Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің слесарь-сантехнигі

«У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электростанциясы» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
51

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1. АХО слесаріне жүктелген функцияларға сәйкес ол келесі жабдықтарға қызмет көрсетеді және жөндеу жүргізеді:
  • Өндірістік-қызметтік корпустың қазандықтарындағы, асхананың, оның ішінде жылыту жүйелерін қоса алғанда, сорғылар мен ажыратқыш арматура жабдықтарына.
  • Өндірістік-қызметтік корпустың сыртқы желілері бар кәріз жүйесіне.
  • Биологиялық тазарту станциясының жабдықтарына, оның ішінде тұндырғыштарға.
  • Шаруашылық-ауыз суық сумен жабдықтаудың сыртқы және ішкі су құбырына.
  • Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды сорғы станциясының жабдықтарына, оның ішінде тереңдік сорғыларға.
  • Сорғыларды іске қосады, тоқтатады, олардың жұмыс режимдерін орнатады, жылыту жүйелерін сумен толықтырып отырады.
  • Жабдықта авариялық режим туындаған жағдайда (сорғылардың және электр қозғалтқыштардың мойынтіректерінің қызып кетуі, судың берілуінің үзілуі, жылыту жүйесіне ауаның түсуі, фекальды сорғылардың жұмыс істемеуі, электр қозғалтқыш орамасының күйіп кетуі, кәріз және су құбырының сыртқы желілерінің тоңып қалуы және т.б.) слесарь АХО басшысына және жедел персоналға хабарлауға міндетті.
  • Анықталған ақаулар мен жабдықтың басқа да ақаулықтарын жою АХО басшысының нұсқауы бойынша жүргізіледі.
2. Өткізілетін Қауіпсіздік техникасы күндеріне қатысу.
3. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын, ережелері мен нұсқаулықтарын сақтау, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қоғамның ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарына, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік және ведомстволық қадағалау органдарының құжаттарына сәйкес орындау.
4. Еңбекті қорғау жөніндегі бақылаушы және қадағалаушы органдардың нұсқаулары мен ұйғарымдарын орындау.
5. Өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың (уланудың) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына хабарлау;
6. Міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде немесе кәсіби аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан өту;
7. Белгіленген бағдарлама бойынша қосымша дайындықтан өту;
8. Жұмыс беруші ұсынатын жеке және ұжымдық қорғану құралдарын тағайындалуы бойынша қолдану және пайдалану;
9. Егер олар жұмыс беруші тарапынан қаржыландырылса, медициналық мекемелер белгілеген емдік және сауықтыру іс-шараларын орындау;
10. Қоғамның ішкі еңбек тәртіп ережелерін, Қоғамның қолданыстағы қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қоғамның ВНД-на сәйкес өзге де ережелерді сақтау;
11. Кәсіпорынның заңды мүдделеріне адалдықты сақтау, оның мүдделері мен кәсіпорынның іскерлік беделіне қаржылық немесе өзге де зиян келтіретін әрекеттер жасамау;

Талаптар:

  • АХО слесары лауазымына орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі бар, жұмыс өтілі кемінде 1 жыл адам қабылданады.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы, жұмыс кестесі 9.00-ден 18.00-ге дейін, тұрақты жалақы, медициналық сақтандыру;
  • Мойнақ гидроэлектростанциясы Алматы облысында, Кеген ауданында Жылысай ауылдық округінде, зд.81