Мұнай мен газды тасымалдау және маркетинг аудиті секторының жетекші аудиторы — Ішкі аудит қызметінің Операциялық аудиттер басқармасы
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.Білімге қойылатын талаптар:
- Кәсіндік бейіні бойынша жоғары кәсіби білім.
- Экономикалық және/немесе қаржылық және/немесе техникалық және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит.
Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін кәсіби салада немесе салаларда жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
- Кәсіби салада жұмыс тәжірибесі, ең дұрысы мұнай-газ саласында
- Кемінде 6 жыл; оның ішінде кемінде 5 жыл мұнай-газ саласында.
Міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
- Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын білу;
- Халықаралық ішкі аудит стандарттарын, рәсімдері мен әдістерін білу;
- Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін білу;
- Корпоративтік басқару қағидаттары мен үздік тәжірибелерін білу;
- Мошеншілік тәуекелдерін басқару және мүдделер қақтығысы саласындағы білім;
- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша;
- Салалық ерекшеліктерді білу: бухгалтерлік есеп, салық салу, шаруашылық және жер құқығы, экономикалық талдау және т. б.;
- Мұнай мен газды тасымалдау процестерін расталған түрде білу;
- Мұнай мен газды маркетинг, көтерме және бөлшек сауда саласындағы процестерді расталған түрде білу;
- ИСО 9001, 14001, 27001, OHSAS 18001 халықаралық стандарттарының негізгі талаптарын білу;
- Мұнай-газ саласы компанияларының қызмет ерекшеліктерін және негізгі бизнес-процестерін білу;
- Ағылшын тілін меңгеру (қалаулы), қазақ және/немесе орыс тілдерін білу.
- Аудиторлық тексерулер жүргізу, сондай-ақ мошеншілік фактілерін тергеу жүргізу дағдылары;
- Бизнес-процестерді және бақылау мен басқару жүйелерін талдау дағдылары;
- Үздік тәжірибелерге сәйкес бақылау рәсімдерін енгізу және оңтайландыру дағдылары;
- Аудиторлық рәсімдер процесінде автоматтандырылған әдістерді қолдану саласындағы дағдылар
- Құпия ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары.
Функционалдық міндеттер:
1. Мұнай мен газды тасымалдау және маркетинг саласындағы жоспарлы аудиторлық тексерулерді басқару 1.1. Аудиторлық тексерулерді орындау 1.1.1. Тексеруге бастама жасау, жоспарлау немесе дайындау • Тәуекел деңгейі төмен және орташа дәрежедегі мұнай мен газды тасымалдау және маркетинг саласындағы аудиторлық тапсырмаларға басшылықты жүзеге асырады; • аудиторлық тапсырманы жоспарлау бөлігінде аудиторлық тапсырма жетекшісіне жәрдемдеседі; аудиторлық тапсырманы әзірлеу үшін ақпаратты жинайды және талдайды; • аудит объектісін алдын ала зерттеу процесінде аудиторлық тапсырма жетекшісіне жәрдемдеседі; аудит объектісіне қатысты ақпарат пен құжаттарды жинайды және талдайды; • Компания басшылығы мен құрылымдық бөлімшелерінің аудит жүргізу туралы ұсыныстарын жинайды және талдайды; • жылдық аудиторлық жоспарға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар қалыптастырады; • аудит объектісін алдын ала зерттеу шеңберіндегі тапсырмаларды орындайды (бизнес-процестерді талдау, тәуекелдерді бағалау және т.б.); • кәсіпорынның ұйымдастырушылық және технологиялық ерекшеліктері, оның әрбір өндірістік қызмет түрінің мамандануы, ауқымы және құрылымы туралы ақпаратты жинайды және талдайды; • аудит объектісін алдын ала зерттеу нәтижелері бойынша материалдарды дайындайды; • аудиторлық тапсырманы жоспарлауға қатысады, оның ішінде аудиторлық техникалық секциялар бөлігінде аудиторлық рәсімдерді жоспарлау; • аудиторлық бағдарламаны әзірлейді, оның ішінде аудиторлық техникалық секциялар бөлігіндегі аудиторлық рәсімдерді;
• аудиторлық бағдарламаны құжаттамалық ресімдеуді жүзеге асырады, ол жоспарланған аудиторлық рәсімдердің мақсаттарын, мерзімдерін және көлемін айқындайды; • жоспарлау және аудитті ашу мәселелері бойынша аудит объектісімен талқылауларға және кездесулерге қатысады; • аудиторлық тапсырма жетекшісі тағайындаған кезде аудитті ашу және аудитті жабу мәселелері бойынша аудит объектісімен кездесулерді ұйымдастырады және оларға жетекшілік етеді.
1.1.2. Тексеру объектісінде жұмыстарды жүргізу • Аудиторлық бағдарламаны әзірлейді және Қызмет басшылығымен келіседі; • тапсырмалар жетекшілігі кезінде жобадағы аудиторлық топтың қызметін үйлестіреді; • бекітілген бағдарлама шеңберіндегі аудиторлық рәсімдердің міндеттерін орындайды, кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізуге қатысады; • аудиторлық рәсімдерді жүргізу барысында аудит объектісімен коммуникацияларға қатысады; • аудиторлық техникалық секцияларды орындайды, бақылау парақтарын дайындайды; • анықталған олқылықтардың себептері мен салдарын талдайды, оларды жою бойынша ұсынымдар әзірлейді; • анықталған олқылықтар мен ұсынылатын ұсынымдарды аудит объектісі басшылығымен және Қызмет жетекшісімен талқылауға және келісуге қатысады; • Қызмет басшылығын кейіннен хабардар ету үшін анықталған аудиторлық анықтамалар мен сәйкессіздік себептерін құжаттайды; • ағымдағы аудиторлық тапсырма барысында қажеттілік туындаған кезде қосымша аудиторлық тапсырмаға (жоспардан тыс) қатысады; • аудитті жабу бойынша аудит объектісімен талқылауларға қатысады; • аудиторлық тапсырма жетекшісі тағайындаған кезде аудитті жабу бойынша аудит объектісімен кездесулерді ұйымдастырады және оларға жетекшілік етеді; • «Самұрық-Қазына» АҚ-пен синергиялық аудиторлар жүргізу шеңберінде аудиторлық тапсырмаларды орындайды.
1.1.3. Аудиторлық есеп пен түзетуші іс-қимылдар жоспарын қалыптастыру • Аудиторлық техникалық секциялар бөлігінде есеп жобасын дайындауды жүзеге асырады; • аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша есептің түпкілікті нұсқасын басшылықпен және аудит объектісінің өкілдерімен келісу және талқылау процесіне қатысады. Талқылаулар мен келісулер негізінде аудит объектісі басшылығының түзетулері және/немесе түсіндірмелерін енгізеді; • есепті мүдделі тараптарға жібереді (атап айтқанда, оны Аудит жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне әрі қарай ұсыну үшін); • аудит объектісімен анықталған анықтамалар және ұсынылатын ұсынымдар бойынша талқылауларға қатысады; • қажетті стандарттарға сәйкес жұмыс құжаттамасын жасайды; • аудит объектісі түзетуші іс-қимылдар жоспарын әзірлеу процесіндегі талқылауларға қатысады; • ағымдағы тексерулер нәтижелері бойынша келесі жылға арналған аудиторлық жоспарға жаңа бағыттарды/процестерді енгізу туралы ұсыныстар енгізеді.
1.1.4. Ұсынымдардың орындалуын бақылау. • Анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсынымдарды іске асыру процесін сүйемелдейді, іске асыруды мониторингтейді, бизнес-бөлімшелерге сәйкессіздіктерді жоюдың бизнес ерекшелігін ескере отырып оңтайлы нұсқаларын анықтайды және ұсынады; • анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсынымдарды іске асыру шеңберінде Компанияның бизнес-бөлімшелеріне кәсіби консультациялар мен сараптамалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
1.2. Қызметтің қызметін мониторингтеу
1.2.1. Қызметкерлердің қызметін ішкі бағалау/Қызметтің қызметін сыртқы сапа бағалауынан өту • Қызметтің тиімділігін бағалау процесіне қатысады; • Қызмет функциясын жетілдіру мақсатында Қызмет басшылығынан берілген ұсынымдардың орындалу мәртебесі және/немесе сыртқы тексерулер нәтижелері бойынша ақпарат дайындайды; • Қызметтің қызметі туралы есептілікті қалыптастыру процесіне қатысады.
2. Басшылыққа консультациялық қолдау көрсету 2.1. Консультациялық қызмет көрсету • Тәуелсіз сарапшы ретінде КМГ-ның басқару органдары мен атқарушы органдарына кәсіби консультациялар мен сараптама беруге қатысады; • консультациялық қызметті тәуелсіз сарапшы ретінде көрсету процесінде Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен және басшылығымен талқылауларға және жұмыс кездесулеріне қатысады; • консультациялар нәтижелері бойынша есептерді дайындау процесіне жәрдемдеседі. 2.2. Мошеншілік жасау тәуекелін бағалау және мошеншілікті тергеуге қатысу • Компанияда мошеншілік жасау тәуекелін және оны басқару тиімділігін бағалауды жүзеге асырады; • аудиторлық тексерулер нәтижесінде анықталған мошеншілік және ұрлық фактілері туралы хабарлайды; • мошеншілікті тергеу бойынша ықтимал қызмет көрсетушілерге қатысты ақпаратты жинайды және талдайды; • тергеу жүргізу бойынша қызмет көрсетушімен шарт дайындауды жүзеге асырады; • мошеншілік тәуекелін бағалауға жәрдемдеседі; • тергеу бағдарламасын құрастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және қалыптастырады; • тергеу бағдарламасын орындауға қатысады; • тергеу жүргізу процесінде Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен және басшылығымен талқылауларға және жұмыс кездесулеріне қатысады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Басқа