«KEGOC» АҚ Ақпараттық технологиялар департаменті АТ-ны дамыту бөлімінің бас сарапшысы

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
664

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  1. АТ миссиясы мен көзқарасын айқындайды, қолдайды және ілгерілетеді;
  2. қызметін жетілдіру жөніндегі бастамаларды айқындайды және енгізеді;
  3. АТК дамыту бағдарламасының құндылықтарын, тәуекелдері мен мүмкіндіктерін коммуникациялайды;
  4. АТК дамыту бағдарламасының «KEGOC» АҚ-ның ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
  5. АТ -ресурстардың Компанияның ұзақ мерзімді даму стратегиясымен өзара байланысын қамтамасыз етеді;
  6. Компанияның қолданыстағы ортасын және АТ -дің бизнестің табысына ықтимал үлесін талдайды;
  7. АТ -дің мақсатты мүмкіндіктерін айқындайды;
  8. АТК дамыту бағдарламасын әзірлеуге жетекшілік етеді;
  9. «KEGOC» АҚ-ның саясаты мен даму жоспарларына сәйкес тұжырымдаманы айқындауға жауап береді;
  10. тиісті техникалық параметрлерді айқындауға жетекшілік етеді және құн мен сапа арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз етеді;
  11. өзгерістерге және оларға ілеспе құрамдауыштарға қойылатын талаптарды (аппараттық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, деректер) басымдыққа қарай айқындайды;
  12. бизнес-процестерде АТ архитектурасы мен оның артефактілерін қайта пайдалануды ұйымдастырады;
  13. АТ саласындағы үздік тәжірибелер мен тәсілдерді басымдыққа қойып, енгізеді;
  14. қолданылатын шешімдердің үйлесімділігін, интеграциялануын, ауқымдылығын, қолданылуын және қауіпсіздігін ескереді;
  15. бизнес-процестердің талаптары мен технологияларды дамыту арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етеді;
  16. технологияларды таңдау және жүйелерді интеграциялау үшін стандарттарды, қағидаттар мен тәсілдерді айқындайды;
  17. алшақтықтарды талдау (Gap-analysis) нәтижелерін талдайды;
  18. АТК дамыту бағдарламасы мен АТ дамыту бағытын коммуникациялайды;
  19. Бөлімнің жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
  20. Бөлім қызметі шеңберінде тендерлік құжаттаманы қалыптастырады, сараптамалық қорытындыларды дайындайды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі сараптамалық комиссияның жұмысына қатысады;
  21. маркетингтік талдау жүргізеді және Компанияда АТ-ді дамыту жөнінде ұсыныстар дайындайды;
  22. Бөлім қызметі шеңберінде бизнес-процестерді жетілдіру жөніндегі жұмыс жоспарларын ұсынады;
  23. өз құзыреті шегінде АТК дамыту бағдарламасын әзірлеуге/өзектендіруге және іске асыруға қатысады;
  24. АТК дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын құрылымдық бөлімшелердің оның орындалуына мониторинг жүргізеді;
  25. АТ өзгерістер жөніндегі комитеттің жұмысына қатысады;
  26. Бөлім қызметі шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Компанияның даму жоспарына ақпарат дайындайды;
  27. Бөлім қызметі шеңберінде «KEGOC» АҚ-ның жыл сайынғы бюджетін қалыптастыруға, оған түзетулер енгізуге, бюджеттің және Даму жоспарының орындалуын мониторингтеуге, сондай-ақ жүйеде бекітілген кірістер мен шығыстар бюджеті шеңберінде қаражатты қайта бөлуге қатысады;
  28. АТ жобалары бойынша инвестицияларды қорғауға қатысады, Бөлім қызметі шеңберінде техникалық-экономикалық негіздемелер мен экономикалық тиімділік есептерін дайындауды үйлестіреді;
  29. Бөлім қызметі шеңберінде жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдау жөніндегі комиссияның құрамында қатысады;
  30. Бөлім қызметі шеңберінде есептерді, бұйрықтарды, шешімдерді, өкімдерді және атқарушы дирекцияның өзге де өкімдік құжаттарын дайындайды;
  31. Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша материалдар дайындайды және кеңестерге, семинарларға қатысады;
  32. АТ жобаларын басқаруды жүзеге асырады, оның ішінде жұмыстарды жоспарлау, үйлестіру және орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  33. сыртқы АТ-қызметтер жеткізушілерімен өзара іс-қимыл процестерін ұйымдастырады және әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады, оның ішінде техникалық талаптар мен спецификацияларды дайындайды, сатып алу рәсімдеріне қатысады, SLA талаптарының орындалуына мониторинг жүргізеді, көрсетілетін қызметтердің сапасын талдайды және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды.

Талаптар:

  • Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша немесе Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша жоғары білім;
  • Ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс тәжірибесі: кемінде 6 жыл;
  • Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл болғаны жөн;
  • Лицензиялар, сертификаттар: жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша сертификаттардың болуы.

Қосымша талаптар:

  • MS Office бағдарламаларын тәжірибелі деңгейде меңгеру;
  • электрондық құжат айналымы жүйесін тәжірибелі деңгейде пайдалану;
  • қазақ, орыс, ағылшын (қалаулы) тілдерін білу.

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Арнайы кәсіби дағдылар:

- ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық стандарттарды, саясаттарды және ұсынымдарды бейімдеу және енгізу;

- өз құзыреті шегінде ресурстарды бөлу, міндеттерді басымдыққа қарай айқындау және оларды делегирлеу, жобалық қызметті ұйымдастыру және оңтайландыру;

- АТК дамыту бағдарламасын әзірлеу және қолдау;

- АТ мақсаттары мен міндеттерін айқындау;

- өз құзыреті шегінде АТ бюджеті мен ресурстарын басқару;

- ұйымның стратегиясына, саясатына және даму жоспарларына сәйкес АT-архитектурасының тұжырымдамасы мен моделін айқындау;

- АT функциясының қызметін бағалау мәселелері бойынша бағдарламалар мен тексеру әдістемелерін ұйымдастыру;

- АT-процестердің тиімділігін бағалау әдіснамасын бейімдеу және енгізу;

- АT-процестерді жетілдіру жөніндегі бастамаларды айқындау және енгізу;

- өз құзыреті шегінде АT тәуекелдерін басқару;

- АT сервистерінің үздіксіздігін басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

  • Арнайы білім:

- АT саласындағы стратегиялық басқару және жоспарлау әдістемелерін білу;

- АT-архитектурасын құру қағидаттарын білу;

- ақпараттық технологиялар саласындағы үздік тәжірибелерді, халықаралық және мемлекеттік стандарттарды (COBIT 2019, ISO, ITIL, DMBOK, TOGAF және т.б.) білу;

- АT-басқару қағидаттарын, жобаларды басқару әдіснамаларын және бағдарламалық қамтамасыз етудің өмірлік циклінің модельдерін білу;

- бизнесті және ақпараттық жүйелерді талдау құралдарын, әдіснамаларын және тәсілдерін білу;

- холдингтік ұйымдардағы АT-инфрақұрылымның негізгі процестерін, құрылымын, құрамын, міндеттері мен маңызын білу;

- ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын және ақпарат пен деректерді қорғау әдістерін білу.

  • Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этиканың өзге де қағидаттарын қатаң сақтау).

Қажетті қабілеттер

  • Информационные технологии