Костанай өндірістік филиалының бухгалтерлік есеп бөлімі бойынша бас бухгалтері, «QazaqGaz Aimaq» АҚ

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалы Қостанай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
504

   Конкурс туралы

Құрметті үміткер! Біздің компаниямызға білдірген қызығушылығыңыз үшін алғыс айтамыз. Жұмыс вакансиясына жауап бермес бұрын, конкурсқа іріктеудің міндетті шарттарымен танысып шығуыңызды сұраймыз: Берілген деректердің (білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және т.б.) дұрыстығына үміткер жауап береді. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі жөніндегі анықтаманы ұсыну қажет. Жеке кабинетіңізде тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз. Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.

Міндеттері:

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыру:

- Компанияның Құрылымдық бөлімшесінің шаруашылық-қаржылық қызметі бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу, мүдделі ішкі және сыртқы пайдаланушыларға Компанияның қаржылық жағдайы туралы толық әрі шынайы ақпарат алу мақсатында, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды үнемді пайдалануын бақылау, Компанияның меншігінің сақталуын қамтамасыз ету;
- есептілікті (қаржылық, салықтық, статистикалық есептілік) жасау
- анализ және барлық аналитикалық және синтетикалық шоттар бойынша дебеттік және кредиттік айналымдардың;
- бухгалтерлік есеп бөлімі қызметінің ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі;
- белгіленген мақсаттар мен көрсеткіштер бойынша аудандық газ шаруашылықтарының қызмет нәтижелерін талдау және басқарушылық есептілік пен талдау қызметіне, сондай-ақ жоғары тұрған басшылыққа есептер ұсыну;

- бухгалтерлік есептің жұмыс жоспарын дайындау және қабылдау, оның құрамына синтетикалық және аналитикалық шоттар, шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандары, ішкі бухгалтерлік есептіліктің нысандары кіреді;

- заманауи ақпараттық технологияларды, есеп пен бақылаудың прогрессивті нысандары мен әдістерін қолдану негізінде бухгалтерлік есеп регистрлерін жүргізу, шығындар сметаларын орындау, мүлікті, міндеттемелерді, негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды, ақша қаражаттарын, қаржылық, есептік және кредиттік операцияларды, өндіріс және айналым шығындарын, газды өткізуін, жұмыстарды (қызметтерді) орындауды, Компания қызметінің қаржылық нәтижелерін есепке алу;

- шаруашылық операцияларды жүргізуді, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын және құжат айналымы тәртібін сақтауды бақылау;

- қаржылық және кассалық тәртіпті, шығындар сметаларын, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығарудың заңдылығын, бюджетке алымдар мен өзге де төлемдерді, сақтандыру жарналарын уақтылы аударуды, Құрылымдық бөлімше қызметкерлеріне жалақы есептеуді қамтамасыз ету;

- мүлікті/міндеттемелерді түгендеуді және бағалауды жүргізу тәртібін айқындау, олардың бар екендігін құжаттық түрде растау;

- қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;


Талаптар:

  • Білімі жоғары кәсіби;
  • кәсіби бухгалтер сертификатының болуы ;
  • ОБУ бас бухгалтері орындалатын жұмыстар көлемінде келесі құжаттарды білуі және өз қызметінде басшылыққа алуы тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы», «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Бәсекелестік туралы» заңдары



Шарттары:

  • ҚР ЕК сәйкес ресімдеу. 
  • Екі демалыс күні бар бескүндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі.