Көлік қызметінің бастығы

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасы Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
60

   Конкурс туралы
  • Міндеттері:

  • Маршруттарды жоспарлау, қызметтер мен бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес көлік құралдарын бөлу, автомобильдерді ұтымды пайдалануды бақылау;

  • Желіге тек техникалық жарамды көлік құралдарының шығарылуын қамтамасыз ету, тұрақты техникалық тексерулерді ұйымдастыру және уақтылы жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;

  • Жол қозғалысы ережелерінің (ЖҚЕ) сақталуын бақылау, жүргізушілерге нұсқамалар өткізу, еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

  • Жол парақтарын жүргізу, жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) шығынын есепке алу, белгіленген лимиттердің сақталуын бақылау, көлік бөлімшесінің бюджетін жасау;

  • Персоналмен өзара іс-қимыл жасау: қызметтер/бөлімдер басшыларымен, жүргізушілермен, механиктермен, диспетчерлермен жұмыс жүргізу (персоналды іріктеу, оқыту, жұмыс кестесін жасау, қызметтің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу).

    Талаптар:

  • Білімі: жоғары (кәсіби) техникалық немесе инженерлік-техникалық білім.
  • Білуі тиіс: көлік заңнамасын, автомобильдер мен көлік техникасының құрылысын, жол қозғалысы қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын.
  • Жұмыс тәжірибесі: ұқсас лауазымдарда кемінде 5 жыл жалпы еңбек өтілі, басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Шарттары:

    Шымкент қаласында тұруы тиіс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр