"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС гидродинамикалық модельдеу департаменті гидродинамикалық модельдеу басқармасының жетекші инженері

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
229

   Конкурс туралы
Талаптар
Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары
Талап етілетін біліктілік
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) Геология және мұнай-газ кен орындарын игеру мамандықтары бойынша жоғары білім
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі Кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде гидродинамикалық модельдеу саласында тікелей кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе қызмет салаларында кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің болғаны жөн
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі жоқ
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
Қазақ тілін білу.
Мұнай және газ кен орындарын игерудің теориялық негіздері.
Қабаттардың жұмыс режимдері және мұнай бергіштікті арттыру әдістері.
Кен орындарын игеру жүйелері.
Гидродинамикалық модельдеудің негіздері және модельдерді құру кезеңдері.
Гидродинамикалық модельдердің түрлері (секторлық, толық ауқымды және т.б.).
Геологиялық-кәсіпшілік деректермен (ГИС, керн, ГДИС) жұмыс істеу қағидаттары.
Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету: Petrel RE, Eclipse, tNavigator, Intersect және т.б.
Геологиялық модельдеу негіздері.
Петрофизика және фациялық талдау негіздері.
Модельдерді тарихи деректерге бейімдеу қағидаттары.
Кен орындарын игеруді болжау негіздері.
Материалдық баланс және Decline Curve Analysis (DCA) әдістерінің қағидаттары.
Кен орындарын игеру және модельдеу саласындағы нормативтік құжаттар мен халықаралық стандарттар.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Гидродинамикалық модельдерді құру.
Бастапқы деректерді дайындау және модельге жүктеу.
Модельді инициализациялау және параметрлерін баптау.
Модельді тарихи деректерге бейімдеу.
Әртүрлі сценарийлер бойынша болжамдық есептеулер жүргізу.
Модельдеу нәтижелерін талдау және түсіндіру.
Техникалық есептерді және жобалық шешімдердің негіздемелерін дайындау.
Модельдеу және деректерді визуализациялау үшін кәсіби бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану.
Кен орындарын игеру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау.
Бір уақытта бірнеше жобамен жұмыс істеу.
Геологтармен, игеру жөніндегі инженерлермен, бұрғылау мамандарымен, КРС және басқа қызметтермен өзара іс-қимыл жасау.
Міндеттердің орындалу мерзімдерін сақтау және жұмысты жоспарлау.
Жұмыс нәтижелерін ішкі және сыртқы кеңестерде ұсыну.
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:
Мұнай-газ кен орындарының гидродинамикалық модельдерін (секторлық, жергілікті, толық ауқымды) құрады.
Модельдеу үшін бастапқы геологиялық-кәсіпшілік деректерді (ГДИС, ГИС және т.б.) жүйелейді және дайындайды.
Модельдерді инициализациялауды және сүзгілік-сыйымдылық пен фазалық параметрлерді баптауды жүргізеді.
Модельдерді кен орнын игерудің тарихи деректеріне бейімдеуді жүзеге асырады.
Кен орындарын игерудің болжамды сценарийлері бойынша есептеулер жүргізеді.
Модельдеу нәтижелерін талдайды және жобалық шешімдер бойынша негізделген ұсынымдар дайындайды.
Техникалық есептерді, түсіндірме жазбаларды және презентациялық материалдарды дайындауға қатысады.
Келіп түсетін деректерге сәйкес модельдердің өзектілігін қамтамасыз етеді.
Модельдерді құру және өзектендіру барысында геологтармен, петрофизиктермен, игеру, бұрғылау және өндіру жөніндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.
Мұнай бергіштікті арттыру әдістерін және кен орнын игеру жөніндегі өзге де іс-шараларды енгізудің тиімділігін бағалайды.
Инженерлер мен кіші мамандарға консультациялық көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда техникалық қолдау көрсетеді.
Құжаттаманың сапасы мен толықтығын, сондай-ақ оның ішкі және сыртқы стандарттардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Жұмыс нәтижелерін техникалық кеңестерде және жұмыс топтарында талқылауға және қорғауға қатысады.
Модельдеу үшін жаңа құралдар мен бағдарламалық шешімдерді таңдауға, сынақтан өткізуге және енгізуге қатысады.
Өзіне еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді орындайды.
Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды.
Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды.
Тікелей басшының Бөлімшенің қызметіне және қызметкердің еңбек функциясына қатысты өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ерекше шарттар: *
жоқ
Ескерту: **
жоқ

Анықтама:
* Сирек кездесетін мамандардың қажеттілігі және бос жұмыс орнының күрделілігі туралы ақпарат.
** Босатылған позиция туралы ақпарат (қызметкермен еңбек шартын бұзу, ұйымдық құрылымды өзгерту кезінде, оқу демалысы, жүктілік және босану бойынша демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс (ұзақ демалыс), зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкердің зейнетке шығуы және т. б.)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр