Лауазымдық жауапкершілік:
Тәртіпке, Корпоративтік стандартқа, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ-ның өзге де ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес тиісті жылға арналған «ҮМЗ» АҚ МТО/Өнеркәсіптік-қаржы жоспары/Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жоспары қалыптасқанға дейін сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге бағаларға маркетингтік зерттеулер жүргізеді.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер нарығына мониторинг және талдау жүргізеді.
Маркетингтік зерттеу жүргізу үшін ұсынылатын құжаттаманың дұрыс рәсімделгенін тексереді. Маркетингтік зерттеу жүргізу үшін ұсынылатын құжаттамадағы сәйкессіздіктер туралы ақпаратты тапсырыс берушілерге – «ҮМЗ» АҚ бөлімшелеріне жедел жеткізуді қамтамасыз етеді. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілерден коммерциялық ұсыныстарды сұратады және қарайды.
Комплаенс функциясы бойынша Қордың Корпоративтік стандартында анықталатын критерийлерге сәйкес аффилиирленген, тоқтатылған қызмет, сондай-ақ жеткізушілердің Қосылған құн салығын есепке алмағанда 50 млн теңгеден аз сомаға Тәртіптің 31-бабына сәйкестігі тұрғысынан әлеуетті жеткізушілерді тексеруді жүргізеді.
Бұрын берілген маркетингтік қорытындыларға сәйкес қолданыстағы есептік бағдарламалық кешенге маркетингтік/жоспарлық бағаларды уақтылы енгізеді.
«ҮМЗ» АҚ қолданыстағы есептік бағдарламалық кешенінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға өтінімдерді келіседі.
Қажетті деректермен жеткізушілердің дерекқорын жасайды және тұрақты негізде жүргізеді (ұйымның / кәсіпорынның атауы, байланыс тұлғасы және телефондары, эл. пошта, сайттар және т.б.). «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға белгіленген тәртіппен, корпоративтік стандартқа, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ-ның өзге де ішкі нормативтік құжатына сәйкес сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тиісті қоса беріліп отырған құжаттар топтамасымен маркетингтік қорытындыларды ресімдейді және жібереді.
ЕНС ТРУ кодтарын беру жөніндегі уәкілетті органмен хат алмасуды жүргізеді және «ҮМЗ» АҚ Тапсырыс беруші – бөлімшелерінен уәкілетті органның талаптарын ескере отырып, қажетті деректерді сұратады.
Тиісті жылға арналған «ҮМЗ» АҚ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарына енгізу үшін сатып алу жөніндегі директор қызметінің сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру бөліміне маркетингтік қорытындылар жібереді.
Сатып алу жөніндегі директор қызметінің сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру бөліміне сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің маркетингтік бағасы бөлігінде сатып алу жоспарын түзету қажеттілігі туралы ақпарат береді (Қажет болған жағдайда).
Менеджмент жүйесінің аудиттерін жүргізуге қатысады. Жеткізушілермен, «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерімен және басқа да ұйымдармен баға маркетингі мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-мен (қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) баға маркетингі мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізеді. Өндірістік мәселелер бойынша орталық бастығына есептерді ұсынады: маркетингтік талдау жүргізу, менеджмент жүйесінің рәсімдерін орындау, осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындау, сондай-ақ басшылықтың ережелерімен, Нұсқаулықтарымен және нұсқауларымен айқындалған басқа да есептік құжаттаманы уақтылы ұсынады.
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттаманың жоқтығы немесе толықтығы туралы орталық бастығына уақтылы хабарлайды.
«ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйесінің құжаттамасын әзірлейді және өзектендіреді (өз жауапкершілігі бөлігінде).
Тапсырмаларды орындауды реттейтін құжаттаманың барлық түрлерін жетілдіру бойынша ұсыныстар береді.
Орталықтың бастығы және менеджмент жүйесі жөніндегі уәкіл жолдаған құжаттамамен уақтылы танысады.
Сәйкессіздіктерді тіркеуге және талдауға, себептерін анықтауға, түзету (ескерту) әрекеттерін қабылдау қажеттілігін бағалауға қатысады.
«Сапа күндерінде» сұрақтарды дайындауға қатысады және оларда қабылданған іс-шаралардың орындалуын бақылайды (өз жауапкершілігі бөлігінде).
Өзінің тікелей басшысының нұсқаулары мен қызметтік тапсырмаларын жедел және сапалы орындайды.
Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады.
Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде пайдаланылатын «ҮМЗ» АҚ материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындайды.
Өзінің тікелей басшысының нұсқаулары мен қызметтік тапсырмаларын орындайды.
«ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды.
РД ОПБиОТ № 14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған талаптарды сақтайды.
Білім:
ЖоғарыДағдылар:
Баға маркетингі жөніндегі санаты жоқ маман – ДЭЕМ және басқа да ұйымдастыру техника құралдарын пайдаланушы деңгейінде игере білу. Іскерлік хат және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.
Баға маркетингі жөніндегі 2-санатты маман – ДЭЕМ және басқа да ұйымдастыру техника құралдарын пайдаланушылық деңгейінде игере білу. Іскерлік хат және іскерлік қарым-қатынас дағдылары. Қолданыстағы есептік бағдарламалық кешенде жұмыс істеу дағдылары.
Қосымша:
Баға маркетингі жөніндегі санаты жоқ маман (грейд 11.3) – 251 389 теңгеден бастап 439 680 теңгеге дейін.
Баға маркетингі жөніндегі 2-санатты маман (грейд 11.2) – 276 528 теңгеден бастап 483 648 теңгеге дейін.
Білетін тілдер:
-