«Қазпошта» АҚ «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалының Іс қағаздарын жүргізу және хаттама бөлімінің бас менеджері
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
14.07.2026
- Берілген өтінім:
- 22
- Қаралған саны:
- 316
Міндеттері:
1. Іс жүргізуді ұйымдастыру және бақылау: нормативтік талаптарға сәйкес электрондық және қағаз құжат айналымының жүргізілуін қамтамасыз ету.2. Стандарттар мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету: құжаттарды рәсімдеудің корпоративтік стандарттарының, орындау және келісу мерзімдерінің сақталуын бақылау.
3. Ішкі және сыртқы хат-хабарлармен жұмыс: кіріс және шығыс хат-хабарларды өңдеуді ұйымдастыру, мемлекеттік органдармен және құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Парламентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, орталық мемлекеттік органдарға және «Самұрық-Қазына» АҚ-ға жіберілетін шығыс хат-хабарлардың жеткізілуін және тапсырылуын қамтамасыз ету.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуына мониторинг жүргізу және бақылау жасау (бақылаудағы хаттар бойынша күн сайын орындау мерзімдерінің жақындағаны туралы еске салу хабарламаларын жолдау).
4. Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау: басшылық тапсырмаларының орындалуын бақылау жүйесін жүргізу және жиынтық есептерді дайындау.
5. [kazpost@kazpost.kz](mailto:kazpost@kazpost.kz) корпоративтік электрондық поштасына келіп түсетін хат-хабарларға мониторинг жүргізу, https://eotinish.gov.kz/ порталы бойынша жұмысты бақылау және есептілікті жүргізу, электрондық құжаттарды Электрондық құжат айналымы жүйесінде (ЭҚАЖ) тіркеу және оларды жетекшілік ететін басшыларға жолдау.
6. Есептілік және талдау: құжат айналымы мен хаттамалық жұмыс бойынша есептер дайындау, тәуекелдерді талдау және процестерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Құжат айналымы, бақылаудағы құжаттардың орындалуына мониторинг жүргізу, Қоғамдағы тіл саясатын іске асыру бойынша тоқсан сайынғы және жылдық есептерді дайындау.
Тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігінде көрсетілген әмбебап пошта байланысы қызметтерінің сапасы туралы тоқсан сайынғы мәліметтерді дайындау.
7. Хаттамалық жұмыс: кеңестердің, отырыстардың және жұмыс кездесулерінің хаттамаларын дайындау және рәсімдеу, хаттамалық шешімдердің орындалуын бақылау. Басшылықтың талабы бойынша есептілікті қалыптастыру.
8. Архив ісі: істер номенклатурасына сәйкес құжаттарды сақтауды, архивке тапсыруды және жоюды ұйымдастыру. «Қазпочта» АҚ Орталық аппараты архивінің жұмысын үйлестіру (архившімен бірлесіп архивке тапсырылатын істер тізімдемелерінің дұрыс рәсімделуін қарастыру).
9. Қатаң есептілік бланкілерін орталықтандырылған тәртіппен беру, есепке алу, пайдаланылуын бақылау және жоюды жүзеге асыру.
10. Бекітілген істер номенклатурасына сәйкес Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде істердің қалыптастырылуын бақылауды жүзеге асыру.
11. Қоғамның Орталық аппараты мен мамандандырылған филиалдарының істер номенклатурасын әзірлеу, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық архивімен келісу және бекітілуін қамтамасыз ету.
12. Бақылаудағы құжаттардың орындалуына мониторинг жүргізу, олардың орындалу мерзімдерін ұзарту немесе бақылаудан алу, жұмыс жоспарларының, іс-шаралар жоспарларының, бағдарламалардың және негізгі қызмет бойынша өкімдік құжаттардың орындалуын бақылау.
13. Құжат айналымы және іс жүргізу саласындағы негізгі қызмет бойынша өкімдік құжаттар мен ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу және енгізу.
14. Негізгі қызмет бойынша өкімдік құжаттардың тіркелуін қамтамасыз ету. Негізгі қызмет бойынша өкімдік құжаттар мен ішкі нормативтік құжаттарды Қоғамның ішкі интернет-ресурстарында жалпы қолжетімділікке орналастыру.
15. Жалпы іс жүргізудің жай-күйі және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуы мәселелері бойынша филиалдар мен Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелеріне тексерулер жүргізу.
16. Құжаттарды, оның ішінде «Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар құжаттарды бастапқы өңдеуді, алдын ала қарауды, тіркеуді, есепке алуды, сақтауды, жеткізуді және уақтылы таратуды жүзеге асыру.
17. Цифрлық трансформацияға қатысу: электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізу және процестердің тиімділігін арттыру.
18. Міндеттерді бөлу, орындалу сапасын бақылау және қызметкерлерді оқыту.
19. Бөлім басшысының және «Қазпочта» АҚ басшылығының тапсырмаларын адал, уақтылы әрі тиімді орындау, Қоғам Жарғысының, ішкі құжаттарының және Жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтау.
20. Лауазымдық міндеттерді тиімді орындау, кәсіби және іскерлік әдептің барлық нормаларын («Қазпочта» АҚ Іскерлік әдеп кодексі және Қоғамның өзге де ішкі нормативтік құжаттары талаптары) сақтау, операциялық мәселелер, кәсіби әдеп талаптарының бұзылуы немесе рәсімдердің сақталмауы мен теріс пайдалану фактілері туралы басшылықты уақтылы хабардар ету.
21. Операциялық тиімділікті арттыру, көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде ақпарат пен есептіліктің сапасын жақсарту, корпоративтік мәдениет пен әдеп стандарттарын жетілдіру, ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету, тәуекелдерді төмендету және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
22. Белгіленген тәртіппен бөлімнің уақытша болмаған қызметкерінің міндеттерін орындау.
23. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттарының сақталуын, сондай-ақ алаяқтық пен ұрлық фактілерінің алдын алу және анықтауға бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
24. Функционалдық міндеттері шегінде Қоғам басшылығының өзге де функциялары мен тапсырмаларын орындау.
маларын орындау.
Талаптар:
-
Экономика және/немесе заңгерлік және/немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар және/немесе қаржы және/немесе гуманитарлық профилі бойынша жоғары білім.
-
Заңгерлік және/немесе экономика және/немесе ісқағаздарын жүргізу және/немесе мемлекеттік тілді дамыту және/немесе пошта саласында кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Шарттары:
-
Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.