«KEGOC» АҚ Сатып алуды жоспарлау және есептілік департаменті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мониторинг жүргізу жөніндегі менеджері (уақытша лауазым)
от 461 700 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
15.07.2026
- Берілген өтінім:
- 66
- Қаралған саны:
- 825
Лауазымдық міндеттері:
- «KEGOC» АҚ-ның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (ТЖҚ) сатып алу бойынша басшылық және басқарушы қызметкерлерінің негізгі тиімділік көрсеткіштерінің (НТК) нақты мәндері жөніндегі есептерді қалыптастырады;
- Офтейк-келісімшарттар бойынша ақпаратты «Самұрық-Қазына» АҚ ҰӘҚ-на және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-не ұсынады;
- ТЖҚ-дағы ел ішіндегі құндылық үлесі бойынша мақсатты көрсеткіштердің орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді;
- Жасалған офтейк-келісімшарттардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
- sk.kz порталындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы ел ішіндегі құндылық үлесі бойынша есептерге енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді;
- ИСЭЗ жүйесіне деректердің уақтылы енгізілуін және есептіліктің қалыптастырылуын қамтамасыз етеді; 4-нысанды жүктеу кезінде техникалық қателер туындаған жағдайда техникалық қолдау қызметіне сұрау салып, деректердің дұрыстығы толық қалпына келтірілгенге дейін ақауларды жою процесін бақылайды;
- Құрылымдық бөлімшелер бойынша ел ішіндегі құндылық үлесіне қатысты міндеттемелердің орындалмау фактілерін анықтайды;
- ТЖҚ сатып алу жоспарындағы позициялардың «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде» (бұдан әрі – ҚТӨТ) болуын айқындау бойынша жұмыстар жүргізеді;
- ТЖҚ сатып алу жоспарындағы позициялардың сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде (ПДПО) болуын айқындау бойынша жұмыстар жүргізеді;
- ТЖҚ сатып алу жоспарындағы позициялардың мүгедектігі бар адамдар ұйымдарының тізілімінде болуын айқындау бойынша жұмыстар жүргізеді;
- «KEGOC» АҚ-ның ұзақ мерзімді шарттарының орындалуына мониторинг жүргізеді;
- Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінен тыс ерекше тәртіпті қолдана отырып жүргізілген сатып алулардың тізбесі бойынша есептерді ұсынады;
- «KEGOC» АҚ-ның сатып алулары бойынша есептерді сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
- Басшылыққа және құрылымдық бөлімшелерге ұсыну үшін «KEGOC» АҚ-ның ТЖҚ сатып алу жоспарларының орындалуы бойынша есептерді дайындайды;
- Электрондық дүкен порталындағы ТЖҚ сатып алулары бойынша позициялардың электрондық дүкен санаттамасындағы ТЖҚ БНС кодтарының болуын айқындау жұмыстарын жүргізеді;
- Департаменттің негізгі тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
- Отандық тауар өндірушілерді (жаңа өндірістерді) қолдау үшін айқындалған ТЖҚ сатып алу жоспарларында ТЖҚ БНС кодтарының болуын талдайды;
- Сатып алу жоспарының орындалуы бойынша презентациялар дайындайды және талдамалық ақпарат ұсынады;
- «KEGOC» АҚ-ның ТЖҚ сатып алулары бойынша НТК-ға қол жеткізу мәселелері, сондай-ақ Департаменттің өзге де мәселелері бойынша филиалдармен, құрылымдық бөлімшелермен, мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен хат алмасуды жүргізеді;
- Уәкілетті органның («Самұрық-Қазына» қоры, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС) сұрауларына жауап ретінде хаттарды дайындайды;
- Департаментке жүктелген негізгі міндеттерден туындайтын өзге де функциялар мен міндеттерді орындайды;
- Ұлттық тауарлар каталогын кезең-кезеңімен пилоттық енгізу жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі» РММ-не ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етеді;
- 3 және 4-нысандар бойынша есептіліктің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
- Энергетикалық машина жасау саласының сұранысқа ие өнімдерін сатып алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы жыл сайынғы есепті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне уақтылы жолдайды және деректердің «KEGOC» АҚ-ның интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етеді;
- «KEGOC» АҚ Тәуекелдерді басқару жүйесінің Р СУР KEGOC 00-200-14-СД нұсқаулығына сәйкес Тәуекелдерді үйлестіруші функцияларын орындайды;
- Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуді және оларды өзектендіруді жүзеге асырады.
Талаптар:
- Келесі бағыттар бойынша жоғары білімнің болуы: электр энергетикасы/экономика/қаржы/құқықтану.
- Материалдық-техникалық жабдықтау, талдау және сатып алуларға мониторинг жүргізу саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
- Қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша сертификаттардың болғаны құпталады.
Қосымша талаптар:
- MS Office бағдарламаларымен жұмыс істеудің жоғары деңгейі;
- Интернет-ресурстарды пайдалану дағдылары;
- Қазақ және орыс тілдерін білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Аналитикалық дағдылардың болуы (талдау, нақтылау және қорытындылау);
- Компания қызметінің саласына қатысты бейінді нарықты білу;
- Компания қызметінің логистикалық аспектілері бойынша білімнің болуы (сатып алу, қорларды басқару, қоймалау, тасымалдау, кедендік ресімдеу, сақтандыру, бөлу, ақпараттық және қаржылық ағындар);
- Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби әдеп қағидаттарын қатаң сақтау).
Қажетті қабілеттер
- мониторинг закупок