"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының Астана станциясындағы № 1 вагон-зертхана бастығы

от 501 233
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
228

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Вагон-зертханаға жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
  • өлшем құралдарын салыстырып тексеру сапасын қамтамасыз ету саласындағы мәлімделген саясатқа сәйкес жұмысты ұйымдастырады;
  • өлшем бірлігін және зертханада менеджмент жүйесінің (МЖ) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
  • Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде ультрадыбыстық дефектоскоптарды тексеру және жол өлшеу (жол) щаблондарын тексеру кестелерін әзірлеуге және орындауға қатысады;
  • ӘЖ менеджменті жүйесін жетілдіру бойынша түзету және ескерту іс-шараларын әзірлейді;
  • өлшеу құралдары мен өлшеу жабдықтарының жарамды жай-күйін қамтамасыз етеді;
  • қажетті материалдарды, сондай-ақ ӘЖ жұмыс істеуі мен қызметі үшін қажетті қосалқы бөлшектерді алуға өтінімдер жасайды;
  • ӘЖ қызметкерлерімен техникалық сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді;
  • Филиалдың жетекшілік ететін бөлімшелеріне № 1 жолды диагностикалау құралдарының зертханасына есептік нысандардың уақтылы ресімделуіне және ұсынылуына жауапты болады;
  • салыстырып тексеру әдістемесіне (ПШ және УЗИ) сәйкес өлшеу құралдарын уақтылы салыстырып тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • вагон-зертхананың шығу кестесіне сәйкес атқарылған жұмыс туралы есеп жүргізеді;
  • өлшеу құралдарын тексеру мерзімдеріне (жол шаблондары мен ультрадыбыстық дефектоскоптар) сәйкес ӘЖ шығу кестелерін әзірлейді және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • дефектоскопия цехтары бойынша қосалқы бөлшектердің болуын тексеруді, дефектоскопты арбаларға қосалқы бөлшектерді орнатуды жүргізеді;
  • ОДП-ға ФМУ-54 нысаны бойынша материалдық есепті уақтылы ұсынады;
  • еңбектің қауіпсіз әдістері мен жағдайларын, ӘЖ қызмет көрсететін персоналдың еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, Стандарттау, сертификаттау және метрология, Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану.
  • Жұмыс тәжірибесі: темір жол саласында кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр