Коммуникация департаментінің бас менеджері

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
45

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  1. PR стратегияларын және коммуникациялық жоспарларды іске асыруға қатысады.
  2. Серіктестіктің ішкі және сыртқы коммуникациялар қызметін, сондай-ақ PR бөлімшесінің негізгі қызмет бағыттарын реттейтін әдіснамалық құжаттар мен регламенттерді әзірлеуді, оларға өзгерістер енгізуді және келісуді жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттік органдардың ақпараттық-идеологиялық блогымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады және қолдайды.
  4. Бұқаралық ақпарат құралдарымен және бейінді ұйымдармен өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастырады және дамытады.
  5. Ағымдағы коммуникациялық жұмысты жетілдіру және Қордың қолданыстағы әдіснамалық құжаттарын өзектендіру бойынша ұсынымдар әзірлейді.
  6. Бизнес-процестерді реинжинирингтеуге қатысады.
  7. Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Серіктестіктің ірі жобаларын коммуникациялық, имидждік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
  8. Серіктестіктің ақпараттық саясаты шеңберінде медиажобаларды іске асырады.
  9. Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізеді, медиа-есептерді дайындайды және ақпараттық кеңістікке талдау жүргізеді.
  10. Медиа және коммуникациялық қызметтер нарығындағы үрдістерге талдау жүргізеді.
  11. Ағымдағы коммуникациялық қызметті қаржылық қамтамасыз ету, коммуникациялық науқандарды іске асыруға қажетті ресурстарды жоспарлау және коммуникациялық жобалар бюджетінің игерілуіне бақылау жасау жөнінде ұсынымдар әзірлейді.
  12. Коммуникациялық қызметтер бюджетінің жобасын қалыптастырады, сатып алу рәсімдерінің жүргізілуіне және бюджеттің тиімді игерілуіне бақылау жасайды, Серіктестіктің, оның жобалары мен бастамаларының ішкі және сыртқы аудиториялар үшін позициялау тұжырымдамасында көзделген іс-шараларды іске асыруға қажетті ресурстарды айқындау үшін қаржылық есептеулер жүргізеді, коммуникациялық қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарына талдау жүргізеді.
  13. Дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша коммуникациялық ұстанымдарды әзірлейді және оларды түзету жөнінде ұсыныстар енгізеді.
  14. Атом электр станциясын салу бойынша экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алу мақсатында (жобалау алдындағы және жобалық материалдар бойынша) қоғамдық тыңдаулар өткізуге арналған материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ АЭС пайдалануға берілгеннен кейін экологиялық заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

  • журналистика немесе филология немесе халықаралық қатынастар немесе менеджмент бағыты бойынша жоғары білім;
  • стратегиялық коммуникациялар саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі, ірі инфрақұрылымдық, энергетикалық немесе квазимемлекеттік ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі құпталады.

Еңбек шарттары:

  • жұмыс кестесі: 5/2.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр