Бас менеджер Қаржылық мониторинг департаменті "Қазпошта" АҚ
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
17.07.2026
- Берілген өтінім:
- 15
- Қаралған саны:
- 322
Міндеттері:
- 1. «AML жүйесі» БҚ-да қолданыстағы күмәнді операцияларды, сондай-ақ санкциялық бақылауға жататын операцияларды және санкциялық шектеулер мониторингін анықтау сценарийлерінің дұрыс анықталуын мониторингтеу/талдау;
2. «AML жүйесі» БҚ-да санкциялық скрининг және ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ процестерін автоматтандыру үшін қажетті техникалық тапсырмаларды әзірлеу және рәсімдерді тестілеу;
3. «AML жүйесі» БҚ-ны сүйемелдеу қызметтерін сатып алу және төлеу бойынша іс-шараларды жүргізу;
4. «Қазпошта» АҚ клиенттері жүзеге асыратын операцияларды операциялардың «күдіктілік» белгілерінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ санкциялық бақылау талаптары мен санкциялық шектеулер мониторингіне сәйкестігі тұрғысынан кейінгі бақылау талдауын жүргізу және тиісті қорытындылар дайындау;
5. Клиенттердің қаржылық операциялары мен мәмілелері бойынша мәліметтер мен қосымша ақпаратты жинау бөлігінде «Қазпошта» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
6. Клиенттің ақшалай қаражатын және өзге де мүлкін тоқтата тұру (бұғаттау) жөніндегі шараларды қабылдау, тиісті хабарламаларды Қаржылық мониторинг агенттігіне қалыптастыру және жолдау;
7. Санкциялық бақылау және санкциялық шектеулер саласында аналитикалық жұмыстарды жүзеге асыру (клиенттердің шоттары бойынша операцияларды талдау) автоматтандырылған сүзгілер, АЖ есептері негізінде, сондай-ақ күмәнді операцияларды (мәмілелерді) анықтау мақсатында «Қазпошта» АҚ құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінен алынған ақпарат негізінде;
8. Халықаралық экономикалық санкциялар/эмбарго режиміне, экспорттық бақылауға және сауда шектеулеріне байланысты корреспондент-банктердің шектеу сипатындағы шараларды (қаражатты қайтару, бұғаттау) қолдану мүмкіндігі тұрғысынан клиенттердің операцияларын тексеру;
9. «Қазпошта» АҚ клиенттері мен олардың операцияларының/мәмілелерінің/контрагенттерінің, оның ішінде валюталық келісімшарттардың халықаралық экономикалық санкциялар режиміне сәйкестігін талдау және бақылау;
10. Қызметі мен жүргізілетін операциялары халықаралық экономикалық санкцияларды айналып өту мақсатында жүзеге асырылуда деген күдік туындайтын клиенттер бойынша дәлелді пайымдаулар дайындау;
11. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ және санкциялық бақылау саласындағы тәуекелдерді анықтау және азайту бойынша аналитикалық жұмыстар шеңберінде клиенттерге сұрау салулар жіберуді ұйымдастыру және бастамашылық ету, сондай-ақ жауаптардың уақтылы ұсынылуын бақылау;
12. Санкциялық бақылау талаптарын, ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ талаптарын бұзу бөлігінде клиент операцияларын күмәнді деп тану және Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарламалар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;
13. «Қазпошта» АҚ клиенттерін/контрагенттерін және олардың операцияларын санкциялық тәуекелдерге және ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ тәуекелдеріне талдау жасап, қорытындылар қалыптастыру;
14. FATCA талаптары шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органға есептілік ұсыну;
15. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ және санкциялық бақылау заңнамасының талаптарына сәйкес контрагенттерді (мерчанттар/субмерчанттар) сәйкестендіру (санкциялық скрининг);
16. OFAC тізімдерін, Еуропалық Одақтың санкциялық тізімдерін, Ұлыбританияның санкциялық тізбелерін, Біріккен Ұлттар Ұйымының және өзге де реттеуші органдардың санкциялық тізімдерін, сондай-ақ халықаралық және ұлттық санкциялық заңнамалардағы өзгерістерді мониторингтеу және талдау;
17. «Брокер», «Way4», ПУС, «Инвестменеджер» АЖ және өзге де ақпараттық жүйелерде санкциялық бақылау және ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ процестерін автоматтандыру, оңтайландыру, мониторингтеу, бақылау және тестілеу;
18. Күдікті операцияларды, санкциялық бақылауға жататын операцияларды, сондай-ақ міндетті бақылауға жататын операцияларды анықтау рәсімдерін сипаттау бөлігінде ІНҚ/нұсқаулықтарды/жадынамаларды әзірлеу;
19. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ және санкциялық бақылау талаптарының сақталуы тұрғысынан мәмілелер жасау және контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау кезінде тәуекелдерді бағалау;
20. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ және санкциялық бақылау мәселелері бойынша ұлттық және халықаралық реттеушілермен өзара іс-қимыл жасау;
21. Санкциялық бақылау талаптарының, халықаралық экономикалық санкциялардың, экспорттық бақылаудың, сауда шектеулерінің және ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ заңнамасының сақталуы тұрғысынан транзакциялар мен қаржылық операцияларды талдау;
22. Санкциялық бақылау және ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ саласындағы тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
23. Қоғам клиенттеріне қатысты Қаржылық мониторинг агенттігінен келіп түскен сұрауларға мониторинг жүргізу және оларға жауаптардың уақтылы дайындалуын бақылау;
24. Санкциялық бақылау және ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ мәселелері бойынша «Қазпошта» АҚ құрылымдық бөлімшелеріне әдіснамалық қолдау көрсету;
25. Департамент қызметіне қатысты мәселелер бойынша ІНҚ мен техникалық тапсырмаларды; «Қазпошта» АҚ бизнес-процестері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ және санкциялық бақылау саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауға қатысу;
26. «Қазпошта» АҚ-да ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ мақсатындағы Ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуы мен сақталуына мониторинг жүргізу;
27. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ және санкциялық бақылау тәуекелдерін басқару бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
28. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасына сәйкес контрагенттің/клиенттің қызметін, құжаттарын және операцияларын зерделеу нәтижесінде тәуекел деңгейін мониторингтеу және қайта қарау;
29. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ туралы Заңда, санкциялық бақылау талаптарында және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен клиент операцияларын тоқтата тұру немесе жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау;
30. «Қазпошта» АҚ ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ мақсатындағы Ішкі бақылау қағидаларының анықталған бұзушылықтары туралы басқару органын хабардар ету үшін мәліметтер мен ақпарат дайындау;
31. Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми интернет-ресурсында (websfm.kz) орналастырылған мәліметтер мен ақпаратты зерделеу, оның ішінде «жеке кабинетпен» жұмыс істеу;
32. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ мақсатындағы Ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу, оларға өзгерістер (толықтырулар) енгізу;
33. ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ мәселелері бойынша «Қазпошта» АҚ ішкі нормативтік және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарын әзірлеу, оларға өзгерістер (толықтырулар) енгізу;
34. Санкциялық бақылау, халықаралық шектеу шаралары және ҚЖ/ТҚҚ/ЖҚҚҚ мәселелері бойынша әдіснамалық материалдарды әзірлеу және қызметкерлерді оқытуды жүргізу.
Талаптар:
- Сала бойынша жоғары білім: заңтану және/немесе қаржы және/немесе экономика.
- Заңтану және/немесе комплаенс-контроль және/немесе қаржылық мониторинг және/немесе ішкі бақылау және/немесе аудит және/немесе корпоративтік басқару саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Шарттар:
- Дүйсенбіден жұмаға дейінгі күнделікті жұмыс уақыты 8 (сегіз) сағат, 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі ас және демалыс уақыты 13:00-ден 14:00-ге дейін, сенбі және жексенбі - демалыс күндері бар бес күндік жұмыс аптасы
- Астана
Ұқсас вакансиялар
Негізгі маман инженерлік желілер мен құрылыстар тобы (су жабдықтау, кәріз, өрт сөндіру, жылыту және желдету) «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының «Зерттеу және әзірлеу орталығы» филиалы (уақытша, қызметкердің болмау кезеңінде)
«ҚазТрансОйл» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.08.2026 | 3247
Техникалық құжаттама бойынша маман
«Көкшетау ЖЭО» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Көкшетау қ.
20.08.2026 | 172
«Каскад» ЖЭС автоматика электротехникалық зертханасының, автоматика цехының, өлшеу және байланыс бөлімінің автоматика жөніндегі инженері
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
19.08.2026 | 582