Өндірістік бақылау жөніндегі инженер
"Жоғары технологиялар институты" ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
Должностные обязанности Лауазымдық міндеттер Employment duties: • ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келетін ҚӨО-дағы (қауіпті өндірістік объект) өндірістік бақылау саласындағы стратегияны, мақсаттарды, КТК-ны (тиімділіктің негізгі көрсеткіштері) және бірыңғай саясатты әзірлейді, Серіктестіктің өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін, АҚ (азаматтық қорғаныс) және ТЖ-ны (төтенше жағдайлар) қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шараларды әзірлейді; • Серіктестіктің ҚӨО өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеуді және оның өзектілігін сақтауды ұйымдастырады және бақылайды; • Серіктестіктің ҚӨО-ын жыл сайынғы техникалық қайта жарақтандырудың жүргізілуін бақылайды; • жобаларды, технологиялық режим регламенттерін оларда өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ талаптарының дұрыс және дәл көрсетілуі тұрғысынан қарайды; • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін, АҚ және ТЖ қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, аварияларды жою жоспарларын ұйымдастыруға және әзірлеуге қатысады; • ҚӨО-дағы аварияларды жою жоспары шеңберінде оқу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды ұйымдастырады және өткізеді; • қызметкерлердің өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды жүзеге асырады; • қызметкерлердің өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ талаптарын сақтауын тексеруді ұйымдастырады және өткізеді; • құрылымдық бірліктердің өндірістік бақылау жөніндегі жауапты тұлғаларының өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ талаптарын қамтамасыз ету және сақтау бойынша жұмыс орындарында тексерулер жүргізуіне мониторинг жүргізеді; • қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен инциденттердің туындау себептеріне талдау жүргізеді және оларды есепке алу жөніндегі құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді; • қауіпті өндірістік объектідегі авария салдарынан болған аварияларды, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастырумен және оларды есепке алу тәртібімен айналысады; • ұйымның құрылымдық бірліктері мен бөлімшелерінің басшыларына өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындалуы міндетті нұсқамаларды / актілерді береді; • жұмыс орындары мен объектілерде анықталған сәйкессіздіктер мен тәуекелдерді жою мақсатында тәуекелдерді бағалауды сәйкестендіру нәтижелері бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады. • НҚА (нормативтік құқықтық актілер) талаптарына сәйкес, соның ішінде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын келіседі және білімді тексеру комиссияларына қатысады. • қызметкерлерді өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ мәселелері бойынша даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруды бақылайды; • объектілер мен техникалық құрылғыларға өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады; • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ мәселелері бойынша қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссия жұмысына қатысады; • қызметкерлерді өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ талаптарының өзгергені туралы хабардар етеді; • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің, АҚ және ТЖ жағдайын жақсартуға, персоналға, өңір халқына және қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алуға бағытталған шараларды әзірлейді; • қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға тигізетін зақымдаушы әсерінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіреді; • Серіктестіктің инциденттерді, аварияларды оқшаулауға және олардың салдарын жоюға дайындығын қамтамасыз етеді; • Серіктестікте қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарын уақтылы тексеруден, техникалық құрылғыларды зерттеуден, сынаудан, куәландырудан және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан өткізуді бақылайды; • оқиға, инцидент, авария, жазатайым оқиға орын алған кезде хабарлау тәртібін айқындайды. • Құрылымдық бөлімшелерде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша анықталған бұзушылықтарды жою шараларын қабылдау туралы орындалуы міндетті нұсқаулар береді; • оқыту бағдарламаларын және қызметкерлерді өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша оқытуға қатысуды келіседі; • Серіктестіктің бөлімшелеріне өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ жөніндегі жұмыста әдістемелік көмек көрсетеді. • Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша жыл сайынғы кешенді іс-шаралар жоспарларын әзірлейді; • Серіктестік Басшылығының өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша өзге де тапсырмаларын орындайды. • Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарға сәйкес өз функцияларын орындай отырып, сапа менеджменті жүйесін қолдауға және жақсартуға қатысуға міндетті. • Өз қызметінің маңыздылығын және оның Серіктестік жұмысының тиімділігіне, сондай-ақ Серіктестік клиенттері мен мүдделі тараптардың талаптарын орындауға тигізетін әсерін түсінуі тиіс. • Сапа менеджменті жүйесінде көзделген іс-әрекеттерді орындаудан бас тартқаны және СМЖ-ның ISO 9001 талаптарына сәйкестігіне әсер ететін міндеттерді орындамағаны үшін жауапты болады. • Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықты дайындайды; • Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын және аварияларды жою жоспарларын әзірлеу мен уақтылы өзектендіруді ұйымдастырады. • Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес келесі мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды: • Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментімен; • Төтенше жағдайлар департаментімен; • "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесімен; • «Самұрық-Қазына» АҚ-мен; • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен. • Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары нұсқамаларының орындалуын бақылайды, аталған органдарға өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша нұсқамалардың орындалу барысы туралы хабарлайды. • «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және өзге де уәкілетті органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат пен жауаптар дайындайды; • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша материалдарды, есептерді, құжаттар мен ақпаратты сұратылған нысанда және түрде, бастамашылық жасаған қызметкер белгілеген мерзімде ұсынады. • Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ мәселелерін талқылау кезінде ұжымдық шарт жасасу бойынша келіссөздерге қатысады; • Жасалуы өзі басқаратын құрылымдық бөлімшеге жүктелген немесе жасалуына қызметкер басқаратын құрылымдық бөлімше бастамашы болған мәмілелер бойынша: «Жоғары технологиялар институты» ЖШС Байқау кеңесінің отырыстарына оның қарауына шығарылатын мәмілелерді жасасу/мақұлдау/бекіту туралы мәселелер бойынша құжаттарды дайындау» нұсқаулығының талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді (құжаттарды тиісті түрде және уақтылы дайындау мен келісу, мәселелерді Байқау кеңесінің қарауына шығару рәсімдері мен мерзімдерін сақтау және т.б.) және осы Нұсқаулықтың және Серіктестіктің өзге де ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға, мәмілелер бойынша мәселелерді Байқау кеңесі мен Серіктестіктің Жалғыз қатысушысының қарауына уақтылы шығаруға жауапты болады. • Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша есептерді дайындауды және қалыптастыруды жүзеге асырады; • Серіктестіктің өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша өкімдік құжаттарын дайындауды (әзірлеу, қалыптастыру, келісу) жүзеге асырады; • Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша іске асырылған тәуекелдер жөніндегі есепті, Тәуекелдер тізілімінің ескерту іс-шараларының орындалуы жөніндегі есепті ұсынады; • Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша жұмыс жоспарының орындалуы туралы есептерді дайындауды жүзеге асырады; • Өнеркәсіптік и өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша құжаттарды Серіктестік мұрағатына (архивіне) дайындауды және өткізуді жүзеге асырады; • Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша нормативтік техникалық құжаттармен қамтамасыз ету, қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық әдебиеттермен, плакаттармен, техникалық құралдармен жинақтау шараларын қабылдайды. • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ саласындағы тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және бақылау, сондай-ақ қауіптердің ықтимал көздерін сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізеді; • тәуекелдерді азайту, алдын алу және олардың іске асырылуына жол бермеу мақсатында іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша жылдық жұмыс жоспарын және атқарылған жұмыс туралы есепті әзірлейді; • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша таныстырылымдар (презентациялар), мақалалар дайындайды; • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, АҚ және ТЖ бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептерді дайындайды.Білім:
Жоғары білім, келесі саларда - Техникалық («Өнеркәсіптік қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайлардағы қорғаныс», «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»).Дағдылар:
Білімдер және дағдылар (міндетті / қалаған) Знания и навыки (обязательные/желательные) Knowledge and skills (required /desirable) Міндетті: Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін, ЕҚ және ҚТ (еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы) қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; Өндірістік процестерді түсіну; ББЖ (біріктірілген басқару жүйелері): ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 стандарттарын білу; Бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеу дағдылары; Word, EXCEL, PowerPoint бағдарламаларын (классикалық қосымша) еркін меңгеру; Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру. Қалаулы: Техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім, техникалық ойлау, талдау қабілеттері; Функционалдық процестерді енгізу тәжірибесі; Қауіптілігі жоғары жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі; Шарттық және сатып алу қызметін жүргізу тәжірибесі; Таныстырылымдарды (презентацияларды) дайындау дағдылары; Өндірістік факторға байланысты емес өлім-жітім жағдайларын азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу тәжірибесі; Мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі; Ішкі регламенттеуші құжаттарды әзірлеу тәжірибесі; HSE саласындағы халықаралық стандарттарды білу.Қосымша:
Міндетті: • стандартты кеңсе бағдарламаларының сенімді пайдаланушысы (Microsoft Word, Excel). • Мемлекеттік тілді және орыс тілін меңгеру (іскерлік хат алмасу, жазбаша және ауызекі сөйлеу дағдылары). Қалаулы: • ағылшын тілін білу.Білетін тілдер:
• Мемлекеттік тілді және орыс тілін меңгеру (іскерлік хат алмасу, жазбаша және ауызекі сөйлеу дағдылары). Қалаулы: • ағылшын тілін білу.Ұқсас вакансиялар
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің Төтенше жағдайлар (ТЖ) және өрт қауіпсіздігі жөніндегі жетекші маманы
"Волковгеология" АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
23.07.2026 | 496
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі"филиалының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері
Павлодарское отделение магистральной сети | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар облысы
22.07.2026 | 293
409 129 - 423 515
«KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалының Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің жектекші инженері
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
22.07.2026 | 191
от 507 800 KZT