Көлік қызметінің бастығы
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қостанай» магистральдық газ құбырлары басқармасы Қостанай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
20.07.2026
- Берілген өтінім:
- 8
- Қаралған саны:
- 478
Міндеттері:
- көлік қызметінің үздіксіз жұмысын және автокөлік құралдарын пайдалануын ұйымдастырады;
- көлікті пайдалана отырып өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- көлік құралдарын техникалық тұрғыдан ақаусыз күйде желіге шығаруды ұйымдастырады;
- жол қозғалысы қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылайды;
- көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностика жүргізуді ұйымдастырады;
- ЖСМ, қосалқы бөлшектер және пайдалану материалдарының шығысын бақылайды;
- көлік жұмысының есебін, жүрісін, отын шығысын және өзге де пайдалану көрсеткіштерін ұйымдастырады;
- жүргізушілер мен көлік құралдарының жұмыс кестелерін әзірлейді және бақылайды;
- автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
- көлік қызметінің бюджеті әзірлеуге, шығындарды жоспарлауға және көлік шығындарын төмендету жөніндегі іс-шараларға қатысады;
- бағынышты қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады, міндеттерді бөледі, олардың қызмет нәтижелерін бағалайды;
- ЖКО (Жол-көлік оқиғалары) тергеуге қатысады және олардың алдын алу шараларын қабылдайды;
- көлікпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кәсіпорынның мемлекеттік органдарымен, мердігерлік ұйымдарымен және басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
Талаптар:
- «Транспорт», «Тасымалды ұйымдастыру және көліктегі басқару», «Көлік құралдарын пайдалану», «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы», «Машина жасау» бағыттары бойынша жоғары білім немесе өзге де жоғары техникалық білім
Жұмыс өтілі:
- көлік саласындағы мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл,
Білуі тиіс:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңы;
- жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары;
- көлік құралдарын техникалық пайдалану және жөндеу жөніндегі нормативтік құжаттар;
- жүк пен жолаушыларды тасымалдау қағидалары;
- экономиканың негіздері, өндірісті ұйымдастыру және басқару;
- еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау қағидалары;
- ЖСМ мен материалдық құндылықтарды есепке алу және есептен шығару тәртібі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Ұқсас вакансиялар
Көлік қызметінің бастығы
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасы | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
25.08.2026 | 77
Не_вахта сервистік орталықтың жөндеу-құрылыс учаскесінің 3-4-разрядты тасымалдаушысы (26.05.2026 жылғы № 48-12-10/ 2143 өтінім 1 бірлік) Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
24.08.2026 | 1263