«KEGOC» АҚ Сатып алу департаменті санаттық басқару тобының менеджері (уақытша лауазым)

от 461 703 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
55

Қаралған саны:
507

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

1) Қордың сатып алу санаттық стратегиясын әзірлеуге және өзектендіруге қатысады;

2) ішкі ортаны талдауды жүзеге асырады, оның ішінде алдыңғы кезеңдердегі шығындар мен сұраныс факторлары туралы ақпаратты жинауды, ішкі нарықты және әлеуетті жеткізушілерді зерделеуді жүргізеді;

3) сыртқы ортаны талдауды жүзеге асырады, оның ішінде сыртқы нарықты, әлеуетті жеткізушілерді зерделеуді және бағаларға салыстырмалы талдау жүргізуді қамтиды;

4) сатып алу тәсілін, жеткізушіні таңдау өлшемшарттарын айқындауды қоса алғанда, санаттарды басқару тәсілдерін айқындайды;

5) Сатып алу санаттық стратегиясын енгізу мен орындалуына мониторинг жүргізеді;

6) жеткізушілер қызметінің нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді;

7) жеткізушілердің қызмет тиімділігін басқару процесінің орындалуы мен нәтижелеріне мониторинг жүргізеді;

8) әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстарын бағалауға қатысады;

9) әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізеді, талаптарды нақтылайды;

10) сатып алу туралы шарттардың жобаларын (оның ішінде өзгерістер енгізу және мерзімін ұзарту бойынша) дайындауға қатысады;

11) әлеуетті жеткізушілерді іріктеу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

12) жеткізушілердің қызмет тиімділігін басқару шеңберінде жеткізуші қызметінің нәтижелеріне тұрақты бақылау жүргізеді;

13) сатып алу санаттық стратегиясын іске асырудың экономикалық тиімділігін мақсатты көрсеткіштермен салыстыра отырып қадағалайды;

14) сатып алу санаттық стратегиясына енгізілетін өзгерістерді бақылауды жүзеге асырады;

15) нарық конъюнктурасын зерделейді және ұсынылып отырған сатып алу санаттық стратегиясының іске асырылуына, нарықтағы жағдайға және жеткізушілермен өзара қарым-қатынасқа болашақта әсер етуі мүмкін факторларды айқындайды;

16) Қордың сатып алу санаттарының әрқайсысы бойынша оңтайлы сатып алу санаттық стратегиясын іске асыру мақсатында әрбір нарыққа оның маңыздылығы мен тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің (ТЖҚ) құны тұрғысынан зерттеу жүргізеді;

17) Қорға сатып алу санаттық стратегиясын іске асыру нәтижелері мен орындалу барысы туралы есеп дайындайды;

18) жеткізушілердің тиімділік коэффициентінің орындалуы бойынша статистиканы жүргізеді;

19) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Атқарушы дирекцияның құрылымдық бөлімшелерімен, «KEGOC» АҚ филиалдарымен, басқа да бақылаушы және уәкілетті органдармен, қоғамдық бірлестіктермен қызметтік хат алмасуды жүзеге асырады;

20) Қордың сатып алу санаттық стратегиялары әзірленген тауарлар бойынша бағалық маркетингті жүзеге асырады;

21) «KEGOC» АҚ және «Энергоинформ» АҚ құрамына кіретін сатып алу санаттық топтары мүшелерінің жұмысын үйлестіреді;

22) біліктілік өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту шеңберінде білікті әлеуетті жеткізушілерді іріктеу жөніндегі жұмыс топтары мүшелерінің жұмысын үйлестіреді;

23) сатып алу санаттық стратегиясын іске асыру нәтижесінде алынған экономикалық тиімділікті қаржы блогымен келіседі;

24) сатып алу санаттық стратегияларының жобаларын Санаттық комитеттің қарауына енгізеді;

25) «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бастамашы болған құрылымдық бөлімшелерінен құжаттарды қабылдайды;

26) «KEGOC» АҚ өткізетін сатып алу тендерлеріне тендерлік комиссияның хатшысы ретінде қатысады;

27) тендерлік құжаттаманың жобасын, тендерлік және сараптамалық комиссиялардың құрамын, тендерлік комиссияның хатшысын бекіту, тендерлік құжаттаманы бекіту және ашық тендер өткізу туралы бұйрық жобасын дайындайды, сондай-ақ бұйрық жобасын келісуді жүзеге асырады;

28) тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізу үшін қажетті құжаттардың жобаларын дайындайды, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу саласындағы нормативтік құжаттарында көзделген тиісті хаттамаларды ресімдеуді және келісуді жүзеге асырады;

29) тендер жеңімпазын хабардар етеді;

30) ұсынылған құжаттардың сатып алуды жүзеге асыру негіздеріне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қарайды, бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы бұйрықтарды қалыптастырады, оларды мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келіседі және Тапсырыс берушінің атқарушы органының басшысына немесе ол уәкілеттік берген өзге тұлғаға қол қоюға ұсынады;

31) «KEGOC» АҚ-ның қаржылық тәртібіне сәйкес, тендерлік құжаттамада көзделген тәсілмен және шарттарда әлеуетті жеткізуші енгізген тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді қайтару рәсімін ұйымдастырады.

Талаптар:

  • Білімі: құқықтану / экономика / маркетинг / қаржы / есеп және аудит бағыттары бойынша жоғары білім.
  • Сатып алу аналитикасы / материалдық-техникалық қамтамасыз ету / логистика / сатып алуды мониторингтеу / шарттарды құқықтық сүйемелдеу саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

Қосымша талаптар:

  • MS Office бағдарламаларын тәжірибелі деңгейде меңгерген;
  • Интернет ресурстарын тиімді пайдалану;
  • Қазақ және орыс тілдерін білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Сатып алу саласындағы заңнаманы білу, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын дұрыс бағдарлай және қолдана білу;
  • Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша теориялық және практикалық даярлығының болуы;
  • Сатып алу саласындағы заңнама мен стандарттарды білу;
  • Сатып алу бойынша тендерлік рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу тәжірибесінің болуы;
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның саясаттарын және Компанияның сатып алу саласындағы ішкі нормативтік құжаттарын білу;
  • Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби әдеп қағидаттарын қатаң сақтау).

Қажетті қабілеттер

  • Закупки