жетекші технолог
«KMG EP-Catering» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
-
- Бекітілген учаскеде келушілерге қызмет көрсету және жүктелген бөлімшенің жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру.
- Бекітілген учаскедегі қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметкерлеріне басшылық ету.
- Қоғамдық тамақтану өнімін өндіру саласындағы стандарттармен жұмыс істеу.
- Клиенттердің шағымдарымен жұмыс істеу (клиенттердің қанағаттанбаушылығының себептерін анықтау, кінәлілерді белгілеу, шағымдар бойынша шаралар қабылдау).
- Қоғамдық тамақтану цехының қызметкерлері тарапынан гигиена стандарттарының сақталуын, үй-жайлардың, жабдықтың және мүліктің санитариялық тазалығын қамтамасыз етуді бақылау.
- Жаңа цехтар мен объектілерді ұйымдастыру және жоспарлау бойынша жұмыстарға, жаңа техниканы игеруге, өндірістің техникалық деңгейін арттыруға ықпал ету.
- Қоғамдық тамақтану цехының қажеттіліктерін жоспарлау.
- Қоғамдық тамақтану цехында кадрлық іс жүргізуді жүргізу, оның ішінде қызметкерлердің жұмыс уақытын күнделікті есепке алу.
- Қоғамдық тамақтану цехының қызметкерлерін уақытылы ауыстыруды, орналастыруды және мақсатты пайдалануды жүзеге асыру.
- Асханалар қызметкерлерінің санитариялық кітапшаларының болуын және медициналық тексерулерден уақытылы өтуін тексеру.
- Қоғамдық тамақтану цехының қызметкерлеріне жұмыс барысында туындайтын мәселелерді шешуге көмек көрсету, олардың арасында тапсырмаларды бөлу және жауапкершілік дәрежесін айқындау.
- Қоғамдық тамақтану цехының қызметкерлері тарапынан еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің, жеке гигиенаның, өндірістік және еңбек тәртібінің, ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерінің сақталуын бақылау.
- Қоғамдық тамақтану цехының жұмысын қолданыстағы санитариялық ережелер мен нормаларға, мемлекеттік стандарттарға сәйкес ұйымдастыру, бақылаушы органдардың тексерулерінің нәтижелері бойынша ескертулерді жою: санитариялық-эпидемиологиялық қызмет (бұдан әрі «СЭҚ»), ветеринариялық бақылау, сертификаттау органдары және т.б.
- Асүй-технологиялық жабдықтың, механизмдердің, желдету жүйелері мен қондырғылардың, жылыту және жарықтандыру жүйелерінің дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету және оны кезең-кезеңімен тексеру.
- СЭҚ органдарымен санитариялық және технологиялық талаптардың сақталуын ескере отырып, тағамдар, бұйымдар, сусындар ассортименттік тізімін келісуді қамтамасыз ету.
- Объектілерді санитариялық-техникалық төлқұжаттау жүргізу.
- Объектілерді күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдерде жұмысқа дайындау бойынша іс-шараларды әзірлеу және уақытылы орындауды жүзеге асыру.
- Өз құзыретінің шегінде бекітілген учаскенің жұмысына қатысты мәселелерді Тапсырыс берушілердің өкілдерімен келісу.
- Тапсырыс берушілермен келісілген, ай ішінде орындалған жұмыстар көлемі туралы деректерді Бухгалтерияға Филиалға басшылық белгілеген нақты мерзімдерде уақытылы ұсынуды қамтамасыз ету.
- Клиенттермен және әріптестермен қарым-қатынаста барынша сыпайы болу.
- Бас технологқа өндірістік үдерістерге қатысты тапсырмаларды орындау, кадрлар жөніндегі маманға персоналға қатысты тапсырмаларды орындау, Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы инженеріге жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге қатысты тапсырмаларды орындау.
- Ең кіші қақтығыс жағдайлары және жұмыстағы кез келген ақаулар туралы тікелей басшыны дереу хабардар ету.
- Жеке гигиенаны, еңбекті қорғау талаптарын және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қатаң сақтау.
- Жұмыс берушінің барлық актілерін, соның ішінде Ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерін сақтау.
- Қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламау.
-
Осы лауазымдық нұсқаулыққа қайшы келмейтін өзге де жұмыстарды орындау.
Талаптар:
-
- Асханалардың қызметін реттейтін заңнамалық актілер, нормативтік құжаттар, қоғамдық тамақтану қызметтерін көрсету ережелері;
- Салада және кәсіпорында қолданылатын стандарттар мен техникалық шарттар;
- Қоғамдық тамақтану объектілерінің құрылымы мен жоспарлануы;
- Асүй-технологиялық жабдықпен, жиһазбен, асүй мүлкімен және ыдыспен объектілерді жарақтандыру нормалары;
- Қоғамдық тамақтану цехының өндірістік қуаттары, техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері және асүй-технологиялық жабдықтың жұмыс режимдері, оны пайдалану ережелері және жабдықты қабылдау тәртібі;
- Санитариялық және технологиялық талаптардың сақталуын ескере отырып, тағамдар, бұйымдар, сусындар ассортименттік тізімі;
- Мәзірді құрастыру әдістері;
- Тамақтануды ұйымдастыру қызметінің тақырыбы бойынша арнайы лексика;
- Қоғамдық тамақтану бойынша құжаттаманы ресімдеу ережелері;
- Іс жүргізу стандарттары (құжаттарды жіктеу, ресімдеу тәртібі және т.б.);
- Есептілікті құрастыру әдістемесі;
- Цех өніміне қойылатын техникалық талаптар, өндірілетін өнімнің технологиясы және көрсетілетін қызметтер;
- Асүй-технологиялық жабдықтың техникалық пайдаланылу ережелері;
- Жеке тұлғааралық қарым-қатынас этикасы;
- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрттен қорғау, СанПиН ережелері мен нормалары;
- Ішкі еңбек тәртіптемесі ережелері;
- Компьютерлік бағдарламалар: Word, Excel, Power Point, Internet Explorer;
- Мемлекеттік тіл.
Шарттар:
Қажетті қабілеттер
- навыки работы в команде, лидерство и коммуникативность
- - умение контролировать и управлять материальными запасами Общества;
- - Выполнение работы в соответствии с требованиями и инструкциями.
Қажетті білім дәрежесі
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
Техникалық қызмет көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі учаске бастығы (Maintenance Interface Superintendent) — КПО Б.В.-ға іссапарға жіберу (Прикомандирование дегенді “іссапарға жіберу” деп аударуға бола ма?)
«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
24.07.2026 | 326
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қарағанды жол дистанциясының инженері (технологы)
Карагандинская дистанция пути | Еңбекпен толық қамтылу
| Қарағанды облысы
24.07.2026 | 2897
358 825 - 374 943