Excel – жоғары деңгейде, Word, PowerPoint).
- AutoCAD (бастапқы деңгей – құпталады).
- Aspen Flare System Analyzer (құпталады).
- Aspen Process Explorer немесе ұқсас инженерлік есептеу бағдарламалары (құпталады).
Тілдерді білуі
- Қазақ тілі – еркін меңгеруі.
- Орыс тілі – еркін меңгеруі.
- Ағылшын тілі – Intermediate деңгейінен төмен емес (техникалық құжаттамамен жұмыс істеу, техникалық кеңестерге қатысу, технология лицензияларын берушілермен және EPC/EPCM мердігерлерімен өзара іс-қимыл жасау).
Артықшылықтары
- Халықаралық EPC/EPCM компанияларында немесе технология лицензияларын беруші компанияларда жұмыс тәжірибесі.
- Газ өңдеу зауыттарын (ГӨЗ), мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ), газ-химия және мұнай-химия кешендерін салу жобаларына қатысу тәжірибесі.
- Құны 500 миллион АҚШ долларынан асатын ірі инвестициялық жобаларды іске асыру тәжірибесі.
- Commissioning және Start-up кезеңдерінде инженерлік қолдау көрсету тәжірибесі.
- Технологиялық жобалау, өнеркәсіптік қауіпсіздік немесе жобаларды басқару саласындағы халықаралық сертификаттарының немесе қосымша кәсіби даярлығының болуы (API, PMP, TÜV Functional Safety, HAZOP Leader немесе ұқсас сертификаттар) артықшылық болып табылады.
Ұқсас вакансиялар
«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалының өндірістік-техникалық қызметінің инженері
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
27.07.2026 | 292
Жалақы көрсетілмеген
жетекші технолог
«KMG EP-Catering» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
27.07.2026 | 286
Жобаларды басқару және жүзеге асыру департаментінің аға маманы
«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
27.07.2026 | 4232