Жаңаөзен стансасының Пойыз құрастырушысы
- Құрылған күні:
-
19.07.2026
- Берілген өтінім:
- 19
- Қаралған саны:
- 194
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Белгіленген маневрлік жұмыс ауданында жолдардың орналасуын, нөмірленуін және мақсатын, олардың бойлық бейінін, әрбір жолдың вагон сыйымдылығын, габариттен тыс орындарды, жылжымалы құрамды өздігінен қозғалып кетуден бекіту тәртібін, тежеуіш табандықтарын доңғалақ астынан алу тәртібін, сондай-ақ бағыттамалы бұрмалардың, тұрақты сигналдық белгілердің, бағдаршамдардың және екіжақты парктік байланыс бағандарының орналасуын білуге міндетті.
- Маневрлік локомотивті вагондардан ағытпас бұрын немесе вагондарды қалдырған кезде вагондардың шекті бағаналармен (маневрлік бағдаршамдармен) белгіленген шекарада тоқтатылуын қамтамасыз етеді және оларды станцияның ТРА-да белгіленген тәртіппен өздігінен қозғалып кетуден бекітеді.
- Жолдардағы құрамның сенімді бекітілуін тексереді, тежеуіш табандықтарының бар екеніне көз жеткізеді және тексеру нәтижелері туралы станция кезекшісіне баяндайды.
- Маневрлік жұмысты бастамас бұрын алынған тапсырманы оған қатысы бар әрбір қызметкерге жеткізеді.
- Машинисті және маневрге қатысатын станция қызметкерлерін маневрді орындау тәртібімен таныстырады.
- Вагондардың қозғалысына кедергілердің (дөңгелек астындағы тежеуіш табандықтары, адамдар, бөгде заттар және т.б.) жоқтығын және автотіркегіш иінтіректерінің қалыпты жағдайда тұрғанын тексереді.
- Радиобайланыс тұрақсыз аймақта болған кезде 5-разрядты пойыз құрастырушысы машиниспен қол және дыбыстық сигналдар арқылы байланыс жасап, бұл туралы оны алдын ала хабардар етеді.
- Маневрлік қозғалыстарға қатысты сигналдар мен нұсқауларды анық әрі уақытылы береді, сигналдардың дұрыс және дер кезінде берілуін қамтамасыз етеді.
- Жылжымалы құрамды жолдардың белгіленген мамандануына сәйкес орналастырады.
- Станция кезекшісінің кезекшілікке түскен ауысымның пойыздарды жөнелту үшін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- білімі: орташа және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық
- жұмыс тәжірибесі: пойыз құрастырушы көмекшісі/ вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеуші лауазымында кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж