"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің менеджері (14 грейд)

от 415 248
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
153

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Ақпараттық-имидждік іс-шараларды өткізуге қатысады.
  • Медиа-іс-шараларға (баспасөз конференциялары, пресс-турлар, брифингтер) қатысушылар үшін үлестірме бейнематериалдарды (гиперсілтемелер), фотоиллюстрацияларды, инфографикаларды дайындайды;
  • Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша медиа-іс-шараларды өткізу мақсатында құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Жарнамалық модульдердің, стендтердің, баннерлердің дизайнын әзірлейді, Департамент міндеттерін орындауға қажетті инфографикалар мен басқа да мультимедиялық материалдарды дайындайды;
  • Құрылымдық бөлімшелермен және БАҚ редакцияларымен бірлесіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметі туралы телебағдарламалар мен бейнематериалдарды дайындауға және шығаруға қатысады. Бейнероликтер шығаруға қатысады, Департаменттің фото және бейне мұрағатын қалыптастырады және толықтырады;
  • Фото және бейнетүсірілімдерді, оның ішінде өңірлерде ұйымдастырады, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және еншілес ұйымдарының қызметі туралы бейнематериалдарды (фильмдер, роликтер) монтаждайды;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы атынан құттықтау мәтіндерін дизайнерлік рәсімдейді;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ және еншілес ұйымдарының арнайы жобаларын бейнетүсіріліммен қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары.
  • Мамандығы: «Журналистика»; «Жұртшылықпен байланыс»; «Менеджмент»; «Филология»; «Экономика»; «Маркетинг»; «Ақпараттық технологиялар».
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр