Құбыржөндеуші (линиялық) ЛПДС «Бейнеу»

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
268

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1)  құбырларда монтаждық және қалпына келтіру жұмыстарын орындау, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу, ысырмалар мен крандарға ревизия жасау және жөндеу; құбыр желісінің учаскелері мен монтаждық тораптарды үрлеу және сынақтан өткізу (опрессовка), өтпелерді, ілмектерді (захлест) және муфталарды (катушкаларды) монтаждау, құбыр төсеу кезінде құбыртөсеушілермен және экскаваторлармен жұмыс істеу және оларды күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау;

    2) апаттар кезінде әртүрлі мұнай түрлерін жинауға арналған вакуумдық жылжымалы қондырғыға қызмет көрсету, жоғары қысымда жұмыс істейтін құбырларды дәнекерлеу, әртүрлі тесіп қосуларға (врезка), бұрмаларға (отвод) арналған белгілеу, мұнай айдау станциясының жабдығын ревизиялау және жөндеу, авариялық-жөндеу жұмыстарын жүргізе білу;

    3) құбырларда монтаждық және қалпына келтіру жұмыстарын орындау, дәнекерлеуге арналған құбырларды центрлеу және дайындау, әртүрлі тесіп қосуларға (врезка), бұрмаларға (отвод) және арматураға арналған белгілеу, өтпелерді, ілмектерді (захлест) монтаждау, қысқыш (обжим) және галтельді муфталарды, катушкаларды, бекіткіш арматураны монтаждау;

    4) қызмет көрсетілетін құбырларды жер үсті арқылы патрульдеу, магистральдық құбырларды қорғау қағидаларының бұзушылықтарын анықтау, техникалық қызмет көрсету, жоғары қысымдағы бекіткіш және сақтандырғыш арматураға ревизия жасау және жөндеу;

    5) траншеялар мен құбырларды ашу кезіндегі қосалқы жұмыстарды орындау (топырақтың қатты жыныстарын механикалық өңдеу), траншеялар мен шұңқырларды (приямок) кері толтыру;

    6) бөлшектерге слесарлық өңдеулер жүргізу, муфталар конструкцияларын, құбырларды өңдеу, бұранда кесу, тесіктерді бұрғылау, шлифмашиналармен металды абразивті өңдеу, ағаш ұсталық жұмыстарды орындау, магистральдық мұнай құбырындағы және технологиялық құбырлардағы аварияны жою бойынша жұмыстарды орындау, авария орындарын қоршау.

    7) бақылау-өлшеу аспаптарын демонтаждау және орнату, пневматикалық құралмен жұмыс істеу, құбырға сазды тығындарды (глиняные пробки) орнату; Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша талаптарын орындау.

Талаптар:

Шарттар:

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру