«KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалының Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің жектекші инженері
от 507 800 KZT
«KEGOC» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
- «Энергетика объектілерінде болған өрттерді ведомстволық тергеп-тексеру және есепке алу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес филиалда болған өрттер мен өрттердің себептерін тергеп-тексеруге қатысады, оларға жол бермеу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
- өрттер мен өрттердің есебін, себептерін талдауды және олар бойынша есептілікті жүргізеді;
- өрт туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен ведомстволық және мемлекеттік қадағалау органдарына жеткізуді қамтамасыз етеді;
- филиал объектілерінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі негізгі басшылық құжаттардың талаптарының орындалуын бақылайды;
- «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының (бұдан әрі – АД), Мемлекеттік өрт қадағалау актілерімен көзделген өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды және есепке алуды жүргізеді;
- өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша филиал бұйрықтарының, өкімдерінің жобаларын әзірлейді;
- басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп өрт қауіпсіздігі жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- өрт-техникалық комиссияның (бұдан әрі - ӨТҚ) жұмысын ұйымдастырады және оған қатысады, ӨТҚ құжаттамасын жүргізеді;
- құрылымдық бөлімшелерде өрт қауіпсіздігін, техникалық пайдалануды, қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғауды тексеруді жүргізуге қатысады;
- Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі техникалық және пайдалану құжаттамасының (нұсқаулықтардың, схемалардың, журналдардың және т. б.) нормативтік құжаттардың талаптарына (көлемі, мазмұны, өзгерістерді бекіту және енгізу тәртібі, өзгерістермен танысу, қайта қарау мерзімдерін сақтау, жүргізу сапасы және т. б.) сәйкестігін бақылайды.;
- негізгі және қосалқы өндірістің өртке қарсы құрал-саймандарымүкәммал құралдары мен материалдарын бөледі, мердігер ұйымдардың өрт қауіпсіздігі бойынша қызметтер көрсетуін бақылайды;
- өртке қарсы жаттығуларды өткізу Қағидаларына сәйкес Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде өртке қарсы жаттығулардың ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылайды;
- Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде өрт - техникалық минимум бағдарламасы бойынша персоналдың оқуын есепке алуды және бақылауды жүргізеді;
- жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- аумақтық электр тораптарының басшыларына, филиалдың бөлімдеріне, қызметтеріне анықталған бұзушылықтарды (сәйкессіздіктерді) жою туралы орындалуы міндетті нұсқамаларды (нұсқауларды) береді, нұсқаманың (нұсқаудың) көшірмесін кейіннен Қызмет бастығына береді, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды;
- Құрылымдық бөлімшелердің өртке қарсы қорғау жүйелері мен құралдарын: өртті сөндірудің автоматты қондырғыларын, өрт дабылын, сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбыры жүйелерін, алғашқы өрт сөндіру құралдарын жарамды күйде ұкіріспе нұсқаулық өткізеді; құрылымдық бөлімшелерде бекітілген мерзімді өртке қарсы нұсқаулықтардың тақырыптарының болуын, құрылымдық бөлімшелерде өткізілетін бастапқы, мерзімді, жоспардан тыс және мақсатты өртке қарсы нұсқаулықтардың өткізілуін және дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асырадыстау және әрекет етуге дайындығы жөніндегі жұмыстарды орындауының есебін жүргізеді;
- өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша персоналды оқытуға қатысады;
- Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына өрт қауіпсіздігі жөніндегі құжаттарды әзірлеу және қайта қарау кезінде әдістемелік көмек көрсетеді;
- Филиалдың негізгі және қосалқы өндірістің өрт қауіпсіздігі бойынша материалдар мен қызметтерге өтінімдерін қалыптастырады;
- Филиалдың бөлімшелерінде ай сайынғы «Қауіпсіздік техникасы күндерін» ұйымдастырады және өткізуге қатысады;
- филиал мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының өндірістік жұмыс орындарын жүйелі аралап, қарап - тексеруді ұйымдастырады, жұмыс орындарына кенеттен тексеру жүргізеді;
- технологиялық бұзушылықтарды тексеру жөніндегі филиал комиссиясының жұмысына қатысады, оларға жол бермеу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
- АЭҚжБҚ АД және «KEGOC» АҚ «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындығы паспортын алу қағидалары мен мерзімдеріне» сәйкес материалдарды дайындауды және тапсыруды ұйымдастырады;
- Филиал бөлімшелерінің кадрлармен жұмыс істеудің жылдық жоспарын әзірлеуге қатысады;
- техникалық пайдалану, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша персоналды оқытуға қатысады;
- аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығуларды жүргізу қағидаларына сәйкес аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығуларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
- негізгі және қосалқы өндіріс қызметкерлерінің еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі материалдарына филиалдың өтінімдерін қалыптастырады;
- өрт дабылы және газды өрт сөндіру жүйесінің жөндеу-пайдалану қажеттіліктеріне арналған шығындарды жоспарлайды және орындайды;
- жабдықты, автокөлікті, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу кезінде нормативтік құқықтық, нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- Филиал қызметкерлерінің еңбек жағдайларының жақсаруын бақылайды;
- өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
- еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
- қызметтерді сатып алу туралы шарттарды сүйемелдеу (жетекшілік ететін шарттар бойынша), шарттық талаптардың орындалу әрекеттерін қадағалау, қосымша келісімдер жасасайды.
- филиал қызметкерлерінің мерзімді медициналық қарап-тексеруден, ауысым алдындағы медициналық куәландырудан уақтылы өтуін бақылайды;
- еңбек процестері мен операцияларын, құжат айналымы жүйелерін жетілдіру және құжаттардың өтуін бақылау, Өндірісті басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын қолдану, жедел және жөндеу персоналының жұмыстарын жүргізу процесін бейнетіркеу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, бейнежазбаларды қарайды және ТҚЕ, ТПЕ, ӨҚЕ талаптарының бұзылуын анықтау мәніне талдау жүргізеді;
- еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау жұмысын ұйымдастырады;
- тиісті құрылымдық бөлімшелердің жүк көтергіш машиналар мен механизмдерге техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
- жол-көлік оқиғаларын жою жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастырады;
- жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша жаңа бұйрықтар мен нұсқауларды әзірлейді, қолданыстағыларын қайта қарайды немесе олардың күшін жояды;
- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қатысты бөліктегі жұмысты тексеру және басшылыққа анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде пәрменді шаралар қабылдау үшін ұсыныстар береді.
Талаптар:
- Бағыты бойынша тиісті мамандық бойынша жоғары білім
- Техникалық ғылымдар мен технологиялар-Электр энергетикасы/Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
- Электр энергетикасы саласында еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі I санаттағы инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; Сертификаттар: жетекшілік ететін қызмет мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн;
- MS Office тәжірибелі пайдаланушысы;
- Қазақ, орыс, ағылшын (қажетті) тілдерін білу.
Шарттары:
Жұмыс орны: Атырау қаласы, М.Өтемісұлы көшесі, 110А
Түйіндеме қабылдау мерзімі 2026 жылғы 22-24 шілде аралығында
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар
"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы Майқайың түйіспелік желі ауданы түйіспелік желінің электромонтері
Павлодарская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар облысы
23.07.2026 | 2282
261 929 - 275 469
Экономикалық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Қауіпсіздік басқармасы
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
23.07.2026 | 1250
Жалақы көрсетілмеген
Электромонтер по ремонту и обслуживанию электрооборудования Группа масляного хозяйства Акадырская дистанция электроснабжения Карагандинское отделение магистральной сети Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция магистральной сети»
Акадырская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Қарағанды облысы
23.07.2026 | 24
264 230 - 278 616