«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің инженері»

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
645

   Конкурс туралы
БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
 «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің инженері»

 

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

1) филиалдың өндірістік бөлімшелерінің еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша ТМҚ және НҚ есептен шығару рәсімін бақылау;

2) филиалдың өндірістік бөлімшелерінде арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және жеке қорғану құралдарының болуын талдау және оларды беруге құжаттарды дайындау;

3) ықтимал қауіпті оқиғаларға тергеп тексеру жүргізу;

4) өндірістік персоналдың күнделікті медициналық куәландырудан өтуін бақылау;

5) медициналық сақтандыру бойынша филиал қызметкерлерінің тізімін жасау;

6) сақтандыру компанияларының жазатайым оқиғалар мен жарақаттар бойынша төлемдері жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

7) медициналық ұйымның медициналық сақтандыру шеңберіндегі жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау;

8) еңбекті қорғау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшін филиалдың бухгалтериясына өтінімдер дайындау;

9) филиалда жіті респираторлық вирустық аурулармен ауыратын науқастарды бақылау және есепке алу;

10) COVID-19 және басқа да ЖРВИ түрлерімен вакцинациялаудан өткен филиал қызметкерлері туралы «KEGOC» АҚ ЕҚД-ға есеп дайындау;

11) құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің жұмыста нақты жұмыс істеген уақытын бақылауды жүзеге асырады және КААБЖ-да (SAP) кешігулерді, түнгі уақытта жұмыс істеген сағаттарды, іссапар күндерін, еңбекке уақытша жарамсыздыққа, бос жүруге және т.б. байланысты жұмыста болмауды белгілейді;

12) еңбеккердің жұмыс орнында болмау себептерін анықтайды;

13) деректердің КААБЖ-ға (SAP) уақтылы енгізілуіне жауапты болады;

14) ЕҚӨҚД кураторлары жіберетін тапсырмаларды орындау;

15) жетекшілік ететін еңбекті қорғау ҚП үшін тарифтік сметалар бойынша деректерді мерзімді түрде жинау;

16) филиалдың еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік көрсеткіштерінің орындалуын бақылау;

17) еңбектi қорғау бөлiгi бойынша директордың Дашбордын бақылау;

18) ЕҚӨҚҚ аға қызметкерлерін және басшылықтың жекелеген тапсырмаларын орындау.

 

Талаптар:

 

Білім деңгейі

жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

электр энергетикасы және/немесе өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық

Лауазым бағыты бойынша

жұмыс тәжірибесі

-

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

-          

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·   Электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидалары, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған білім;

·         Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласындағы теориялық және практикалық білім;

·         «KEGOC» АҚ электр желісінің схемасын, негізгі жабдықтардың параметрлері мен құрамын білу;

·         Электр энергетикасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы және қадағалау органдарының талаптарын білу;

·   Командада жұмыс істей білу, көшбасшылық және коммуникативтік дағдылар - ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында бәтуаға келу және белсенді түрде сындарлы диалог жүргізу;

·   Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау);

·         Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі;

·         Электр қауіпсіздігі бойынша IV топтан төмен емес біліктілік тобы

Лицензиялар, сертификаттар

 Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн

Қосымша талаптар

· Microsoft Office тәжірибелі пайдаланушы;

·  Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу.

 

Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Қазыбаев көшесі 23А

 

Бос лауазым тұрақты болып табылады.

 

Түйіндемені қабылдау 20.07.2026ж. дейінгі (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)