"Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС Заң департаментінің директоры

Жалақы көрсетілмеген
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
47

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Департаментқа жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ете отырып, оның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  • Өз құзыреті шегінде «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС-нің мүліктік және заңды құқықтарын, сондай-ақ заңды мүдделерін соттарда және мемлекеттік органдарда қорғау процесін ұйымдастырады;
  • Сотқа талап-арыздарды уақтылы беру арқылы дебиторлық берешекті азайту жөніндегі жұмыстарға бақылауды жүзеге асырады;
  • «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС бастамашылық ететін нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу жұмысына қатысады, сондай-ақ қажет болған жағдайда «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының қызметкерлерін тарта отырып, жекелеген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
  • Департаменттің қызмет бағыты бойынша есептердің уақтылы дайындалуы мен ұсынылуына бақылауды жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары кәсіби. Тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше)
  • Мамандығы: Құқықтану; Халықаралық құқық; Құқық қорғау қызметі
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 6 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 4 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр