Өзгерту (игеру) жоспарлау инженері
«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- тағайындалған актив бойынша барлық бағыттарда (геология және пласт, бұрғылау және аяқтау, игеру архитектурасы, технологиялық процесс, жерүсті қондырғылары, пайдалану қағидаттары, рұқсаттар және нормативтік сәйкестік, шығындарды бағалау, жоспарлау және экономикалық көрсеткіштер) КСУ НКОК Н.В. рәсімдерін, жергілікті шектеулерді, «PSA» ЖШС талаптарын және жергілікті нормаларды ескере отырып зерттеулерді үйлестіреді және орындайды;
- кен орындарын игеру жоспарларына сәйкес зерттеулердің кестесін дайындайды және орындайды;
- жұмыс бағдарламаларын және шығару жобалық құжаттаманы, сондай-ақ онымен байланысты бюджеттер мен жоспарларды дайындайды және келіседі;
- ұсынылатын игеру жоспарының қолданыстағы ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда кез келген ауытқуларды негіздейді;
- игеру бойынша зерттеулерді алдын ала зерттеулер кезеңінен бастап концепцияны таңдау кезеңіне дейін ілгерілету үшін кіріктірілген командаларды (жерүсті және геологиялық бағыттар бойынша) үйлестіреді және басқарады;
- зерттеулерді орындау үшін қажетті ұйымдастырушылық құрылымды құруға жәрдемдеседі;
- коммерциялық топпен, НКОК Н.В. жоғары басшылығымен, консорциум серіктестерімен, сыртқы мемлекеттік органдармен және министрліктермен өзара іс-қимылды үйлестіреді;
- Қашаған кен орнын игерудің тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлеу кезеңінде және игерудің басқа фазаларында алынған жинақталған білім мен тәжірибені зерттеулерде қолданады;
- жоспарлаудың тиімділігін арттыру үшін алдыңғы игеру кезеңдерінен алынған практикалық сабақтар мен табысты тәсілдерді пайдаланады;
- қолданылатын шешімдердің зерттеу нәтижелеріне әсерін бағалайды және қажет болған жағдайда тәсілдерді түзетеді;
- талдау жүргізу кезінде корпоративтік CMS стандарттарын және НКОК Н.В. үздік практикаларын қолдануды қамтамасыз етеді;
- басшылықтың нұсқауларына сәйкес бекітілген тапсырмалардың белгіленген мерзімдерде орындалуын ұйымдастырады;
- игеру бойынша зерттеулердің орындалу барысына және олардың белгіленген кестелері мен мақсаттарына сәйкестігіне бақылауды қамтамасыз етеді;
- жұмыстардың мәртебесі мен нәтижелері бойынша тұрақты есептерді дайындайды;
- зерттеулердің орындалу барысы туралы басшылық пен мүдделі тараптарды уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Талаптар:
- магистр дәрежесі немесе жобалау немесе геологиялық зерттеулер саласындағы баламалы кәсіби дәреже (оқу мерзімі – 5 жыл);
- өте қалаулы: ҚР-дағы және (немесе) Каспийдегі басқа жобалардағы алдыңғы тәжірибе мен жобалар бойынша білімнің болуы.
- өндіру және барлау бойынша әртүрлі аспектілерді жақсы білу, әсіресе өнімділікті бағалау және пластты игеру процесі
- жобаны дамыту процесін практикалық білу, соның ішінде жоспарлау, бюджеттеу, ресурстарды бөлу, есептілік, жобалық кезеңдерді орындау, бекіту және келісу, жобаны тапсыру;
Шарттар:
- Атырау қ.
- 5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар
Бас инженер-электрик (Senior Electrical Engineer) — КПО Б.В. компаниясына іссапарға/бекітіліп жіберу, 2027 жыл
«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
24.07.2026 | 516
Пайдалану инженері (Operations Engineer) — КПО Б.В. компаниясына іссапарға жіберу, 2027 жыл
«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
24.07.2026 | 614
Кешенді және айналмалы жабдықтар бойынша аға инженер (Senior Packaged and Rotating Equipment Engineer) — КПО Б.В. құрамына іссапарға жіберу (Прикомандирование дегенді “іссапарға жіберу” деп аударуға бола ма?)
«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
24.07.2026 | 306