Материалдық техникалық жабдықтау бойынша жетекші маман
"Волковгеология" АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
Материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады. Бастамашылардан өтінімдер алады және филиал бойынша жиынтық өтінім қалыптастырады. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі-ТЖҚ) сатып алудың жылдық жоспарын жасайды, сатып алудың жылдық жоспарына түзетулер жүргізеді. Қоғамның сұранысы бойынша есептер ұсынады. Сатып алынатын ТЖҚ-ға маркетингтік қорытындының болуына сұрау салу мен бақылауды жүргізеді. ТЖҚ жеткізуге бастамашылардан жасалған шарттарға сәйкес өтінімдер алады, берілген өтінімдерге сәйкес ТЖҚ жеткізуге жеткізушілерге өтінімдер қалыптастырады. Шарттарда көзделген мерзімдерде тауарлық-материалдық құндылықтарды уақтылы қабылдауды қамтамасыз етеді, олардың санын, сапасын және жиынтығын бақылау сыртқы ақау анықталған жағдайда материалдық құндылықтарды ауыстыру жөнінде шаралар қабылдайды. Алынған ТЖҚ құжаттамасын ресімдейді және бухгалтерияға береді. Филиалдың МТҚБ бастығы мен жоғары тұрған басшылықтың (өз құзыреті саласында) барлық нұсқауларын, өкімдері мен тапсырмаларын жедел және сапалы орындайды. Экологиялық менеджменттің интеграцияланған жүйесін жұмыс жағдайында қолдайды және оны өз құзыреті шегінде жақсартады.Білім:
Жоғары заңды, экономикалықДағдылар:
Техникалық құжаттамаға, материалдарға, бұйымдарға қойылатын негізгі талаптар. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, экологиялық және өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс қағидалары. Сапа саясаты, Экология және БММ бойынша ішкі нормативтік құжаттар. "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде "Самұрық-Қазына" АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі ұйымдардың сатып алу қызметін басқару стандарты. "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде "Самұрық-Қазына" АҚ-на меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібі. Іс жүргізу негіздері.Қосымша:
Сатып алу сапасы, сатып алуды жүзеге асыру тәртібін сақтау.Білетін тілдер:
қазақ, орыс тіліҰқсас вакансиялар
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "Семей" филиалының өндірісін қамтамасыз ету секторының жетекші инженері
НОД-6 (Семейское отделение ГП) | Еңбекпен толық қамтылу
| Шығыс Қазақстан облысы
22.07.2026 | 222
от 256 853
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының сатып алуды жоспарлау секторының менеджері (15 грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.07.2026 | 347
от 482 846
"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Алматы магистральдық желі бөлімшесінің" Шелек электрмен жабдықтау қашықтығы өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері
Шелекская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы облысы
20.07.2026 | 1083
347 984 - 368 664