"QazaqGaz Aimaq " АҚ Түркістан өндірістік филиалы Автокөлік қызметінің механигі
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Түркістан қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Құрметті үміткер!
Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Бос жұмыс орнына өтінім бермес бұрын, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысып шығуыңызды сұраймыз:
- Білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби дағдылары және өзге де мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапкершілік үміткердің өзіне жүктеледі.
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес, тиісті хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы анықтаманы ұсынуыңыз қажет.
- Жеке кабинетіңіздегі хабарламаларды тұрақты түрде бақылап отыруыңызды сұраймыз.
Төменде жарияланған бос жұмыс орнының сипаттамасымен таныса аласыз.
Лауазымдық міндеттері
- Автокөлік және арнайы техниканың техникалық пайдаланылуын ұйымдастыру және бақылау.
- Көлік құралдарын желіге шығар алдында техникалық тексеруден өткізу және тиісті бақылау құжаттарын рәсімдеу.
- Автокөлік және арнайы техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының орындалуын техникалық қадағалау және қабылдау.
- Автокөлік және арнайы техниканың техникалық жарамды күйін қамтамасыз ету, ақаулар мен істен шығудың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.
- Жол парақтарын беру және есепке алу, жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) және тауарлық-материалдық құндылықтардың (ТМҚ) есебін жүргізу, GPS арқылы маршруттарды бақылау.
- Жанар-жағармай шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру, ЖЖМ-ды сақтау, беру және пайдалану тәртібінің сақталуын, сондай-ақ ЖЖМ, қосалқы бөлшектер және басқа материалдық ресурстар шығысының белгіленген нормаларын бақылау.
- Жүргізушілер мен машинистердің рейс алдындағы медициналық куәландыруының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.
- Техникалық қызмет көрсетуге, ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған ақау актілерін жасау және өтінімдерді дайындау.
- Қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқама өткізуге және техникалық оқытуға қатысу.
- Жауапты бағыт бойынша бюджетті қалыптастыру, сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және сүйемелдеу.
- Сатып алуға арналған техникалық тапсырмаларды, техникалық ерекшеліктерді, шарттардың жобаларын және өзге де құжаттарды дайындау.
- 1С «Сатып алуды басқару» ақпараттық жүйесінде және «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу порталында жұмыс жүргізу.
- Сатып алу құжаттарын келісуді ұйымдастыру, сатып алу рәсімдерінің жүргізілуін, шарттардың жасалуын және орындалуын бақылау.
- Жеткізушілермен және мердігер ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, шарттық міндеттемелердің орындалу мерзімдерін және қажетті есептіліктің ұсынылуын бақылау.
Біліктілік талаптары
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
- Автомобиль көлігі, көлік техникасын пайдалану, машина жасау немесе өзге де техникалық мамандықтар бойынша білімнің болуы құпталады.
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қолданыстағы куәліктің болуы.
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ЕҚжЕҚ) бойынша сертификаттың болуы.
- «Өрт-техникалық минимум» (ӨТМ) бағдарламасы бойынша куәліктің болуы.
- RoSPA халықаралық курсын аяқтағаны туралы халықаралық үлгідегі сертификаттың болуы.
Қажетті қабілеттер
- - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность
Ұқсас вакансиялар
"QazaqGaz Aimaq " АҚ Түркістан өндірістік филиалы №1 қалалық газ учаскесінің бақылаушысы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Түркістан қ.
14.07.2026 | 2588
Сатып алу департаментінің менеджері
«QazaqGaz Processing » ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақсай қ.
15.07.2026 | 30
Газ кесуші 5 тарифтік разрядты авариялық және жөндеу жұмыстары қызметінің АРУ "Атырау" филиалы
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Талдыкөл а.
15.07.2026 | 1330